ВС РК - Постановление от 04.07.2019 по делу 6001-19-00-6кп/43 (Об административном правонарушении)

Көшірмесі Қ А У Л Ы

6кп-43-19

2019 жылғы 4 шілде Нұр-Сұлтан қаласы

ҚазақстанРеспубликасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья - Г. Әлмағамбетова,

судьялар Ж. Ермағамбетова, Б. Шермұхаметов,

ҚазақстанРеспубликасы Бас прокуратурасының Департамент бөлімінің прокуроры К[...],

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында кассациялық тәртіппен аудио-бейне жазба құралдарын қолданып ашық сот отырысында Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 14 қаңтардағы қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен келіп түскен Қ[...] Республикасының азаматы Ч[...] (ZHOU, SHIQIANG) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 517-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, А Н Ы Қ Т А Д Ы : Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 14 қаңтардағы қаулысымен Қ[...] Республикасының азаматы Ч[...] (ZHOU, SHIQIANG) Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды ұсынады.

Прокурордың сот қаулысы өзгертілсін, Ч[...] тағайындалған Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу әкімшілік жазаның орнына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 37 875 (отыз жеті мың сегіз жүз жетпіс бес)

теңге айыппұл салынсын деген қорытындысын тыңдап, мамандандырылған сот алқасы келесі тұжырымға келді.

ӘҚБтК-нің 840-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот қаулысының күшiн жоюға

не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мынадай негіздер бар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; ӘҚБтК-дегі процестік нормалардың елеулi түрде бұзылуы; қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi.

Іс материалдарына сәйкес Ч[...] «ИБКБ[...]» ЖШС-нде (бұдан әрі - ЖШС) инженер болып жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасына келген.

2019 жылғы 10 қаңтардағы ЖШС-нің хабарламасына сәйкес Ч[...] 2019 жылғы 5 қаңтарда Атырау қаласынан Атырау облысының Жылыой ауданына іссапарға жіберілген. Көрсетілген хабарламаны көшіқон полициясы 2019 жылғы 10 қаңтарда алған.

Бұл ретте, 2019 жылғы 11 қаңтарда полиция қызметкерінің баянаты негізінде 2019 жылғы 3 қаңтардан бастап тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайда тұрмау фактісі бойынша Ч[...] қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған.

Кассациялық өтінішхатта Ч[...] 2019 жылғы 3 қаңтарда іссапарға жіберілгенін, содан кейін 5-8 қаңтарда ол кен орнынан екі рет шығып, Атырау қаласына қайтып оралғанын, яғни 5-8 қаңтардан бастап Атырау қаласында болғанын көрсеткен.

Ч[...] осы мән-жайларды куәгерлік айғақтармен және сотқа ұсынылған қосалқы бөлшектерді сатып алу туралы құжаттармен растайды.

Кассациялық өтінішхаттың дәлелдеріне сәйкес өтініш берушіні ұзақ мерзімді іссапарға жіберу туралы соңғы шешім 2019 жылғы 8 қаңтарда қабылданған, бұл туралы 2019 жылғы 10 қаңтарда жұмыс беруші көші-қон полициясы органдарына мәлімет жіберілген.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру қағидалардың 3-тармағына сәйкес тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгерткен кезде көшіп келушілер күнтізбелік бес күн ішінде жаңа тұратын жері бойынша ішкі істер органдарында қайта тіркеуден өтеді.

Жұмыс беруші-компания 2019 жылғы 5 қаңтардан бастап Ч[...] тұрғылықты жерінің өзгергені туралы мәліметтерді полиция органдарына тиісті мерзімде ұсынғанын ескере отырып, соттың құқықбұзушыны кінәлі деп тану туралы тұжырымы және ол тағайындаған жаза түрі күмәнді болып табылады.

Сот істі қараған кезде Ч[...] Атырау қаласынан кен орнына шығуы туралы мәліметтерде қарама-қайшылықтарды жоймаған, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 55-бабында көзделген мән-жайлар ескерілмеген: жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы.

ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігінің санкциясында Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу әкімшілік жазасы көзделген. Алайда, бүл баптың санкциясы баламалы болып табылады, себебі аталған жазадан басқа айыппүл да бар. Сондықтан сот Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу немесе айыппүл жазасын қолдануға қүқылы.

Істі қарау барысында бірінші сатыдағы сот аталған мән-жәйларға және заң талаптарына қажетті назар аудармаған.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабының 1 және 4 мен 5- бөліктерінің 3) тармағын басшылыққа ала отырып, мамандандырылған сот алқасы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 2-бөлігі бойынша Қ[...] Республикасының азаматы Ч[...] (ZHOU, SHIQIANG) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 14 қаңтардағы қаулысының күші

жойылсын, іс қайта қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа өзге құрамда жолдансын.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші Г. Әлмағамбетова Судьялар Ж. Ермағамбетова

Б. Шермұхаметов

Көшірмесі дұрыс. Судья

Б. Шермұхаметов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.