Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 18.11.2025 по делу 6003-25-00-2к/2069 (Гражданское)

6003-25-00-2к/2069

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 18 қараша

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков,

судьялар В.Е.Тохтарбаева, Л.Б.Мамырбаева,

прокурор Н.Молдахановтың, талап қоюшының өкілі Д.Е.Рамазанның, жауапкердің өкілдері Ә.Серікқазыұлының, С.С.Рахмановтың, «Абай облысы Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі Р.Қ.Исаевтің, талап қоюшының жағында даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға Абай облысы Үржар ауданының әкімінің өкілі Д.Ж.Амирбаеваның аудармашы Р.Таласпаеваның, қатысуларымен,

талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Абай облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Департамент) жауапкерлер «Абай облысы Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-ММ), «Бауржан» шаруа қожалығының басшысы Ардак Абдуллаулы Абдуллаға (бұдан әріА.А.Абдулла) шартты жарамсыз деп тану туралы электронды азаматтық істі жауапкер өкілдері Ә.Серікқазыұлының, С.С.Рахмановтың Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 мамырдағы қаулысына берген кассациялық шағымдары бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ :

Департамент жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 18 наурыздағы шешімімен Департаменттің талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.

Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күші жойылып, жаңа шешім шығарылған. Департаменттің шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылған.

«Абай облысы Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-і мен А.А.Абдулла арасындағы 2023 жылғы 21 сәуірдегі №381 жер учаскесін жалға алу туралы шарты жарамсыз деп танылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Жауапкер А.А.Абдулланың өкілдері Ә.Серікқазыұлының, С.С.Рахмановтың кассациялық шағымдарында апелляциялық сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, апелляциялық сатыдағы сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұраған.

Кассациялық сот тараптарды, шешімді күшінде қалдыруды сұраған прокурордың қорытындысын тыңдап келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Апелляциялық сатыдағы сотпен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Іс құжаттарына сәйкес, 2023 жылғы 31 наурызда конкурс нәтижесінде А.А.Абдуллаға Абай облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылынан оңтүстікке қарай 20,0 км орналасқан, алаңы 2244,0 га ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскесі уақытша өтеулі ұзақ мерзімге 49 жылға жалға берілген.

Конкурстың қорытындысы бойынша 2023 жылғы 31 наурыздағы 4/19 хаттамалық шешімнің негізінде «Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің 2023 жылғы 19 сәуірдегі №129 қаулысы қабылданған.

Осы қаулының іске асыру мақсатында «Абай облысы Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-і (бұдан әрі - бөлім) мен А.А.Абдулланың арасында 2023 жылғы 21 cәуірде №381 жер учаскесін жалға алу туралы шарты жасалған.

Абай облысы прокуратурасының 2024 жылғы 19 шілденің № 2-50-2405160 ұсынуының негізінде Департамент 2024 жылғы 12-23 тамыз аралығында «Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ-не қатысты Үржар ауданында 2022 жылғы 1 қаңтары – 2024 жылғы 19 шілдесінің аралығында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру бойынша өткізілген конкурстардың нәтижесінде жер учаскелерін беру туралы қаулылардың қабылдану заңдылықтарына қатысты Қазақстан Республикасының жер заңнамасының сақталу мәні бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілген.

Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 43, 43-1 баптарының талаптары бұзылғаны анықталып, «Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ-не анықталған бұзушылықты 1 ай мерзім ішінде, яғни 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін жою туралы 2024 жылғы 23 тамызда № 147/62 нұсқама берілген.

Жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында «Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің және бөлімнің ұсынған материалдарының негізінде жоғарыда көрсетілген кезеңде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру бойынша 4 Конкурс өткізген, оның нәтижесі бойынша «Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ-і 88 қаулы шығарғаны анықталған және осы қаулылардың нәтижесі бойынша тиісті шаруа қожалықтарымен шарттар жасалған.

Сонымен қатар, ұсынылған материалдар бойынша ШҚО Үржар ауданы

әкімдігінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 310 қаулысына сәйкес жер комиссиясының құрамы қалыптастырылған. Кейін, келесі кезеңдерде тек аталмыш қаулыға тиісінше жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізіліп отырған.

Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес жер комиссиясының құрамы нақты көрсетілген.

Сонымен бірге, комиссиясының құрамы жыл сайын өзгеріп, бекітіліп тұру қажет болған, яғни заңда көзделген комиссияның бүкіл құрамы ауыстырыла отырып, келесі күнтізбелік он екі ай өткен соң жыл сайын бекітілетіндігі анық көрсетілген.

Апелляциялық сот алқасы, № 310 қаулыда жер комиссиясының құрамы қалыптасқан деп тануға болмайды деген тұжырымға келген. Өйткені 2020 жылдан 2023 жылға дейін жер комиссиясының құрамына жергілікті қоғамдастық жиналысы берген тиісті аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті тұрғындарының өкілдері енгізілмеген. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс. Бірақта, жер комиссиясының құрамында қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері комиссия құрамына енгізілмеген, комиссия құрамының саны жеткілікті болмағаны анықталған. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің негізінде апелляциялық сатыдағы сот, бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін заңды жойған. Сондықтан бірінші сатыдағы соттың мемлекеттік орган тарапынан заң талаптарын дұрыс түсінбей пайдаланғаны жөніндегі жіберілген бұзушылықтар жерді адал жер пайдаланушыдан талап ету үшін негіз бола алмайды, жол берілген бұзушылықтың сипаты мен дәрежесін, тек қана кінәлі қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін негіз бола алады деген тұжырымын апелляциялық сот дұрыс негізсіз деп тапқан. Кассациялық шағымдағы Жер кодексінің 43-бабының жетінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында, сегізінші бөлігінің 1) тармақшасы апелляциялық қаулы шығарылған сәтте де, бүгінгі күні де мүлде қолданыста жоқ деген уәжі келесі себептермен негізсіз болып табылады.

Жер кодексінің 43-бабының 2-бөлігінде қолданыстағы редакциясында жер комиссиясының құрамы, төрағасын және осы тармақтың жетінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында, сегізінші бөлігінің 1) тармақшасында және тоғызыншы бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, бүкіл құрамы ауыстырыла отырып, келесі күнтізбелік он екі ай өткен соң жыл сайын

бекітіледі деп көрсетілген.

Жер кодексінің 43-бабының 2-бөлігінде конкурс өткен уақыттағы редакциясында жер комиссиясының құрамы, төрағасын және осы тармақтың алтыншы бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында, жетінші бөлігінің 1) тармақшасында және сегізінші бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, бүкіл құрамы ауыстырыла отырып, келесі күнтізбелік он екі ай өткен соң жыл сайын бекітіледі деп көрсетілген.

Аталған норма жер комиссиясының құрамы жыл сайын бекітіліп отыратындығын қарастырады.

Ал осы заң нормасындағы 43-бабының жетінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында, сегізінші бөлігінің 1) тармақшасы деген сөз тіркесі норманың мәні мен мазмұнына, заң нормаларын түсіндіруіне әсер етпейді. Жауапкердің жер комиссиясының құрамы жыл сайын өзгерту жолымен бекітіліп тұрған деген уәжі негізсіз.

Жер кодексінің 43-бабының 2-бөлігінде жер комиссиясы мүшелерінің саны тақ болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс деп нақты көрсетілген.

Алайда жыл сайын өзгерту жолымен бекітілген жер комиссиясының құрамы осы заң нормасының талаптарына сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 158бабында, мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін екені қарастырылған.

Апелляциялық сот аталған мән-жайларды негізге алып дауланып отырған шартты заң талаптарын бұза отырып жасалынғанын анықтап, оны жарамсыз дегені дұрыс.

Шартты жарамсыз деп тану шаруа қожалығына ешқандай тыйым салмайды, болашақта жер алу құқығын және осы жер учаскесіне конкурс арқылы қатысуына әсер етпейді.

Мәні бойынша заңды күшіне енген дұрыс сот актісінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылуға жатпайды.

Кассациялық сот апелляциялық сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер негізінде заңды күшіне енген сот актісін өзгертуге немесе жоюға құқылы емес.

Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге

жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа

алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 25 мамырдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Жауапкер өкілдері Ә.Серікқазыұлының, С.С.Рахмановтың кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков

В.Е.Тохтарбаева

Судьялар:

Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.