№ 6003-26-00-2к/31
ҚАУЛЫ
2026 жылғы 22 сәуір Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы Н.Б.Ормаханов, адвокат К[...] көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу туралы өтінішін қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың 2026 жылғы 20 сәуірдегі қаулысымен Астана қаласының аумақтық адвокаттар алқасының адвокаты С[...] мүдделерін білдіру үшін іске қатысуға тартылды. Сот отырысына С[...] өкілі ретінде адвокат К[...] қатысты (қорғау туралы хабарлама № 81, 17.04.2026 жыл).
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 112-бабының бірінші бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес, сот істі қарау кезінде кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлер — бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ жасына байланысты зейнеткерлерді заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдікке байланысты шығындарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.
2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 «А[...], заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық кеңес беру, қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларының» 7-тармағына сәйкес, нақты іс бойынша адвокаттың қатысуы үшін бюджет қаражаты есебінен төленуге жататын сома адвокатпен арыздарды, өтінішхаттарды, талап арызға пікірлерді (қарсылықтарды), жекеше, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарды, сондай-ақ оларға қарсылықтарды, бітімгершілік келісімдерді, медиация тәртібімен немесе партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісімдерді, сондай-ақ сот отырысының хаттамасына ескертулерді дайындауға жұмсалған уақытты ескере отырып есептеледі.
А[...] К[...] азаматтық істі қарау барысында жұмсаған жалпы уақыты 3 сағат 41 минутты құрады, оның ішінде:
Іс құжатарымен танысу:
17.04.2026 жыл – 3 сағат (16:00–19:00)
Сот отырысына қатысу:
20.04.2026 жыл – 41 (09:23–10:04)
Барлығы адвокатпен 3 сағат 41 минут жұмсалды.
АПК-нің 112, 268–269-баптарын басшылыққа ала отырып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
К[...] Е[...] азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттағы сот отырысында көрсеткен заң көмегі үшін 3 сағат 41 минут жұмыс уақытына ақы төленсін.
Ақша қаражаты адвокат К[...] Халық Банк АҚ-дағы есепшотына аударылсын:
ЖСН [...],
банктік карточкалық шот (ЖСК) KZ[...], БСК HSBKKZKX.
Судья Н.Ормаханов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.