ВС РК - Постановление от 18.03.2024 по делу 6001-23-00-3Г/6135(2) (Гражданское)

6001-23-00-3г/6135(2)

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 18 наурыз Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Р.Қуанышбаева талап қоюшылар Д[...], П[...] және П[...] жауапкерлер Б[...], Б[...], Я[...], П[...], П[...], С[...], С[...], Р[...], К[...], Т[...], Т[...], Б[...] және О[...] сатып алу-сату шарттарын және айырбас шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысына жауапкерлер С[...], С[...] және О[...] өкілі С[...] келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Д[...], П[...] және П[...] сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгінген.

Түркістан облысы Кентау қалалық сотының 2023 жылғы 20 маусымдағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған. Осы соттың 2023 жылғы 20 маусымдағы ұйғарымымен азаматтық іс бойынша Б[...] қатысты бөлігі қайтыс болуына байланысты тоқтатылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.

Келесі шарттар жарамсыз деп танылған:

  • 2006 жылғы 4 сәуірдегі Б[...] мен Я[...] арасындағы Түркістан облысы, [...] мекенжайында орналасқан пәтерді (бұдан әрі – даулы № [...] пәтер) сатып алусату;

  • 2011 жылғы 8 ақпандағы Я[...] мен ерлі-зайыптылар П[...] және П[...] арасындағы даулы № [...] пәтерді айырбастау;

  • 2014 жылғы 9 маусымдағы П[...] және П[...] мен ерлі-зайыптылар С[...] және С[...] арасындағы даулы № [...]

пәтерді сатып алу-сату;

  • 2005 жылғы 23 қарашадағы Б[...] мен ерлі-зайыптылар К[...] және Р[...] арасындағы Түркістан облысы, [...] мекенжайында орналасқан пәтерді (бұдан әрі – даулы № [...] пәтер) сатып алу-сату;

  • 2009 жылғы 19 мамырдағы К[...] және Р[...] мен ерлізайыптылар Т[...] және Т[...] арасындағы даулы № [...] пәтерді сатып алу-сату;

  • 2011 жылғы 2 маусымдағы Т[...] және Т[...] мен Б[...] арасындағы даулы № [...] пәтерді сатып алу-сату;

  • 2015 жылғы 30 қаңтардағы Б[...] мен О[...] арасындағы даулы № [...] пәтерді сатып алу-сату.

Жауапкерлердің өкілі С[...] өтінішхатында іс бойынша қабылданған апелляциялық қаулымен келіспей, сот алқасының тұжырымы істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, дау айтылған сот актісінің күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған. Өтінішхат уәждерінде талап қоюшылардың іс бойынша уәждерін қанағаттандыруға негіз болатын жайттардың табылмағанын, Б[...] үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылмағанын, талап қоюшылардың 1994 жылдан 2019 жылға дейін, яғни 25 жыл Қазақстан Республикасында тұрмағанын және даулы пәтерлердің тағдырына қызығушылық танытпағандарын мәлімдеген.

Өтінішхатта келтірілген уәждер істі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының отырысына кассациялық тәртіпте қарауға беру қажеттілігін көрсетеді.

Іс құжаттарына қарағанда, 1992 жылғы жазда А.П[...] мемлекетіне кетіп, 1994 жылғы 16 маусымда анасы Д[...] мен қызы К.П[...] мемлекетіне шақыртып, 2019 жылға дейін сонда тұрған.

Д[...] 1992 жылғы 29 тамыздағы жекешелендіру шарты негізінде даулы № [...] пәтердің меншік иесі болған.

Жоғарыда аталған шарттардың негізінде 2014 жылғы 9 маусымда даулы № [...] пәтер ерлі-зайыптылар С[...] меншігіне тіркелген.

Өз кезегінде, П[...] 1992 жылғы 29 тамыздағы жекешелендіру шарты негізінде даулы № [...] пәтердің меншік иесі болған.

Қазіргі таңда даулы № [...] пәтер жоғарыда аталған шарттардың негізінде 2015 жылғы 30 қаңтардан О[...] меншігінде.

Кентау қалалық сотының 2005 жылғы 2 қыркүйектегі шешімімен Б[...] мен Д[...] және П[...] арасындағы даулы № 40, [...] пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жарамды деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырылып, аталған шарттар жарамды деп танылған. Осы соттың 2021 жылғы 8 желтоқсандағы ұйғарымымен Д[...] жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты 2005 жылғы 2 қыркүйектегі шешімін қайта қарау туралы арызы қанағаттандырусыз

қалдырылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 10 наурыздағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымының күші жойылып, мәселені жаңадан қарауға берген.

Бұдан әрі бірінші сатыдағы соттың 2022 жылғы 20 маусымдағы ұйғарымымен азаматтық іс Б[...] қайтыс болуына байланысты тоқтатылған.

Өз кезегінде апелляциялық сатыдағы сот 2022 жылғы 2 қыркүйектегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын өзгеріссіз қалдырған.

Д[...] Кентау қаласының Полиция департаментіне Б[...] қатысты даулы пәтерді алаяқтық жолмен алып қойғандығы туралы арызы бойынша қозғалған қылмыстық іс соңғының қайтыс болуына, аталған қылмыстық әрекеттің жасалғанынан 10 жыл өткендіктен және жұбайы Б[...] кінәсі болмауына байланысты Қылмыстық процесстік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 4) тармағына сәйкес 2021 жылғы 12 маусымдағы қаулымен өндірістен тоқтатылған.

Тараптар арасындағы дау талап қоюшылардың пікірінше Б[...] өзіне деген сенімін пайдаланып, пәтерлерді алаяқтық жолмен алып басқа тұлғаларға аударғандықтан және өздеріне заңды түрде тиесілі мүлікті пайдалана алмай, мүліктік құқығы бұзылғандықтан туындаған.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюдың ескіру мерзімін қолданып, даулы пәтерлердің қазіргі иелерін адал сатып алушы деп танып, дауланып отырған шарттарды жарамсыз деп тануға құқықтық негіз жоқ деп, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырған.

Өз кезегінде, апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша анықталған жайттарды негізсіз назарға алмай, заң нормаларының дұрыс қолданылмауына жол берген.

Істің мұндай тұрғысында апелляциялық сатыдағы соттың талап қоюды қанағаттандыру туралы тұжырымы негізсіз болып табылады, себебі талап қоюшылардың 25-27 жылдан бері даулы пәтерлердің тағдырына қызығушылық танытпағандығы, осы уақыт бойы күтіп ұстау ауыртпалығын көтермегендері, қазіргі иелері 2014-2015 жылдардан бері сол жерде тұратындығы, кетер алдында олардың кілттерін өз еріктерімен көршісі К[...] бергендері, кейіннен талап қоюшы Д[...] айтуымен кілттерді басқа көршісі Б[...] табыстағаны, пәтердің сатылғандығы 2015 жылы белгілі болғаны, ол туралы Д[...] жауапкер Б[...] ұялы байланыс арқылы сұрап білгендігі және тергеушінің қаулысы іс бойынша преюдициалдық маңызы жоқ, себебі қылмыстық іс Б[...] қайтыс болуына байланысты тоқтатылғаны дұрыс анықталмаған.

Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сот Азаматтық кодексінің 177-179-баптарының нормаларын ескере отырып, талап қою мерзімін қолданған, бұл заңға сәйкес талапты қанағаттандырудан бас тартуға дербес негіз болып табылады.

Талап қою мерзімі - мүдделі тұлға өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгіне алатын мерзім болып табылмайды. Талап қою мерзімі, бұл құқығы бұзылған адамды сот қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi кезең болып табылады. Мерзімді өткізіп алу, егер мүдделі тарап оны мәлімдеген болса, соттың талап қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтық процесстік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Қорыта келгенде, судья өтінішхатта келтірілген уәждер мен басқа да мән-жайлар сот актілерін кассациялық сатыдағы сотқа қайта қарау үшін негіздердің бар екендігін ескеріп, өтінішхатты іспен бірге кассациялық сатыдағы сот отырысында қарауға беру қажет деп санайды.

АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысын қайта қарау туралы жауапкерлер С[...], С[...] және О[...] өкілі С[...] келтірген өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына берілсін.

Қаулының көшірмесі өтінішхат иесіне жолдансын.

Судья Р. Қуанышбаева

Көшірмесі дұрыс Судья

Р. Қуанышбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.