ВС РК - Определение от 25.12.2024 по делу 6001-23-00-3ГП/503 (Гражданское)

6001-23-00-3ГП/503

ҰЙҒАРЫМ

2024 жылғы 25 желтоқсан

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші Н.К.Шәріповтің,

судьялар М.Ж.Бектұрғановтың, А.С.Савинованың,

мүдделі тұлға «Е[...]» шаруа қожалығының (бұдан әрі - ШҚ) өкілі - Б[...],

арыз берушінің өкілі М[...] қатысуымен,

ашық сот отырысында мобильді бейне-байланыс құрылғысы арқылы арыз беруші С[...] мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық сотының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы шешімін және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 наурыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы мүдделі тұлға «Е[...]» ШҚ-ның басшысы Б[...] өтінішхаты бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

С[...] сотқа аталған арызбен жүгінген.

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 наурыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта арызданушы жергілікті соттардың қабылдаған шешімдерімен келіспей, тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған. Сот отырысына тараптар бейнеконференцбайланысы арқылы қатысу туралы өтініш білдірген болатын.

Алайда қосылу кезінде техникалық ақаулар туындап, жоспарланған сот отырысын өткізуде кедергі туындады, сол себепті тараптарды кассациялық сот отырысына шақырту үшін, істі қарауды кейінге қалдырылсын.

АПК-нің 198-бабын басшылыққа алып, сот алқасы

ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық сотының 2023

жылғы 12 желтоқсандағы шешімін және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 наурыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы мүдделі тұлға «Е[...]» ШҚныңбасшысы Б[...] өтінішхатын қарау кейінге қалдырылсын.

Сот отырысының күні мен уақыты туралы сот отырысына қатысушыларға қосымша хабарлансын.

Төрағалық етуші Н. Шәріпов

Судьялар А. Савинова

М. Бектұрғанов

Көшірмесі дұрыс Судья М. Бектұрғанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.