Қ А У Л Ы
2026 жылғы 4 ақпан №6003-25-00-2к/4985 (2) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,
талап қоюшы Г.Нуралиева, талап қоюшының өкілі К.Бастыков, жауапкер О.Жакупбеков, жауапкерлердің өкілі Е.Мырзакулов және С.Адырбектің қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшылар Ерік Қуанышұлы Дархан мен Гульзира Аманкуловна Нуралиеваның жауапкерлер Ордабек Жандарбекович Жакупбековке, Имран Видадинович Мамедовке, Натаван Игорьевна Мамедоваға, Ислам Мухамедаминұлы Оңалбайға, Сидиха Жұмаханқызы Матайға сатып алу - сату келісім шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 маусымдағы қаулысына талап қоюшы Е.Дарханның кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшылар жоғарыда аталған талап қоюымен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 14 наурыздағы шешімімен талап қоюшы Е.Дарханның талап қоюы қанағаттандырылып, даулы үйге қатысты талап қоюшы Е.Дархан мен О.Жакупбеков арасындағы 2021 жылғы 19 сәуірдегі жеке нотариус Р.Тұңғышбаев куәландырған сатып алу-сату шарты, О.Жакупбеков пен И.Мамедов арасындағы 2022 жылғы 23 ақпандағы жеке нотариус А.Султанова куәландырған сатып алу-сату шарты және И.Мамедов пен И.Оңалбай арасындағы 2022 жылғы 7 қыркүйекте нотариус Е.Абуов куәландырған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған.
Жауапкерлер О.Жакупбеков, И.Мамедов, Н.Мамедова, И.Оңалбай және С.Матайдан талап қоюшы Е.Дарханның пайдасына үлестік түрде 203 692 теңге мемлекеттік баж және өкілінің көмегіне төлеген 500 000 теңге сот шығындары өндірілген.
Талап қоюшы Г.Нуралиеваның талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 маусымдағы қаулысымен сот шешімі өзгертілген.
Шешімнің талапты қанағаттандыру бөлігінің күші жойылып, осы
бөлігінде талап қоюшы Е.Дарханның жауапкерлер О.Жакупбековке, И.Мамедовке, Н.Мамедоваға, И.Оңалбайға, С.Матайға сатып алу-сату келісім шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған. Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Талап қоюшы Е.Дархан кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұраған. Шағымды тұрғын үйді сатып алу-сату туралы үш шартты кепілге беру мәмілесін бүркемелеу мақсатында жасалғаны, тұрғын үй талап қоюшының иелігінен шықпағанына байланысты талап қоюдың ескіру мерзімі қолданылмайтыны, шартта көрсетілген тұрғын үйдің құны оның нарықтық құнынан екі есе төмен екенімен негіздеген.
Тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, сот келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі –АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Апелляциялық сатыдағы сот мұндай заң бұзушылыққа жол бермеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 160бабы 1, 2-тармақтарына сәйкес оған тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп таниды.
Егер мәмiле екiншi бiр мәмiленi (қулықпен) бүркемелеу мақсатымен жасалса, тараптар шын мәнiнде ойлаған мәмiлеге қатысты ережелер қолданылады.
Талап қоюшы Е.Дарханға Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Шолохов көшесі, №42-үй мекенжайында кадастр №22-328-0125-042, көлемі 0,0540 га жер телімінде орналасқан тұрғын үй (бұдан әрі – даулы мүлік) өзі және сатушы И.Артыкходжаев арасындағы 2020 жылғы 6 тамыздағы №1110 сатып алу-сату шарты негізінде тиесілі болған.
2021 жылғы 19 сәуірде сатушы Е.Дархан мен сатып алушы О.Жакупбеков арасында тізілімде №466 тіркелген Шымкент қаласының нотариусы Р.Тұңғышбаевпен куәландырған даулы мүлікті 20 000 000 теңгеге сатып алу-сату шарты жасалған (бұдан әрі – даулы шарт №1).
2022 жылдың 22 ақпанында сатушы О.Жакупбеков пен сатып алушы И.Мамедов жұбайы Н.Мамедованың арасындағы келісімімен тізілімде №228 тіркелген Шымкент қаласының нотариусы А.Султановамен куәландырған даулы мүлікті 20 000 000 теңгеге сатып алу-сату шарты жасалған (бұдан әрі –
даулы шарт №2).
2022 жылдың 7 қыркүйегінде сатушы И.Мамедов пен сатып алушы И.Оңалбайдың жұбайы С.Матайдың арасындағы келісімімен тізілімде №3251 тіркелген Түркістан облысының нотариусы Е.Абуовпен куәландырған даулы мүлікті 19 500 000 теңгеге сатып алу-сату шарты жасалған (бұдан әрі – даулы шарт №3).
Талап қоюдың мәтіні бойынша даулы мәмілелер тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалғанын және кепілге беру мәмiленi бүркемелеу мақсатымен жасалғанымен негіздеген.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюшы Е.Дарханның даулы мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандыру туралы шешімінде даулы мәмілелер кепіл шартын бүркемелеу мақсатында, құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалғаны дәлелденгені жайлы тұжырым жасалған.
Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың талап қоюды қанағаттандыру бөлігінің қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келмейтініне және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанына байланысты осы бөлігінде шешімнің күшін жойып, талап қоюшы Е.Дарханның талап қоюын қанағаттандырусыз қалдырған.
Кассациялық сот апелляциялық сатыдағы соттың қорытындыларымен төмендегі негіздерге сәйкес келіседі.
Талап қоюшы Е.Дархан мен жауапкер О.Жакупбековтың арасындағы 2021 жылғы 19 сәуірдегі тұрғын үйді сатып-алу сату мәмілесі кепіл шартын бүркемелеу мақсатында немесе құқықтық салдарлар тудыру ниетінсіз жасалғанына талап қоюшы жеткілікті дәлелдемелер ұсынбаған.
2023 жылғы 21 тамызда заңды күшіне енген Шымкент қаласы ӘлФараби аудандық сотының 2023 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен осы іс бойынша тараптардың арасындағы жасалған мәмілелерді алдау, құқықтық салдар тудыру ниетінсіз жасағаны негіздермен жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.
АПК-нің 76-бабы 2-бөлігіне сәйкес соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен немесе қаулысымен анықталған мәнжайлар сот үшін міндетті. Мұндай мән-жайлар тап сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді талқылау кезінде қайта дәлелденбейді.
Осыған байланысты апелляциялық сатыдағы сот талап қоюдың көрсетілген негіздері бойынша мән-жайлар қайта дәлелденбейтіні туралы дұрыс тұжырым жасаған.
АПК-нің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес тек соттың қылмыстық іс бойынша заңды күшіне енген, талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі өзіне қатысты сот үкімі шығарылған адам әрекеттерінің азаматтыққұқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне
енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қарайтын сот үшін осы іс- әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша да, сондай-ақ үкіммен белгіленген басқа да мән-жайларға жәнеолардың құқықтық бағасына қатысты міндетті.
Талап қоюшы тарап жауапкерлердің даулы мәмілелерді алдау ықпалымен жасалғанын бекітетін сот үкімін, қаулысын немесе қылмысты құдалау органының қаулысын дәлелдеме ретінде ұсынбаған.
Сонымен қатар, талап қоюшы жоғарыда көрсетілген мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюды сотқа 2024 жылғы 3 желтоқсанда берген.
Жауапкерлер іс бойынша сот шешімі шығарғанға дейін 2025 жылғы 28 қаңтарда талап қою мерзімін қолдануды сұраған.
АК-нің 179-бабы 3-тармағына сәйкес талап қойғанға дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз болады.
Тараптардың арасында сатып алу-сату мәмілесі жасалып, құқықтары тіркелген жағдайда сатушы жылжымайтын мүлікті иелену құқығынан айырылады. Сондықтан, бірінші сатыдағы соттың АК-нің 187-бабы 4) тармағын негізінде осы іс қатысты анықталған мән-жайлар бойынша талап қою мерзімі қолданылмайтыны туралы тұжырымын негізсіз деп санайды. Бірінші мәміле бойынша талап қою мерзімінің ескіруі қолданылғандықтан, одан кейін жасалған мәмілелер заңды мәмілелер балып саналады.
Апелляциялық сатыдағы сотпен талап қоюшы мәлімдеген талаптары шегінде процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды. Шағымның уəждері сот алқасының қаулысын күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды.
Сондықтан қаулы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 маусымдағы қаулысы күшінде, талап қоюшы Е.Дарханның кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Г.Бастаубаев А.Даненова
Төрағалық етуші судья
Судьялар
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.