Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 22.10.2025 по делу 6003-25-00-2к/396 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 22 қазан №6003-25-00-2К/396 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының судьялары А.Даненова мен М.Ибрагимова,

талап қоюшының өкілі Г.Көшербаеваның,

жауапкердің өкілі Г.Сихимовтың қатысуларымен,

ашық сот отырысында жауапкер Ташбиби Хасановна Ергешованың өкілі Г.Сихимовтың талап қоюшы Аимхан Артыковна Анарбаеваның жауапкер Ташбиби Хасановна Ергешоваға құрылысты мәжбүрлеп бұзып алып кетуді міндеттеу туралы азаматтық істі қараудан судья А.Тоқсанбаевқа мәлімделген қарсылығын қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Жауапкердің өкілі Г.Сихимов сот құрамындағы судья А.Тоқсанбаевқа қарсылық білдірді. Қарсылық, судья істің нәтижесіне мүдделі екенін, іске қатысты пікір білдіргені, бұрын Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы лауазымын атқарғаны, сот актісін қабылдаған судьялармен бірге қызмет жасағаны және негізсіз тараптарды татуласуға шақырғанымен негізделген.

Кассациялық соттың судьялары, жауапкердің өкілі Г.Сихимовтың қарсылықты қолдаған, талап қоюшының өкілі Г.Көшербаеваның қарсылықтың негізсіз екені туралы пікірлерін тыңдап, келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай -АПК) 37-бабының 2-бөлігіне сәйкес, апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы кассациялық сатылардағы соттарда қарауға қатыса алмайды.

АПК-нің 38-бабының 1,2-бөліктеріне сәйкес судья, егер ол:

  1. осы істі осының алдында қараған кезде медиацияны жүргізген судья, прокурор, куә, сарапшы, маман, аудармашы, консультант, тараптың немесе үшінші тұлғаның өкілі, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы ретінде қатысқан болса;

  2. іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің бірінің туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болса;

  3. істің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса не, егер оның бейтараптығына негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға және шешуге қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге (өздігінен бас тартуға) тиіс.

Істі қарайтын соттың алқалы құрамына өзара туыс, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар болып табылатын судьялар кіре алмайды.

Іс құжаттарына сәйкес, даулы азаматтық іс апелляциялық сатыдағы сотта қаралғанда судья А.Тоқсанбаев оған қатыспаған. Сондықтан АПК-нің 37-бабының 2-бөлігіне сәйкес судьяны істі қарауға қатысудан бас тартуға негіз жоқ. Процестік құқық нормаларында Кассациялық соттың судьясы бұрын

апелляциялық сатыдағы сотта судья лауазымын атқарғаны бас тартуға негіз болып табылатыны көзделмеген.

  • АПК-нің 174-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот (судья) тараптарға дауды

  • процестің барлық сатысында реттеуге шақырады және жәрдемдеседі.

  • Сондықтан судьяның тараптарды татуластыруға шақырғаны іске, істің

  • нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі екенін білдірмейді. Қорыта келе, судьяға АПК-нің 37, 38-баптарына көрсетілген қарсылық

  • білдіру негіздері жоқ екені анықталды.

  • Осыған байланысты Г.Сихимовтың судья А.Тоқсанбаевқа мәлімдеген

  • қарсылығы қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.

    • АПК-нің 41-бабын басшылыққа алып, судьялар

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Жауапкердің өкілі Г.Сихимовтың Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы А.Тоқсанбаевқа мәлімдеген қарсылығы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

М.Ибрагимова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.