1
Ұ Й Ғ А Р Ы М
2025 жылғы 11 желтоқсан № 6399-25-00-4к/234 іс Астана қаласы
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың құрамында:
төрағалық етуші - судья Е.Б. Тулеев,
судьялар - Р.М. Айнакулова, Н.М. Кабдрахманова,
«Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының «Қазақстан Республикасы Əділет Министрлігі Маңғыстау облысының Əділет департаментінің Ақтау аумақтық бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің сот актілерін орындау бойынша филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Маханбетов Жəнібек Мырзағалиұлына 2024 жылғы 30 қазандағы атқарушылық санкцияларды төлеу, 2024 жылғы 30 қазандағы №1030/24-47-19, №1031/24-4719 атқарушылық істерді жүргізуді қозғау туралы қаулыларын заңсыз деп тану, күшін жою туралы әкімшілік талап қоюы бойынша әкімшілік істің құжаттарын, прокурор А.С. Камашевтің қате жазылған жазбаларды түзету туралы арызын қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АҚ) жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы шешімімен «Қаражанбасмұнай» АҚнің талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылған.
Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген, «Қаражанбасмұнай» АҚ-нің 2024 жылғы 30 қазандағы №№1030/24-47-19, 1031/24-47-19 санды атқарушылық іс жүргізулерді қозғау туралы қаулыларын заңсыз деп тану, күшін жою туралы талабының қанағаттандырусыз қалдырылған бөлігінің күші жойылған, талап қоюдың бұл бөлігінде талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданып, мемлекеттік сот орындаушысы Ж.М. Маханбетовтың 2024 жылғы 30 қазандағы №№1030/24-47-19, 1031/24-47-19 санды атқарушылық іс жүргізулерді қозғау туралы қаулылары заңсыз деп танылып, күші жойылған, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 18 тамыздағы қаулысымен Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 23 қаңтардағы қаулысы өзгертілген, мемлекеттік сот орындаушысы Ж.М. Маханбетовтың 2024 жылғы 30 қазанындағы №№1030/24-47-19, 1031/24-47-19 санды атқарушылық іс жүргізулерді қозғау туралы қаулыларын заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қоюдың қанағаттандыру бөлігі жойылып, талап қоюдың бұл бөлігінде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы шешімі күшінде қалдырылған, дау айтылған сот актісінің қалған бөлігі күшінде қалдырылған.
Кассациялық сатының қаулысының кіріспе бөлігінде сот отырысына қатысқан прокурор А.С. Камашев көрсетілмеген, сондықтан прокурор қате жазылған жазбаны түзету туралы арызды сотқа түсірген.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 452-бабының екінші бөлігімен АПК-нің 235 бабында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға кассациялық сатыдағы соттың құқығы көзделген.
АПК-нің 235 бабының 2 бөлігінде сот шешiмде жiберiлген қате жазуларды немесе анық арифметикалық қателердi өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша түзете алатыны көзделген.
Осы нормаларға сәйкес кассациялық сатыдағы сот қаулысында жіберілген қате жазу түзетілуге жатады, қаулының кіріспе бөлігінде сот құрамынан кейін «прокурор А.С. Камашевтің қатысуымен» деп көрсетілуге жатады.
ӘРПК-ның 169-бабын, АПК-нің 452-бабының екінші бөлігін, 435бабының екінші бөлігін басшылыққа ала отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І:
«Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының «Қазақстан Республикасы Əділет Министрлігі Маңғыстау облысының Əділет департаментінің Ақтау аумақтық бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің сот актілерін орындау бойынша филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Маханбетов Жəнібек Мырзағалиұлына 2024 жылғы 30 қазандағы атқарушылық санкцияларды төлеу, 2024 жылғы 30 қазандағы №1030/24-47-19, №1031/24-47-19 атқарушылық істерді жүргізуді қозғау туралы қаулыларын заңсыз деп тану, күшін жою туралы әкімшілік талап қоюы бойынша әкімшілік іс бойынша шығарылған Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 18 тамыздағы қаулысының кіріспе бөлігінде жіберілген қате жазу түзетілсін: қаулының кіріспе бөлігінде сот құрамынан кейін «прокурор А.С. Камашевтің қатысуымен» деп көрсетілсін.
Төрағалық етуші
Е. Тулеев
Р. Айнакулова
Судьялар
Н. Кабдрахманова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.