Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление (дополнительное) от 06.04.2026 по делу 6003-25-00-2к/4901(2) (Гражданское)

№6003-25-00-2к/4901(2)

Қ О С Ы М Ш А Қ А У Л Ы

2026 жылғы 6 сәуір Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, судьялар А.К.Есдаулетов, Н.Б.Ормаханов болып, аудармашы Г.Н.Нурланованың, талап қоюшы өкілі С.И.Далабаевтың,

жауапкерлер өкілі Н.А.Есенкуловтың қатысуларымен, ашық сот отырысында бейне-байланыс құрылғысы арқылы талап қоюшы «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жауапкерлер Айгуль Куанышбаевна Сариеваға, Әсел Қайыржанқызы Жаңбырбаеваға, Әсемгүл Талғатқызы Жұбанышқалиеваға, Акнур Сырымовна Ажигалиеваға, Зарина Нурмухамбетовна Коптлеуоваға, Баян Қайратқызы Еркіноваға, Женискуль Алтынбековна Жалгасоваға, Андрей Павлович Примаковқа, Гулнур Туленовна Жусибалиеваға, Сандигул Акимжановна Мухиеваға, Мира Биназаровна Коныроваға, Маншук Умирсериковна Уразалинаға, Айгерим Салимгереевна Габбасоваға, Ералы Кадирович Уахитовқа, Болат Маратович Акимовқа, Жомарт Асанұлы Асанға, Карлыгаш Исатаевна Ниетоваға, Гулнур Талдыбаевна Утебасоваға, Румия Бабатаевна Казмухановаға негізсіз төленген үстемақыларды қайтару туралы электрондық азаматтық ісі бойынша жауапкерлер өкілдерінің қосымша қаулы шығаруды сұраған арызын қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) сотқа талап қоюмен жүгініп, онда жауапкерлердің ұлттық біліктілік тестілеуден өтпегендері, олардың тестілеу сертификаттары расталмай, жалғандығы анықталғандықтан А.К.Сариевадан 2 761 915 теңге, Е.К.Уахитовтен 1 814 979 теңге, Б.М.Акимовтен 1 270 579 теңге, К.И.Ниетовадан 1 160 132 теңге, Г.Т.Утебасовадан 1 027 552 теңге, Ж.А.Асаннан 2 502 479 теңге, А.С.Габбасовадан 2 869 851 теңге, Р.Б.Казмухановадан 3 357 148 теңге, Ә.Қ.Жаңбырбаевадан 791 253 теңге, Ә.Т.Жұбанышқалиевадан 1 826 257 теңге, А.С.Ажигалиевадан 1 719 756 теңге, З.Н.Коптлеуовадан 1 008 407 теңге, Б.Қ.Еркіновадан 1 704 661 теңге, Ж.А.Жалгасовадан 2 639 126 теңге, А.П.Примаковтан 2 520 199 теңге, Г.Т.Жусибалиевадан 1 681 843 теңге, С.А.Мухиевадан 2 532 287 теңге, М.Б.Коныровадан 1 986 765 теңге, М.У.Уразалинадан 2 198 946 теңге негізсіз төленген ұстемақыларды өндіруді сұраған.

Темір аудандық сотының 2025 жылғы 25 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылып, жауапкерлер А.К.Сариеваға, Ж.А.Жалгасоваға, З.Н.Коптлеуоваға, А.С.Ажигалиеваға, М.У.Уразалинаға, Б.Қ.Еркіноваға, Г.У.Жусибалиеваға, А.П.Примаковқа өкілдің көмегіне ақы

төлеуге байланысты және өкілге сенімхат рәсімдеуге жұмсалған сот шығындары Бөлімнен өндірілген.

Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қазандағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Сот шешімінен жауапкерлердің пайдасына Бөлімнен сот шығындарын өндіру жөніндегі бөлігі алып тасталған.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының 2026 жылғы 16 наурыздағы қаулысымен Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қазандағы қаулысы мен ұйғарымы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылған. Сот шығындары бөлініп, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінен талап қоюшы Ж.А.Жалгасованың пайдасына 35 000 теңге, С.А.Мухиеваның пайдасына 35 000 теңге кассациялық сотта өкілдің көмегіне ақы төлеуге байланысты шығындары өндірілген.

Жауапкерлер өкілі арызында іс бойынша М.У.Уразалинаның, А.С.Ажигалиеваның, Ә.Қ.Жаңбырбаеваның, Г.Т.Жусибалиеваның, А.П.Примаковтың, А.К.Сариеваның пайдасына сот шығындарын өндіру туралы қосымша қаулы шығаруды сұраған.

Кассациялық сот істегі бар дәлелдемелерді зерттеп, сотқа қатысушылардың пікірлерін тыңдап, төмендегідей тұжырымға келді.

АПК-тің 452-бабының 2-бөлігіне сәйкес, кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 235 және 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға, кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарған қаулыны түсiндiруге құқылы, бұл туралы ұйғарым шығарылады, ал осы Кодекстің 236бабында көзделген жағдайда және тәртіппен қосымша қаулы шығарылады.

АПК-тің 236-бабының 1-бөлігінің 3) тармағының талабы бойынша, іс бойынша шешiм шығарған сот iске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша егер сот шығыстары туралы мәселенi сот шешпесе қосымша шешiм шығара алады.

«Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 Нормативтік қаулысының 14-тармағына сай, өкілдің көмегіне ақы төлеу шығыстарын өндіру туралы талаптар мәлімделуі мүмкін және шешім шығарылғанға дейін нақты іс бойынша соттың қарауына жатады.

Өкілдің көмегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарын өндіру туралы талап жауапкер өкілімен 2025 жылғы 27 желтоқсанда мәлімделген, сот шығындарының мөлшері АПК-тің 113-бабына сәйкес талап қою бағасының 10% аспаған.

Дегенмен, кассациялық сатыдағы соттың қаулысымен АПК-тің 109, 113бабының талаптарына сәйкес жауапкерлер Ж.А.Жалгасова мен С.А.Мухиеваға іс бойынша кассациялық сатыдағы сотта өкілдің көмегіне ақы төлеуге қатысты шығындары Бөлімнен қайтарылып, қалған арызда көрсетілген жауапкерлерге аталған сот шығындары қайтарылмаған.

Жауапкерлер А.К.Сариева, Ж.А.Жалгасова, З.Н.Коптлеуова, А.С.Ажигалиева, М.У.Уразалина, Б.Қ.Еркінова, Г.У.Жусибалиева, А.П.Примаковтың кассациялық сатыдағы сотта өкілдің көмегіне ақы төлеуге байланысты шығындары іске тіркелген заң көмегін көрсету туралы шарттарымен және соған сәйкес жасалған төлем түбіртектерімен расталған.

Осыған байланысты жауапкерлер өкілінің арызы қанағаттандырылып, сот шығындары бөлімнен алып берілуге жатады.

АПК-нің 452-бабының 2-бөлігін, 453-бабын басшылыққа алып, кассациялық сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Жауапкерлер өкілдерінің қосымша қаулы шығаруды сұраған арызы қанағаттандырылсын.

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінен талап қоюшы Маншук Умирсериковна Уразалинаның пайдасына 35 000 (отыз бес мың) теңге, Акнур Сырымовна Ажигалиеваның пайдасына 35 000 (отыз бес мың) теңге, Әсел Қайыржанқызы Жаңбырбаеваның пайдасына 70 000 (жетпіс мың) теңге, Гулнур Туленовна Жусибалиеваның пайдасына 35 000 (отыз бес мың) теңге, Андрей Павлович Примаковтың пайдасына 35 000 (отыз бес мың) теңге, Айгуль Куанышбаевна Сариеваның пайдасына 35 000 (отыз бес мың) теңге кассациялық сотта өкілдің көмегіне ақы төлеуге байланысты шығындары өндірілсін.

Төрағалық етуші Г.Джаппарова

Судьялар А.Есдаулетов

Н.Ормаханов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.