№ 6001-20-00-3г/2025
Қ А У Л Ы
2020 жылғы 22 маусым
Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы С[...] талап қоюшы «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-нің жауапкерлер Е[...], Жетісай ауданы әкіміне, Жетісай қала әкіміне, «Жетісай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не, «Жетісай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Жетісай аудандық бөліміне
2018 жылғы 4 маусымдағы №120 санды жер учаскесін сатып алу-сату келісім шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысын қайта қарау туралы «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-нің келтірген өтінішхатын азаматтық істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Жетісай аудандық сотының 2019 жылғы 7 тамыздағы ұйғарымымен талап қоюшының аукционының қорытындысы жөніндегі 2018 жылғы 30 мамырдағы №4 санды хаттамасын, Б.Е[...] қаласы, [...] бойынан 1410,0 шаршы метр жер учаскесін табыстау жөніндегі Жетісай қаласы әкімінің 2018 жылғы 1 маусымдағы № 150 санды шешімін, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін кадастрлық №[...] санды сәйкестендіру актісін жарамсыз деп тану туралы іс бойынша бөлігінде іс жүргізу тоқтатылған.
Жетісай аудандық сотының 2019 жылғы 7 тамыздағы шешімімен талап қоюшының жер учаскесін сатып алу-сату келісім шартын жарамсыз деп тану туралы талабы қанағаттандырылып, Жетісай қаласы әкімінің 2018 жылғы 1 маусымдағы № 150 шешімі негізінде «Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі мен Е[...] арасындағы түзілген жер учаскесін сатып алу-сату туралы 2018 жылғы 4 маусымдағы №120 санды келісім шарты жарамсыз деп танылған.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған.
Талап қоюшының талабы қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдаған.
Өтінішхатта «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-сі (бұдан әрі - Басқарма) апелляциялық сатыдағы сот істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзғанын көрсетіп, апелляциялық сотының қаулысын бұзып, талапкердің талап арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Апелляциялық сатыдағы қаулысы заңсыз және төмендегі негіздерге байланысты бұзылуға жатады, деп Басқарма көрсеткен.
Атап айтқанда, Е[...] жылжымайтын мүлікті сауда-саттықта сатып алу туралы 30 мамыр 2018 жылғы №4 санды келісім шарты және Жетісай қаласы әкімінің 1 маусым 2018 жылғы №150 санды шешімімен Жетісай қаласы, [...] бойында орналасқан шағын кәсіпкерлік жүргізу үшін алаңы 1410 ш.м жер учаскесі жеке меншік құқығымен табысталып, кадастрлық № [...] санды сәйкестендіру актісі рәсімделген.
Сонымен қатар, 4 маусым 2018 жылғы №119 санды жер учаскесін сатып алу-сату туралы келісім шарты түзілген.
Ал, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 44-бабында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері елді мекен аумағының бекітілген бас жоспарларының не орналасу схемаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге тиіс, деп нақты көрсетілген.
Бұдан бөлек, Жер кодексінің 122-бабының 2-тармағында еpeкшe қорғалатын табиғи аумақтардың жерi мемлекет меншiгiнде болады және иеліктен шығаруға жатпайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн өзге қажеттерге алып қоюға жол берiлмейдi делінген.
Алайда, «Жетісай ауданы әкімі аппараты» ММ-нің 8 мамыр 2019 жылғы №2235 санды хатында жоғарыда аталған жер учаскесі Мақтарал аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2006 жылғы №36-215-ІІІ санды шешімімен бекітілген Жетісай қаласының бас жоспарында жасыл желек аймағындағы (су қорғау аймағында) жер телімдер болып белгіленген.
Яғни, жасыл желек аймағындағы (су қорғау аймағында) жер телімдер болып белгіленген жер телімдерінен Жетісай қаласы әкімінің 1 маусым 2018 жылғы №150 санды шешімімен азамат Е[...] шағын кәсіпкерлік жүргізу үшін деп заңсыз табысталғандығы анықталған.
Іс бойынша жиналған құжаттармен, өтінішхатта келтірілген уәждермен танысып, судья төмендегідей тұжырымға келеді.
Өтінішхат иесінің осы азаматтық дауды реттейтін материалдық және процестік заңнамаларды сот алқасы дұрыс қолданбады деген уәждері ескерілуге және тексерілуге жатады.
Судья көрсетілген жағдайлар сот актісін қайта қарауға негіз болатынын басшылыққа алып, азаматтық істі алқа отырысында қарауға беру қажет деп санайды.
АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
«Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-нің Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесін іс бойынша қатысқан тұлғаларға жолдансын.
Судья А.Сапарова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.