ҚАУЛЫ №6кг-4-19
2019 жылғы Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья А.Қыдырбаева,
судьялар М.Балкен, Б.Шермұхаметов,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Департаменті бөлімінің прокуроры Т[...],
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2018 жылғы 22 тамыздағы қаулысына Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығымен келіп түскен
В[...] (WANG YONGJIE) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 517-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
Іс құжаттарына сәйкес Қ[...] Республикасының азаматы В[...] (WANG YONGJIE) 2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасына келіп, осы жылғы 5 мамырда Ақтөбе қаласы ІІД көші-қон басқармасы қызметі оны Ақтөбе қаласы, [...] уақытша тіркеген.
Алайда, В[...] 2018 жылғы 6 мамырда Мұғалжар ауданы Жаңажол кен орнында орналасқан «М1[...]» ЖШС базасына келіп (вахталық қалашық), 2018 жылғы 26 шілдеге дейін сонда тұрған. Яғни, шетел азаматы бола тұра тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмаған.
Осыған байланысты В[...] қатысты ӘҚБтК-нің 517бабының 2-бөлігімен хаттама толтырылып, іс құжаттары сотқа жолданған.
Ақтөбе облысы, [...] сотының 2018 жылғы 2 тамыздағы қаулысымен В[...] ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.
Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2018 жылғы 22 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың қаулысы өзгертіліп, В[...] тағайындалған жазаның күші жойылған. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (60 125 теңге) әкімшілік айыппұл салынған.
Қазақстан Республикасы Бас прокуроры орынбасарының наразылығында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды ұсынады.
Наразылықтың дәлелдерін қолдаған прокурор Т[...] апелляциялық қаулысының күшін жою, істі қайта қарауға жолдау туралы қорытындысын тыңдап, алқа мынадай қорытындыға келді.
ӘҚБтК-нің 840-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот қаулысының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мынадай негіздер бар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; ӘҚБтК-дегі процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы; қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi.
Бұл наразылықта В[...] әрекеті дауланбайды, дегенмен облыстық соттың қаулысы заңсыз болғандықтан, мынадай негіздер бойынша бұзылуға жатады. Біріншіден, ӘҚБтК-нің 829-14-бабының 2- бөлігі мен 883-бабының 4-бөлігіне сәйкес шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысы шығарылған күнінен бастап заңды күшіне енеді және шетелдікті шығарып жіберуге негіз болып табылады.
ӘҚБтК-нің 829-14-бабы 2-бөлігінің 3-абзацына сәйкес шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысы шығарылған күнінен бастап заңды күшіне енеді.
Осыған байланысты, ӘҚБтК-нің 45-тарауына сәйкес мұндай санаттағы істер апелляциялық тәртіппен қаралмайды. Облыстық сот әкімшілік істі қарау соттылығының шегінен шығып, В[...] қатысты істі негізсіз қайта қараған. Бұл жағдай ӘҚБтК-нің 851-бабының 5- бөлігіне сәйкес кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады.
Апелляциялық сатыдағы сот процеске қатысушыларға сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатпен Жоғарғы Сотқа жүгіну құқықығын түсіндіріп, апелляциялық шағымды қараусыз қалдыруы тиіс болатын.
Қабылданған Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының қаулысы құқық нормаларын қолданудағы бірізділікті бұзатын жағдайға жатады.
ӘҚБтК-нің 840-бабының 3-тармақшасына сәйкес судьяның ӘҚБтКнің процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы қабылданған қаулының күшін жоюға не өзгертуге негіз болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабын басшылыққа алып, мамандандырылған сот алқасы,
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 2-бөлігінің В[...] (WANG YONGJIE) қатысты қабылданған Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2018 жылғы 22 тамыздағы қаулысының күші жойылсын.
В[...] (WANG YONGJIE) апелляциялық шағымы арызданушыға қараусыз қайтарылсын. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабына сәйкес В[...] (WANG YONGJIE) Ақтөбе облысы, [...] сотының 2018 жылғы 2 тамыздағы қаулысына кассациялық өтініш келтіруге құқығы түсіндірілсін.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығы ішінара қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші А. Қыдырбаева Судьялар М. Балкен Б. Шермұхаметов
Көшірмесі дұрыс. Судья Б. Шермұхаметов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.