ВС РК - Постановление от 04.06.2024 по делу 6001-23-00-6ап/3041 (Административное)

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 04 маусым 6001-23-00-6ап/3041 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы Ғ.Ө.Әлжанов,

судьялар –Ж.Б.Ермағамбетова, Б.Т.Нажмиденов болып,

жауапкер өкілі «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Б[...],

«№135 Т[...] атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ж[...],

мүдделі түлға Б[...] және оның өкілдері А[...], Б[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы А[...] жауапкерлер «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Білім бөлімі) ,«№135 Т[...] атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-№135 орта мектеп) қойған педагогтың бос лауазымына кандидаттарды қабылдау комиссиясының 2022 жылғы 11 қазандағы хаттамасын, 2022 жылғы 5 қыркүйектегі апелляциялық комиссия хаттамасын заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшы А[...] келтірген кассациялық шағымы келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

А[...] сотқа жауапкерлер «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «№135 Т[...] атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қойған педагогтың бос лауазымына кандидаттарды қабылдау комиссиясының 2022 жылғы 11 қазандағы хаттамасын, 2022 жылғы 5 қыркүйектегі апелляциялық комиссия хаттамасын заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қою арызымен жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 21 сәуірдегі шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылған.

Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің жанынан құрылған апелляциялық комиссиясының 2022 жылғы 5 қыркүйектегі №1 хаттамалық шешімі заңсыз деп танылып, күші жойылған. «№135 Т[...] атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттарды қарау комиссиясының 2022 жылғы 11 қазандағы №3 хаттамалық шешімі заңсыз деп танылып күші жойылған.

«№135 Т[...] атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттарды қарау комиссиясының 2022 жылғы 15 қыркүйектегі №2 хаттамалық шешімінің күші жойылған.

«№135 Т[...] атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Б[...] жұмысқа қабылдау туралы 2022 жылғы 11 қазандағы №95-ЖҚ бұйрығының, А[...] еңбек шартын тоқтату туралы 2022 жылғы 11 қазандағы №94-ЖҚ және оған өзгеріс енгізу туралы 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №113-ЖҚ бұйрықтарының күші жойылған. Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 2023 жылғы 26 26 қыркүйектегі қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, әкімшілік талап қою кері қайтарылған. Талап қоюшы кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 2023 жылғы 26 26 қыркүйектегі қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, әкімшілік талап қою кері қайтарылған.

Тараптардың пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актісінің күші жойылуға жатады деген қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Осы іс бойынша апелляциялық сатыдағы сотымен аталған заң бұзушылықтарға жол берілген.

Іс материалдарына қарағанда «№135 Т[...] атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог ұйымдастырушы бос лауазымына конкурс жарияланған.

Конкурсқа қатысуға талап қоюшы А[...] пен мүдделі тұлға Б[...] өтініш беріп, құжаттарын ұсынған.

«№135 Т[...] атындағы орта мектебі» КММ-нің педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттарды қарау комиссиясымен А[...] 11 балл, Б[...] 9 балл беріліп, 2022 жылғы 29 тамыздағы №1 хаттамалық шешімімен А[...] жеңімпаз деп танылған.

2022 жылғы 31 тамыздағы №76-ЖҚ бұйрығымен А[...] бастапқы әскери және технологиялық даярлығының оқытушы ұйымдастырушы болып жұмысқа қабылданған.

2022 жылғы 1 қыркүйекте Б[...] конкурс комиссиясының 2022 жылғы 29 тамыздағы №1 хаттамалық шешімін Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы апелляциялық комиссиясына даулаған.

Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы апелляциялық комиссиясының 2022 жылғы 5 қыркүйектегі №1 хаттамасымен апелляциялық комиссияның бағалау парағы конкурстық комиссияға қайта қарауға және шешім қабылдауға ұсынылып, қаулыдан туындаған шараларды нормативтікқұқықтық актілерге сәйкес орындау мектеп директорына тапсырылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге қаулы етілген.

Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы апелляциялық комиссиясының 2022 жылғы 5 қыркүйектегі бағалау парақтарымен Б[...] 15 балл, А[...] 13 балл берілген.

2022 жылғы 15 қыркүйектегі №2 хаттамалық шешімімен «№135 Т[...] атындағы орта мектебі» КММ-нің конкурс комиссиясы 2022 жылғы 29 тамыздағы №1 хаттамалық шешімін өзгеріссіз қалдырған. Бағалау парақтары бойынша комиссия А[...] 16 балл, Б[...] 15 балл берген.

2022 жылғы 16 қыркүйекте Б[...] Қызылорда облысының білім басқармасына және Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне шығамданған. Ол шағымдар бұл органдармен шешу үшін Сырдария ауданы бойынша білім бөліміне жолданған.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылғы 8 қазандағы №ЖТ-2022-02381603 хатымен Б[...] түсіндірме беріп, педагогтың бос лауазымына кандидаттың алдыңғы жұмыс орны педагогика мамандығы бойынша болмаса ескерілмейтінін көрсеткен.

Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы 2022 жылғы 11 қазандағы №01-18/3309 хатымен №135 Т[...] атындағы орта мектеп директорына жоғарыда аталған 2022 жылғы 8 қазандағы №ЖТ-[...] хатына сілтеме жасап, 2022 жылғы 15 қыркүйектегі комиссияның хаттамалық шешімін қайта қарауды тапсырған. 2022 жылғы 11 қазандағы № 3 хаттамалық шешіммен «№135 Т[...] атындағы орта мектебі» КММ-нің конкурстық комиссиясы өзінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі шешімінің күшін жойып, конкурс жеңімпазы ретінде Б[...] ұсынған. Комиссия бұл отырыста А[...] 13 балл, ал Б[...] 15 балл беріген.

№135 Т[...] атындағы орта мектеп директоры конкурс комиссиясының осы хаттамалық шешімінің, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 8 қазандағы №ЖТ-2022-02381603 хатының және

Сырдария ауданы бойынша білім бөлімі басшысының 2022 жылғы 11 қазандағы №01-18/3309 хатының негізінде, 2022 жылғы 11 қазандағы №94ЖҚ бұйрығымен А[...] жасалған еңбек шартын тоқтатқан.

Сонымен қатар, осы құжаттардың негізінде, 2022 жылғы 11 қазандағы №95-ЖҚ бұйрықпен Б[...] бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог ұйымдастырушысы болып жұмысқа қабылданған.

Қызылорда облысының бақылау бақсқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы №178 бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасы орындауға түсуіне байланысты, 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №113-ЖҚ бұйрығымен №94-ЖҚ бұйрығына өзгерістер енгізілген. Комиссияның 2022 жылғы 29 тамыздағы №1 және 15 қыркүйектегі №2 хаттамаларының күші жойылып, А[...] жасалған еңбек шарты 12 қазаннан бастап тоқтатылсын деп өзгертілген.

Бірінші сатыдағы сот талап қою арызды қанағаттандырып мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидасына сай педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттарды қарау комиссиясының шешімдерін бұзу, қортындыларын қайта қарауға жолдау талаптары бойынша тек жоғары тұрған апелляциялық комиссияның немесе сот шешімі негізінде ғана белгіленеді деп негіздеген.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың мұндай тұжырымымен келіспей, өз шешімін жоғарыда аталған бұйрықтар еңбек қатынастарын туындалған, жұмыс берушінің жеке-дара актілері болып табылады, және олардың заңдылығына құқықтық баға азаматтық іс шеңберінде беріледі деп тұжырымдаған.

Апелляциялық сатыдағы сотының тұжырымдары негізсіз, іс бойынша анықталған мән-жайларға сәйкес келмейді.

ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес, әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.

Жария-құқықтық қатынастар - құқық субъектілері арасындағы қатысушылардың бірінің мемлекеттік билік өкілеттіктерін басқаларға жүргізуіне байланысты туындайтын қатынастар болып табылады.

Педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттарды қайта қарау комиссиясы әкімшілік орган болып табылады. Яғни талап қоюшының талаптары жария-құқықтық қатынастардан туындайды.

Осылайша, апелляциялық сатыдағы соттың іс үшін маңызы бар мәнжайларды жан-жақты, толық және объективті анықтауға жеткілікті шаралар қабылдаған жоқ, материалдық және іс жүргізу құқығының нормалары дұрыс қолдамаған.

Көрсетілген бұзушылықтар елеулі, бұл істі мәні бойынша апелляциялық сатыдағы сотқа қарау үшін жібере отырып, даулы сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Жаңа қарау кезінде сот жоғарыда аталған кемшіліктерді жойып, тараптар ұсынған дәлелдемелер мен тараптардың дәлелдерін мұқият зерттеп, қолдануға жататын материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларына сәйкес дауды шешуі керек.

Апелляциялық сатыдағы сот жол берген бұзушылықтар елеулі болып табылатынын және кассациялық іс жүргізу шеңберінде жойыла алмайтынын назарға ала отырып, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы істі апелляциялық сатыдағы соттың жаңа қарауына жібере отырып, күші жоюға жатады.

Апелляциялық сатыдағы сот жаңа қараған кезде дауды мәні бойынша қарауы, оның мән-жайларына тиісті құқықтық баға беруі және белгіленгеніне байланысты объективті шешім шығаруы тиіс.

ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысының күші жойылсын.

Іс Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауына жолдансын.

Талап қоюшы А[...] келтірген кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

Ғ. Әлжанов

Ж.Ермағамбетова

Судьялар

Б.Нажмиденов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.