6001-24-00-3ПП/8
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 15 ақпан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья С.А.Жармұхамбетованың,
судьялар Т.Ә.Ибрашевтың, Г.Ж.Әлмағамбетованың,
аудармашы Т[...],
Т[...] өкілдері Б[...],Т[...],
С[...] өкілі Ә[...],
Д[...], Т[...] өкілдері Б[...], Т[...],
«F[...]» акционерлік қоғамының өкілі Т[...] қатысуымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Т[...] жауапкер С[...] тұрғын үйден шығару туралы, талап қоюмен талап қоюшы С[...] жауапкерлер жеке сот орындаушы Ә[...] (бұдан әрі– ЖСО Ә[...]), «F[...]» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - АҚ), Д[...], Т[...], үшінші тұлғалар нотариустар С[...], Т[...], Шымкент қаласының Әділет департаментіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мүлікті беру туралы актіні, сатып алу-сату келісім шарттарын және олардың тіркеуін жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2022 жылғы 17 маусымдағы шешіміне, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысына келтірген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымымен келіп түскен азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы Т[...] жауапкер С[...] тұрғын үйден шығару талап қоюымен, С[...] жауапкерлер жеке сот орындаушы Ә[...], «F[...]» АҚ-ға, Д[...], Т[...] мүлікті беру туралы актіні, сатып алу-сату шарттарын және олардың тіркеуін жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюымен сотқа жүгінген. Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2022 жылғы 17 маусымдағы шешімімен талап қоюы ішінара қанағаттандырылған.
С[...] Шымкент қаласы, Ұлағат шағын ауданы, Жаңақұрылыс көшесі, № [...] үйден (бұдан әрі – даулы үй) еріксіз түрде басқа тұрғын үй берместен шығарылған.
Қарсы талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымында іс бойынша қабылданған сот актілерді қайта қарауға кассациялық сатыдағы сотқа ұсыныс енгізуге ерекше негіздер бойынша қарау мәселесі қойылған.
Сот алқасы С[...] өкілі Ә[...] ұсынымды қолдаған, Т[...], Д[...] Т[...] өкілдері Б[...], Т[...] және «F[...]» АҚ-нің өкілі Т[...] ұсыныммен келіспей, оны қанағаттандырудан бас тарту жайлы түсініктерін тыңдап іс құжаттарын зерделеп, ұсынымның уәждерін талқылай отырып, төмендегі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабы 6-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайлар заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер болып табылады.
Аталған іс бойынша қабылданған сот актілері құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділік талаптарын бұзады.
АПК-нің 449-бабының 2-бөлігіне сай кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесiнде өтiнiшхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегiнен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы.
Іс материалдарынан анықталғандай, 2006 жылғы 15 желтоқсанда «Темірбанк» АҚ (бұдан әрі - АҚ) мен Т[...] арасында кредиттік шарт (ипотека) жасалып, соңғыға 9 615 000 теңге несие берілген, пайдалану мерзімі 2026 жылдың 15 желтоқсанына дейін.
Сонымен қатар, 2006 жылғы 15 желтоқсанда С[...] (кепіл беруші),
- АҚ және Т[...] араларында үш жақты кепіл шарты жасалып, С[...] кепілге өзінің даулы үйін қойған.
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2014 жылғы 12 наурыздағы шешімімен Т[...] Банк пайдасына 9 574 748 теңге өндірілген.
2016 жылғы 6 маусымында ЖСО Ә[...] атқару өндірісі қозғалған.
2017 жылғы 20 қыркүйегінде атқару өндірісі шеңберінде мүлікті беру туралы актінің негізінде даулы үй Банкке берілген.
2022 жылғы 10 ақпанда мирасқор «F[...]» АҚ даулы үйді Д[...] сатып алу-сату шартымен сатқан, 2022 жылғы 15 ақпанда Д[...] даулы үйді Т[...] сатқан.
Жергілікті соттар, мүлікті кепілге беру шарты және мүлікті меншікке беру туралы қаулы С[...] дауланбағанын және Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2016 жылғы 22 ақпандағы ұйғарымы негізінде ЖСО Ә[...] сот шешімінің орындау тәсілі мен тәртібін өзгертілген.
Жауапкер ЖСО Ә[...] жазған өтінішінде кепілге қойылған даулы үйді Банктің меншігіне өтуіне қарсы болмаған деген тұжырымға келген.
2022 жылғы 12 мамырдағы сот сарапшының қортындысын қылмыстық іс шеңберінде жүргізілгендіктен, назарға алмаған.
Сонымен қатар, жергілікті соттардың тұжырымдары алдын ала берілген. «Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 16 тармағына сәйкес АПК-нің 225-бабының екінші бөлігіне және 48-бабының екінші бөлігіне сәйкес сот iстi талап қоюшы мәлiм еткен талаптар шегiнде шешедi және талап қоюдың мәнiн немесе негiздемесiн өз бастамасы бойынша өзгертуге құқығы жоқ. Соттың мәлімделген талаптардың шегінен заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана шығуға құқығы бар. Талап қоюдың мәнi талап қоюшының (арыз берушiнiң) нақты талаптарымен келісіледi және жүгiнушiнiң құқықтары, бостандықтары немесе заңды мүдделерi бұзылуының немесе бұзылуына қауiп төнуiнiң мәнi көрсетiле отырып, материалдық-құқықтық талап ретiнде анықталады. Талап қоюдың негiздемесi деп мүдделi адам көрсеткен, өзiнiң талап қоюының мәнi болып табылатын материалдық-құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына әсер ететiн фактiлер түсiнiлуге тиiс.
Т[...] тұрғын үй жайдан шығару туралы талап қоюмен жүгінгенде тұрғын үй – жайды иеленуінің заңдылығын ғана емес, С[...] даулы тұрғын үй-жайда заңға қайшы тұрып жатырғанын да дәлелдеуге міндетті.
Сонымен қатар, С[...] мүліктен заңсыз айыру фактісі бойынша қылмыстық сот өндірісі аясында қорғауға жүгінген, оның нәтижелері соттармен зерттелмеген және оларға құқықтық баға берілмеген.
С[...] атқару өндірісі аясында тұрғын үй-жайды сатудың заңсыздығы туралы айта отырып, келісімнің болмауы туралы дәлелдеме келтіреді, ол сараптама қортындысымен бекітіледі. Осыған сәйкес мүлікті беру туралы актісінде С[...] атынан бас тұлғаның қолтаңбасы анықталған. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, жергілікті соттармен тиісті баға берілмеген және С[...] келтірілген төмендегі дәлелдемелер зерттелмеген:
-даулы үйді Банкке беруге өтініш жазбағанын және даулы үй С[...] сыртынан Б.Т[...] кепілге қойылғанын; - қылмыстық іс шеңберінде жасалған сот сарапшының қортындысында ЖСО-ның түзілген мүлікті беру туралы актісінде С[...] атынан басқа тұлғаның қолтаңбасы анықталғанын;
2017 жылғы 21 маусымындағы жылжымайтын мүлікті бағалау туралы қортындысына сай, даулы үй 5 005 000 теңгеге бағаланған. Бұдан бұрын 2006 жылы даулы үй 17 482 320 теңгеге бағаланғанын;
сатып алушы Д[...] даулы үйді төрт күннен кейін Т[...] сатқан, соңдықтан соттардың Т[...] адал алушылар деген тұжырымы негізсіз екенін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 « Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» Нормативтік қаулысының 10-тармағына сәйкес ипотекалық тұрғын үй міндеттемесі бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті, сондай-ақ үшінші тұлғаға (заттай кепілгерге) тиесілі кепіл нысанасын өндіріп алу туралы мәселені сот «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы №2723 Заңының 21-бабының талаптарына сәйкес кепілге салынған мүлікті өндіріп алу туралы кепіл ұстаушының талап қоюы бойынша жеке іс жүргізуде қарауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсанында № 2723 «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» занының 21-бабының 1-тармағына сәйкес ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу кепiл ұстаушының қуынымы бойынша сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiктi сату iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен ашық сауда-саттықта сату арқылы жүргiзiледi.
Азаматтық кодекстің (бұдан әрі - АК) 188 бабының 3 бөлігінде, меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
АК-нің 260, 261 бабының 2 бөлігіне сәйкес, егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы жоқ адамнан өтеусіз түрде алынса, меншiк иесi барлық ретте мүлiктi талап етiп алдыруға құқылы. Алайда, жергілікті соттар жоғарыда белгіленген заң нормаларын ескермей, ЖСО Ә[...] әрекеттерімен (әрекетсіздігі) С[...] өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығынан айырғанын, қылмыстық іс шеңберінде жүргізілген сот сарапшының қорытындысын назарға алмаған.
Сонымен қатар, кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті өндіріп алу туралы талап қоюымен сотқа жүгінбеген.
Жоғарыда көрсетілген істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар мәнжайлар соттың назарынан тыс қалып, оларға тиісті құқықтық баға берілмеген.
Істің мұндай тұрғысында, сот алқасы өтінішхатта көрсетілген мән-жайлар өз дәлелін тапты деп санайды. Жергілікті сотттардың жіберген кемшіліктері елеулі болып табылады, өйткені олар істің дұрыс шешілмеуіне әкеп соққан.
Осыған орай, кассациялық алқа бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың қабылдаған сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға апелляциялық сатыдағы сотқа жіберу қажет деп санайды.
Істі жаңадан қарау барысында жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жойып, істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде тексеріп, тараптардың ұсынған дәлелдемелерін зерделеп, олардың уәждеріне тиісті құқықтық баға беріп,
материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданып, заңды және негізді шешім қабылдау қажет.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2022 жылғы 17 маусымдағы шешімінің, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысының - күші жойылсын.
Азаматтық іс Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына жаңадан қарауға жолдансын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші С. Жармұхамбетова
Судьялар Т. Ибрашев
Г. Әлмағамбетова
Көшірмесі дұрыс
Судья Г. Әлмағамбетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.