ҚАУЛЫ
2025 жылғы 11 тамыз 6003-25-00-4к/185 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші – судья Д.Ә.Әбдіғалиев,
судьялар – М.А.Қасымов, Г.М.Ыдырысова,
ашық сот отырысында талап қоюшы Рахила Данышпанқызы Байсарының жауапкер Түркістан облысының атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы (бұдан әрі – ЖСО) Галымжан Сулеименович Егембердиевке алимент берешегін анықтау туралы қаулының күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы шешімі мен жеке ұйғарымына, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысы мен ұйғарымына жауапкер жеке сот орындаушысы Г.С.Егембердиевтің берген кассациялық шағымы бойынша әкімшілік ісін қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
О.Д.Байсары атқарушылық іс жүргізуде өндіріп алушы бола тұра, сот орындаушысы борышкер ұсынған мәліметтерді тексермей, қарыз сомасын заңсыз қысқартқанын көрсетіп, ЖСО Г.С.Егембердиевке алимент бойынша берешекті есептеу туралы ұйғарымның күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылып, сот орындаушысының шағымданған қаулысының күші жойылды. Сот орындаушысына қатысты жеке ұйғарым шығарылды. Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 30 желтоқсандағыжылғы 30 желтоқсандағы 30 желтоқсандағыжелтоқсандағы қаулысымен және ұйғарымымен соттың 2024 2024 жылғы 28 қарашадағы 28 қарашадағықарашадағы шешімі мен жеке ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылды. ЖСО Г.С.Егембердиев кассациялық шағымында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуын, сот қорытындыларының істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсете отырып, шығарылған сот актілерінің күшін жоюды және талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұрады.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 30 желтоқсандағыжылғы 30 желтоқсандағы 30 желтоқсандағыжелтоқсандағы қаулысымен және ұйғарымымен соттың 2024 2024 жылғы 28 қарашадағы 28 қарашадағықарашадағы шешімі мен жеке ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кассациялық шағым беру және және кассациялық
сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларымен айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес АПК-нің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер АПК-нің 427-бабында көзделген, заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзылуы болып табылады.
Мұндай заңбұзушылықтарға соттар жол берген жоқ.
Іс материалдарынан белгілі болғандай, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2013 жылғы 23 қазандағы қаулысымен Ж.У.Тенлибаевтаң О.Д.Байсарының пайдасына кәмелетке толмаған 2011 жылы туған қызы Нұрсаяға 2013 жылғы 21 қазаннан бастап кәмелеттік жасқа толғанға дейін айлық табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндіруге міндеттелді.
Атқарушылық іс жүргізу 2015 жылғы 28 қазанда қозғалды.
2021 жылдың 23 желтоқсанда сот орындаушысы А.Рыскелдиев 2018 жылдың 4 тоқсанынан 2021 жылдың желтоқсан айына дейінге аралықта 3 310 236 теңге көлеміндегі алимент бойынша берешекті анықтады. 2022 жылғы 1 наурызында сот орындаушысы Н.Құттыбаев 2021 жылдың 1 желтоқсанынан 2022 жылдың ақпанына дейінгі мерзімге 201 861 теңге мөлшерінде алимент берешегін, барлығы бұрынғы берешекті есепке ала отырып – 3 512 097, 75 теңге мөлшерінде алимент берешегін анықтады.
2023 жылғы 14 ақпанында Н.Құттыбаев 2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта 851 385 теңге мөлшерінде қарызды анықтап, нәтижесінде 4 363 483 теңгені құраған. Борышкер Түркістан қаласында тіркелуіне байланысты 2023 жылғы 16 ақпанда атқару өндірісі Түркістан облысы бойынша жеке сот орындаушылар Палатасына берілді.
2023 жылғы 23 ақпанында ЖСО Г.Егембердиев жаңа атқарушылық іс қозғады.
2024 жылғы 19 ақпандағы қаулысымен ЖСО Г.Егембердиев 2023 жылдың 11 айына және 2024 жылдың 1 айына алимент бойынша берешегі 1 035 150 теңге және жалпы берешегі – 5 398 633 теңгені анықтады.
Алайда, 2024 жылдың 15 мамырында Г.Егембердиев борышкер ұсынған жаңа мәліметтерге сүйене отырып, бұрынғы қаулысының күшін жойып, қарызды қайта есептеп, 3 108 068 теңгені анықтады.
Талап қоюшы сот орындаушысы борышкердің жұмыс берушілерінің анықтамалары негізінде алименттерді есептеген кезде салық органдары арқылы мәліметтерді тексермегенін және 2024 жылғы 15 мамырдағы қаулыны заңсыз деп жоюды талап еткенін көрсетеді. Іс материалдарында борышкердің кірісі расталмай, қарыз бірнеше рет қайта есептелгені көрсетілген.
2024 жылдың 29 сәуірінде борышкер Тенлибаев ЖК «Боранбаев» пен ЖК «Sauran Plast» жалақы анықтамаларын ұсына отырып, қайта есептеуге өтініш берген. Солардың негізінде Егембердиев қарыз сомасын азайтты
Бұл ретте, аталған анықтамалар бойынша міндетті зейнетақы жарналары 2024 жылдың сәуір айында бүкіл 2021 және 2022 жылдарға біржолғы аударылған, бұл «Қазпошта» АҚ түбіртектерімен расталады. 2023 жылдың ақпанында атқару өндірісі қозғалғанына қарамастан, ЖСО 2024 жылдың мамыр айында зейнетақы жарналары туралы деректерді ғана сұратып, бұл мерзімдерді бұзып, талап қоюшы мен кәмелетке толмаған баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етпеді.
2024 жылғы 19 қарашадағы ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде зейнетақы жарналары жүргізілмеген, бұл ресми кірістің жоқтығын көрсетеді. Бұл борышкердің көрсетілген мерзімде нақты жұмыс істемегенін және осы айлардағы алимент төлемдері Қазақстан Республикасындағы орташа жалақы бойынша есепке алынуға жататынын көрсетеді. Осылайша, 2021 жылға, 2022 жылға және 2023 жылдың қаңтар – қыркүйек айларына берешекті есептеу кезінде ЖСО Г.Егембердие Қазақстан Республикасындағы орташа жалақыға сүйенуге мәжбүр болды, ол орындалмаған.
Көрсетілген заң бұзушылықтардың бар екендігін анықтай отырып, бірінші сатыдағы сот 2024 жылғы 15 мамырдағы берешекті айқындау туралы қаулыны заңды және негізді түрде, заңсыз деп танып, ЖСО қатысты жеке ұйғарым шығарды. Апелляциялық сот алқасы сот шешімі мен жеке ұйғарымды өзгеріссіз қалдырды.
Іс материалдарын және кассациялық шағымның дәлелдерін зерделей отырып, кассациялық сатыдағы сот дауланған сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз таппайды.
Шағымда ЖСО «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабының талаптарына сәйкес жұмыс берушілерден алынған анықтамалар негізінде берешекті анықтағанын көрсетеді. Ол жұмыс берушілердің анықтамаларын қайта тексеруге міндетті емес деп санайды; сот аталған еңбек қызмету туралы анықтамаларды берген тұлғалардан, атап айтқанда Т.Н.Боранбаевтан жауап алуы керек еді, бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.
Келтірілген дәлелдер заңға негізделмеген.
Заңның 93-бабына сәйкес борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты орындау кезінде, бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, сондай-ақ борышкердің мүлкі
болмаған немесе өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда басқа да өндіріп алу бойынша қолданылады.
Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен өндiрiп алынған кезде сот орындаушысы осы Заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады, онда берiлген сома толық өндiрiп алынғанға дейiн ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиiс екендiгi көрсетiледi және аумақтық бөлімнің не жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған атқарушылық құжаттың көшірмесімен бірге оны орындау үшiн борышкер еңбек қатынастарында тұрған жұмыс берушiге немесе борышкер одан кіріс алатын тұлғаға жiбередi.
Сот орындаушысы борышкердiң жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақтылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндiрiп алушыға уақытында жiберiлуiне бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға мiндеттi.
Осылайша, Заңның 93-бабының мазмұнынан ол алименттерді алушыға ұстаудың және аударылуының дұрыстылығы мен уақтылы жүргізілуін бақылауды ЖСО тікелей міндеттейді. Бұл императивті норма (орындауға міндетті) және талап қоюшының арыз беруіне байланысты емес.
Кассациялық сатыдағы сот жеке ұйғарым іс жүргізу заңнамасының талаптарын сақтай отырып, АПК-нің 270-бабында көзделген негіздер болған жағдайда, соттың құзыреті шегінде негізді түрде шығарылды деп есептейді. Төмен тұрған соттар жеке сот орындаушысының әрекетсіздігіне тиісті құқықтық баға берді.
Істің мән-жайы соттармен дұрыс анықталғандықтан, материалдық және іс жүргізу құқығының нормалары дұрыс қолданылғандықтан, кассациялық саты сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге және шағымдарды қанағаттандыруға негіз таппай отыр.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, кассациялық сатыдағы сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы шешімі мен жеке ұйғарымы, Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысы мен ұйғарымы күшінде қалдырылсын.
Жеке сот орындаушысы Галым Сулейменович Егембердиевтің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Д. Әбдіғалиев
Судьялар
М. Қасымов
Г. Ыдырысова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.