ВС РК - Постановление от 01.04.2025 по делу 6001-24-00-6ап/2726 (Административное)

№6001-24-00-6ап/2726 №6001-24-00-6ап/2726 (2) №6001-24-00-6ап/2726 (3)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 1 сәуір Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов, судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова болып, талап қоюшы Г.Т.Куандыкованың, өкілі Н.А.Ильясовтың, жауапкердің өкілі Ғ.Т.Кенжебековтің,

мүдделі тұлғалардың өкілдері Б.А.Шералиевтің, А.Б.Серікбайдың, С.А.Исаховтың, М.К.Менисбаевтың қатысуыларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшылар Галия Тунгышбаевна Куандыкова мен Ермек Абдурахманович Акишбековтің жауапкерлер Жетісай ауданы Асық ата кенті әкіміне (бұдан әрі – аудан әкімі) шешімдерді заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 және 31 шілдедегі қаулыларына талап қоюшылардың өкілдері С.У.Мусабековтың, Н.А.Ильясовтың келтірген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшылар жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Түркістан облысының Жетісай аудандық сотының 2024 жылғы 24 қаңтардағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.

Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті әкімінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы Б.К.Дилдабековаға сауда қатарын салу үшін берілген №281 шешімі заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылсын.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылған.

Сот алқасының 2024 жылғы 31 шілдедегі қаулысымен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.

Арызданушылар кассациялық шағымдарында апелляциялық сот алқасының іс бойынша материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, апелляциялық сот алқасы қаулыларының күшін жоюды сұраған.

Сот алқасы кассациялық шағым бойынша іс құжаттарын зерттеп, тараптардың пікірлерін тыңдап, төмендегідей тұжырымға келеді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктерге апелляциялық сот алқасымен жол берілмеген.

Соттармен анықталғандай, Е.А.Акишбековке аудан әкімінің 2002 жылғы 28 ақпандағы №40 шешімімен Асықата кенті, Б.Момышұлы көшесі участок №2 Б, жалпы ауданы 90 ш.м. кадастрлық №19-325-113-087 жер учаскесі сауда дүкенінің құрылысын салу үшін рәсімделген.

2023 жылғы 26 желтоқсандағы нотариалдық куәландырылған сыйға тарту шарты негізінде Е.А.Акишбеков жоғарыдағы жер учаскесін Г.Т.Куандыковаға сыйлаған, соңғының меншік құқықтары тіркелген.

Сонымен қатар, Б.К.Дилдабековаға әкімінің 2004 жылғы 21 шілдеде №103 шешімімен (бұдан әрі - №103 шешім) Асықата кенті, Б.Момышұлы көшесі бойынан жалпы ауданы 48,0 ш.м жер учаскесі жеке меншік құқығымен беріліп, осы шешімнің негізінде кадастрлық №19-288-172-266 және №19-288-172-267 екі сәйкестендіру құжаты жасалып, 2004 жылы 15 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткен.

Бұдан бөлек, Б.К.Дилдабековаға аудан әкімінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы №281 шешімімен (бұдан әрі - №281 шешім) Асықата кенті, Б.Момышұлы көшесі бойынан жалпы ауданы 48,0 ш.м жер учаскесі жеке меншік құқығымен, 2007 жылғы 31 қаңтарда кадастрлық №19-288-172487 сәйкестендіру құжаты қоса беріліп, 2007 жылғы 7 ақпанда мемлекеттік тіркеуден өткен.

Аудан әкімінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы №58 шешімімен, Б.Момышұлы көшесі (ұзындығы - 1 265 метр, ені - 12 метр, алаңы - 15 180 ш.м) тұрақты жер пайдалану құқығымен «Асықата кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің меншігіне бөліп берілген.

Талап қоюшылар Е.А.Акишбеков пен Г.Т.Куандыкова талап қоюда өздеріне жеке меншік құқығымен тиесілі Асықата кенті, Б.Момышұлы көшесі бойынан шағын дүкен құрылысы үшін берілген кадастрлық №19-325113-087 жер учаскесінің алдын, жауапкер Б.К.Дилдабекова жауып тастағанын, соның салдарынан құрылыс жұмыстарын жүргізе алмай, кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіріліп жатқанын, №103 және №281 санды шешімдері заң талаптарына қайшы қабылданғанын, себебі, сауда қатары жер учаскесі жолдың шетінен шығып, тас жолдың үстінде орналасқанын, жауапкер Б.К.Дилдабековаға №103 шешіммен берілген жер учаскесі екі жерден бөліп берілгенін, осы жерде талап қоюшы Е.А.Акишбековқа тиесілі жер телімі бар екені ескерілмегенін, қазіргі таңда кадастрлық №19-325-113087 жер учаскесінің алдынан да, жанынан да құрылыс алаңына кіретін жол жоқ екенін, жауапкер Б.К.Дилдабековаға берілген кадастрлық №19-288-172487 жер учаскесі талап қоюшының жер телімінің көше жақ бөлігін жауып, кадастрлық №19-288-172-487 жер учаскесі қызыл сызық аймағынан шығып, заңсыз орналастырылғанын көрсеткен.

Бірінші сатыдағы сот, талап қоюды ішінара қанағаттандырып, аудан әкімі жер учаскесін беру туралы заң талаптарды бұзып, талап қоюшылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын, оларға ауыртпалық түсіретін дұрыс емес №281 әкімшілік акт қабылдады деген тұжырымға келген.

Апелляциялық сот алқасы бұл тұжырыммен келіспей, келесі негіздер бойынша талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.

Заңды күшіне енген Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2021 жылғы 4 тамыздағы талап қоюшы Е.А.Акишбековтің жауапкерлер Б.К.Дильдабековаға, Д.Қ. Қамбарбековке, Түркістан облысының Жетісай ауданының әкіміне, Асықата кенті әкіміне, «Жетісай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не, «Жетісай аудандық жер қатынастар бөлімі» ММ-не, «Азаматтарға арналған КеАҚ Түркістан облысының филиалы Жетісай аудандық тіркеу және жер кадастр бөліміне» әкімнің шешімін, мемлекеттік актіні, жер учаскесін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану, тіркеуінің күшін жою туралы талап қою бойынша қабылданған шешімнің көшпелі сот отырысында Асықата кенті, Б.Момышұлы көшесі бойынан жалпы ауданы 48,06 га жер телімі Б.К.Дильдабековаға кадастрлық №19-325-113-176 санды мемлекеттік актісі рәсімделіп берілсе, ал оған жапсарласа орналасқан Е.Акишбековке жалпы ауданы 90.0 шаршы метр жер телімі кадастрлық №19-352-113-087 мемлекеттік акт берілгенін. Ал, осы Асықата кентінің Б.Момышұлы көшесінде орналасқан жолға қызыл сызық белгіленгенімен даулы болып отырған жер телімдері қызыл сызық аймағына кірмегенін және жер учаскелерін табыстау кезінде заң талаптары сақталғандықтан, аталған жер телімдерінде беттесулер жоқ екендігі көрсетілген.

Яғни, талап қоюшымен жауапкер арасындағы осы туындаған дау бойынша соңғының (жауапкер) әрекетінің дұрыстығына преюдициялық мән берілген. Жоғарыдағы көрсетілгендей, апелляциялық сот алқасымен талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы тұжырымы негізді болып саналады.

Кассациялық шағымдар өздерінің мазмұндары мен мәндері пікірлерде келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.

Бұл дәлелдемелерге апелляциялық сот алқасымен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.

Бұндай жағдайда, кассациялық шағымдарда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша соттарда анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.

Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.

ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 және 31 шілдедегі қаулылары күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшылардың өкілдері С.У.Мусабековтың, Н.А.Ильясовтың кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар

С. Баймаханов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова

Көшірмесі дұрыс. Судья

Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.