6001-22-00-3г/2328
ҰЙҒАРЫМ
2022 жылғы 23 мамыр Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.Қ.Жүсіпбекова,
талап қоюшы «БИК[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – ЖШС) жауапкерлер М[...], М[...], үшінші тұлға «ЮМ[...]» ЖШС-не, К[...] сатып алу-сату шартын, сатып алу-сату шартын жасауға берген келісімі туралы шешімін, есептен шығару туралы бұйрығын, сенімхатты, жазбаша мәмілені жарамсыз деп тану, көліктің мемлекеттік тіркеуін қалпына келтіру, жүк көлігін беруді міндеттеу туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 3 қарашадағы қаулысын қайта қарау туралы талап қоюшының өкілі А[...] келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының 2021 жылғы 24 маусымдағы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған.
2019 жылғы 18 қарашада «КИК[...]» ЖШС-гі мен М[...] арасында жасалған сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған.
2020 жылғы 23 қаңтарда М[...] мен А[...] арасындағы маркасы Howa ZX 4257 S3241v, 2006 жылы шығарылған жазбаша нысанда жасалған жүк көлігін сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған.
2020 жылғы 3 ақпанда А[...] пен «ЮМ[...]» ЖШС-нің арасында жасалған маркасы Howa ZX 4257 S3241v, 2006 жылы шығарылған жүк көлігін сатып алу-сату туралы № 2 шарты жарамсыз деп танылған.
«ЮМ[...]» ЖШС-нің лауазымды тұлғасы маркасы Howa ZX 4257 S3241v, 2006 жылы шығарылған жүк көлігін «БИК[...]» ЖШС-не беру міндеттелген.
М[...] маркасы Howa ZX 4257 S3241v, 2006 жылы шығарылған жүк көлігін «БИК[...]» ЖШС-не беру туралы бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.
«БИК[...]» ЖШС-нің пайдасына жауапкерлер М[...] мен М[...] сот шығыны жалпы 282 972 теңге үлестiк қатынаста өндірілген.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 3 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылып, талап қою арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.
Өтінішхатта арызданушы іс бойынша қабылданған апелляциялық сот алқасының қаулысымен келіспейтіндігін, оны заңсыз әрі негізсіз деп көрсетіп, сот іс үшін маңызы бар мән-жайларды қате анықтауына, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына және қолданыстағы заңнаманың тиісті нормаларын қолданбауына байланысты қаулының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Өтінішхатта келтірілген мән-жайларды зерделеп, арызданушының уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268, 438, 443-баптарын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы азаматтық іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Г.Қ. Жүсіпбекова
Судья
Көшірмесі дұрыс. Судья
Г.Қ. Жүсіпбекова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.