Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 04.02.2026 по делу 6003-25-00-2к/4588 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 4 ақпан №6003-25-00-2к/4588 (10) Астана қаласы №6003-25-00-2к/4588 (11)

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,

талап қоюшының өкілі А.Абдуллаев, жауапкерлер Д.Бердибеков, Б.Зиябеков, М.Қалдықара, М.Тоқсанбаев, Ж.Жорабекова, Б.Буралхиев, А.Усманов, Г.Мырзадаева, жауапкерлердің өкілдері А.Батырбеков, Ы.Алтынбаевтың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының жауапкерлер жеке кәсіпкер «Айсултан» атынан әрекет етуші Махсад Исаевич Жанадиловке, «Курбан» шаруа қожалығы атынан әрекет етуші Мейрбек Курбанулы Коныратбаевқа, жеке кәсіпкер «Эламашов Т» атынан әрекет етуші Талгат Уринбаевич Эламашовқа, Гульайна Ешимбайевна Мырзадаеваға, Гульзира Умаралиевна Аблаеваға, Рустем Егентаевич Турлыбековке, Максат Маханбетович Токсанбаевқа, Дуйсебек Толкинович Бердибековке, Жанар Куанышевна Жорабековаға, Бекжан Макулбекович Зиябековке, Мейрбек Курбанулы Коныратбаевқа, Сайибжамал Максутоваға, Марат Махсұтұлы Қалдықараға, Дінмұхамед Мейірбекұлы Құрбанға, Сакен Кенжебекович Куримбаевқа, Абдисадык Умарович Усмановқа, Берик Тлеубаевич Буралхиевқа, Зейнеп Жанибековна Дуйсебаеваға қарыз ақшаны өндіру туралы талап қоюы бойынша қабылданған Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2025 жылғы 7 сәуірдегі шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысына жауапкерлер Д.Бердибеков пен Б.Зиябековтің кассациялық шағымдары бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – акционерлік қоғам) сотқа жоғарыда аталған талап қоюымен жүгінген.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2025 жылғы 7 сәуірдегі шешімімен талап қою қанағаттандырылып, акционерлік қоғамның пайдасына жауапкерлер ЖК «Айсултан» атынан әрекет етуші М.Жанадилов, кепілгерлер Г.Мырзадаева, Г.Аблаева, Р.Турлыбеков, М.Токсанбаев және Д.Бердибековтен ортақ түрде 118 574 649,44 теңге, жауапкерлер «Курбан» ШҚ атынан әрекет етуші М.Коныратбаев, кепілгерлер Ж.Жорабекова, Б.Зиябеков, М.Коныратбаев, С.Максутова, М.Қалдықара және Д.Құрбаннан ортақ тәртіпте 115 345 413,42 теңге, жауапкерлер ЖК «Эламашов Т» атынан

әрекет етуші Т.У.Эламашов, кепілгерлер С.Куримбаев, А.Усманов, Б.Буралхиев және З.Дуйсебаевадан ортақ тәртіпте 117 511 126,45 теңге өндірілген.

Сот шығындары мәселесі шешілген.

Жауапкерлер Д.Бердибеков пен Б.Зиябеков кассациялық шағымдарында бірінші және апелляциялық сатыдағы сот кепілгерлік шарттарды алдау ықпалымен жасалғанына, сот үкімімен талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылғанына дұрыс құқықтық баға бермегенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жолдауды сұраған.

Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 272бабына сәйкес мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

АК-нің 722-бабы 1, 3-тармақтарына сәйкес заем алушы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi.

Егер шартта заемды бөлшектеп (бөлiп-бөлiп) қайтару көзделсе, заем алушы заем нысанасының кезектi бөлiгiн қайтару үшiн белгiленген мерзiмдi бұзған жағдайда заем берушi заем нысанасының қалған барлық бөлiгiнiң тиесiлi сыйақымен бiрге мерзiмiнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

І-талап қою бойынша:

2023 жылғы 29 наурызда Аграрлық несие корпорациясы және жеке кәсіпкер «Айсултан» М.Жанадилов арасында несие сомасы 72 000 000 теңгеге кредиттік желі ашу туралы шектелмелі келісім жасалып, 2023 жылғы 4 сәуірде тараптар арасында №2825-ЮКФ-АБ/1 несие беру туралы шарты жасалып, корпорация екінші тарапқа 107 ай мерзімге 22% жылдық үстеме ақысымен несие берген.

Шарт бойынша жеке кәсіпкер «Айсултан» М.Жанадиловтің мiндеттемелерiн тиiстi түрде орындауды қамтамасыз ету мақсатында Г.Мырзадаева, Г.Аблаева, Р.Турлыбеков, М.Токсанбаев және Д.Бердибековпен тиісті кепілдік шарттары жасалған.

Шарттың 4.1.-тармағына сәйкес кредитті мақсатсыз пайдалану анықталған жағдайда, қарыз беруші қарыз алушыдан мақсатсыз пайдаланылған кредит сомасының 25% дейінгі мөлшерде айыппұл талап етуге және мақсатсыз пайдаланылған соманы 3 жұмыс күні ішінде мерзімінен бұрын қайтаруын талап етуге құқылы.

Жоғарыда аталған 2023 жылғы 4 сәуірдегі несие беру шарты бойынша жеке кәсіпкер «Айсултан» М.Жанадиловтің акционерлік қоғамның алдындағы жалпы қарызы 118 574 649 теңгені құраған, оның ішінде: негізгі қарыз - 72 000 000 теңге; мерзімі өткен сыйақы - 21 064 158 теңге; сыйақы - 5 368 000 теңге; өсімпұл - 2 142 492 теңге; айыппұл - 18 000 000 теңге.

ІІ- талап қою бойынша:

2022 жылғы 1 тамызда акционерлік қоғам мен «Курбан» шаруа қожалығы арасында несие сомасы 70 000 000 теңгеге №1771-ЮКФ-АБ кредиттік желі ашу туралы шектелмелі келісім жасалып, 2022 жылғы 8 тамызда №1771-ЮКФ-АБ/1 несие беру туралы шарты жасалып, несие берілген.

Шарт бойынша «Курбан» шаруа қожалығының мiндеттемелерін тиiстi түрде орындауды қамтамасыз ету мақсатында Ж.Жорабекова, Б.Зиябеков, М.Коныратбаев, С.Максутова, М.Қалдықара және Д.Құрбанмен тиісті кепілдік шарттары жасалған.

Шарттың 2.5., 2.6. - тармақтарында қарыз алушы несиені 2032 жылғы 30 шілдеге дейін, осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын өтеу кестесі (№1 қосымша) бойынша ақшаны қарыз берушінің жеке шотына аудару арқылы өтейтіндігі көрсетілген.

Осы шарт бойынша «Курбан» шаруа қожалығының қарыз сомасы 104 655 030 теңгені құраған, оның ішінде - 13 493 258 теңге, мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл - 17 500 000 теңге, сыйақы - 3 140 278 теңге, негізгі қарыз - 70 000 000 теңге, өсімпұл - 521 494 теңге. ІІІ-талап бойынша: Акционерлік қоғам мен жауапкер жеке кәсіпкер «Эламашов Т» Т.Эламашов арасында 2023 жылғы 4 сәуірде №2832-ЮКФ-АБ/1 несие беру туралы шарты бойынша 70 080 000 теңге несие 146 бас жылқы малын сатып алу үшін берілген.

Шарт бойынша жеке кәсіпкер «Эламашов Т» У.Эламашовтың мiндеттемелерiн тиiстi түрде орындауды қамтамасыз ету мақсатында С.Куримбаев, А.Усманов, Б.Буралхиев және З.Дуйсебаевамен кепілдік шарттары жасалған.

Осы міндеттемелерді ЖК «Эламашов Т» Т.Эламашов тиісті орындалмау нәтижесінде, оның жалпы қарыз сомасы 117 511 126 теңгені құраған, оның ішінде: негізгі қарыз - 70 080 000 теңге; мерзімі өткен сыйақы - 14 347 764 теңге; сыйақы - 13 104 961 теңге; өсімпұл - 2 458 401 теңге; айыппұл - 17 520 000 теңге.

Бірінші сатыдағы сотпен несие алушылармен жоғарыда аталған несие шарттары бойынша төлемдерді уақытында өтеу және несиені пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу туралы шарттық міндеттемелерін тиісті түрде орындалмағанын, яғни толық көлемде төлемегенін, мұндай жағдайда несие және кепілдік шарттары бойынша акционерлік қоғам негізгі қарыз, сыйақылар, өсімпұл және айыппұлды жауапкерлерден өндіруге жататыны тұралы тұжырымға келген.

АК-нің 329-бабына сәйкес кепiлдiк берушi, заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi

алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып iшiнара жауап беруге мiндеттенетіні көрсетілген. Бiрлесiп кепiлдiк берген адамдар, егер кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, несие берушi алдында ортақтасып жауап беретіні көзделген. Жоғарыда көрсетілгендей, үш шарт бойынша да қарыз алушылардың мiндеттемелерін тиiстi түрде орындауды қамтамасыз ету мақсатында кепіл шарттары жасалған, олар заңды күшінде.

Қарыз алушылар шартта белгіленген міндеттемелерді орындамағандықтан, кепілдік берген тұлғалар ортақтасып міндеттемені орындауға тиіс.

Осыған байланысты бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қанағаттандыруға жататындығы туралы дұрыс қорытындыға келген.

Жауапкерлер Д.Бердибеков пен Б.Зиябековтің дау айтылған сот актілерінің күшін жою үшін келтірген уәждері негізсіз, себебі, соттармен материалдық және процестік құқықтық нормалары дұрыс қолданылып, іс бойынша жиналған барлық дәлелдерге тиісті баға берілген. Сондықтан сот актілері күшінде, кассациялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының 2025 жылғы 7 сәуірдегі шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 маусымдағы қаулысы күшінде, жауапкерлер Д.Бердибеков пен Б.Зиябековтің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Г.Бастаубаев

Төрағалық етуші судья

Судьялар

А.Даненова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.