КСАД РК - Постановление от 15.09.2025 по делу 6003-25-00-4к/820 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 15 қыркүйек 6003-25-00-4к/820 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі Кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші – Д.Ә. Әбдіғалиев судьялар –Г.М. Ыдырысова, М.А. Қасымов болып,

талап қоюшының өкілі Д.Т.Махсудовтың, жауапкердің өкілдері Е.С.Сыздықов және Д.Т.Айтымованың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақ әуендерінің орындаушылары» республикалық қоғамдық бірлестігі (әрі қарай - Бірлестік) жауапкер «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Министрлік) қолайлы әкімшілік акт шығарып, аккредиттеу куәлігін сот актісі қабылданған мерзімнен бастап беруді мәжбүрлеу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 8 қарашадағы шешіміне, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 ақпандағы қаулысына жауапкердің өкілімен келтірілген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 8 қарашадағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» ММ-не соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, «Қазақ әуендерінің орындаушылары» РҚБ-нің пайдасына «авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын шығарушылардың фонограммаларды және дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта әрі табыс алмастан қайта шығару үшін сыйақы алуға құқықтарды жүзеге асыру саласы бойынша тиісті әкімшілік акт қабылдау міндеттемесі жүктелді. Талап қоюдың қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылды.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасымен 2025 жылғы 26 ақпандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сотының шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылған.

Жауапкердің кассациялық шағымында бірінші сатыдағы соттың шешімі және апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, кассациялық шағымды қанағаттандыруды сұраған.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға қатысқан өзге тұлғалар сот отырысының күні, уақыты және форматы туралы тиісті түрде хабардар етілгеніне қарамастан, сотқа келмеген және келмеу себептері туралы сотқа мәлімет бермеген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (әрі қарай - ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Сот кассациялық шағымның уәждерін тексеріп, іс құжаттарын зерттеп, ұсынылған дәлелдемелерді бағалай келе, төмендегідей тұжырымға келеді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (әрі қарай - ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай - АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Жергілікті соттар тарапынан мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен Бірлестіктің Министрлікке бұйрықты ішінара заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап қоюы қанағаттандырылған. Министрліктің 30 қараша 2022 жылғы №980 бұйрығының Бірлестікке:

  1. авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар және дыбыстаубейнелеу туындыларын шығарушылардың фонограммаларды және дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта әрі табыс алмастан қайта шығару үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру (бұдан әрі-№1 сала); 2) дыбыстау-бейнелеу туындыларында пайдаланылған (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ) музыкалық туындылардың авторлары болып табылатын композиторлардың осындай дыбыстау-бейнелеу туындыларын көпшілік алдында орындау немесе жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру (бұдан әрі№2 сала);

  2. көпшілік алдында орындалуына, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру, оның ішінде ретрансляциялау арқылы хабарлауға қатысты жарияланған (мәтіні бар немесе мәтіні жоқ) музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындылардың үзінділеріне айрықша құқықтарды басқару (бұдан әрі-№3 сала);

  3. орындаушылардың коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көпшілік алдында орындау, сондай-ақ жалпы жұрттың

назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру (бұдан әрі-№4 сала);

  1. фонограмма шығарушылардың коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көпшілік алдында орындау, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру (бұдан әрі-№5 сала) салаларына аккредиттеуден бас тартқан бөлігі заңсыз деп танылып күші жойылған.

2024 жылғы 14 мамырдағы жауап хатымен, аталған сот шешімін орындау үшін, Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрінің «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу нәтижелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №980 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2024 жылғы 13 мамырдағы №412 бұйрығымен Бірлестікке қатысты бұйрық тармағының күші жойылғаны хабарланған. 2024 жылғы 15 мамырда, Бірлестік Министрліктің атына хат жолдап, онда аталған сот актісі мен Министрлікпен құрылған мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның 2022 жылғы 30 қарашадағы хаттамалық шешімін ескеріп, бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, №1-5 салалар бойынша аккредиттеу куәліктерін беруді сұраған.

Жауапкер 2024 жылғы 24 мамырдағы, 14 маусымдағы хаттарымен Бірлестікке қатысты қайтадан аккредиттеу өткізілетіні, ол туралы комиссияның отырысы 2024 жылғы 1 шілдеде өткізілетіні хабарланған.

Жауапкердің 2024 жылғы 4 шілдедегі №563 бұйрығымен Бірлестікке №1 сала бойынша аккредиттеуден бас тартылған.

Кассациялық сот жергілікті соттардың негіздемелерімен келісіп, Министрлік 2023 жылғы заңды күшіне енген сот шешімінің болуына қарамастан, Бірлестіктің 2022 жылдың қараша айынан бастап бұзылған құқытары мен заңды мүдделері толық қалпына келтірілмеген деген уәждерін дұрыс деп санайды.

Министрлік тарапынан Бірлестікке аккредиттеу үшін жаңадан өтінім бергізу негізсіз болып табылады.

Министрлің тарапынан соттың ұстанымына сәйкес талап қоюшыға қолайлы акт қабылдаудың орнына әкімшілік рәсімді жалғастыру бойынша ісәрекеті заңға сәйкес келмейді. Бұл ретте, Министрлік заңды күшіне енген сот актілерін орындаған кезде ӘРПК-тің нормаларын бұзған.

АПК-ның 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

АПК-нің 427-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылмайды. Материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы

немесе дұрыс қолданылмауы, егер осы бұзушылық дұрыс шешім қабылдамауға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіз болып табылады.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген

Жоғарыда аталғанның негізінде, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілері күшінде қалдырылуға жатады. ӘРПК-нің 169-бабын, АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Осы іс бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 8 қарашадағы шешімі, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 ақпандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Жауапкер өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Д.Әбдіғалиев

Судьялар

Г.Ыдырысова

М.Қасымов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.