6001-23-00-3Г/2411
ҰЙҒАРЫМ
2023 жылғы 12 маусым Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Ж.Мырзаке,
талап қоюшы «Атырау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Мекеме) жауапкер «ИМ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік):
-2021 жылғы 8 сәуірдегі №25302-ЭТП мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) бұзу туралы
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 17 қарашадағы қаулысына Серіктестіктің келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Мекеме жоғарыда көрсеткен талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 17 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімнің күші жойылған.
Шарт бұзылған. Сот шығыстары өндірілген.
Серіктестік өтінішхатта істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты даулы сот актінің күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруын сұраған.
Өтінішхатта келтірілген мән-жайларды зерделеп, арызданушының уәждерін азаматтық іспен бірге қосымша тексеру үшін судья азаматтық істі бірінші сатыдағы соттан алдыртып, өтінішхаттың қаралуын кейінге қалдыру қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268, 438, 443-баптарын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынан аталған азаматтық іс сұратып алдырылсын.
Өтінішхаттың алдын ала қаралуы іс келіп түскенге дейін кейінге қалдырылсын.
Судья
Ғ.Ж.Мырзаке
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.