ҚАУЛЫ
2025 жылғы 15 қыркүйек 6003-25-00-4к/1761 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші-судья Д.Ә.Әбдіғалиев,
судьялар - М.А.Қасымов, Г. М.Ыдырысова,
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 06 мамырдағы ұйғарымына, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 04 маусымдағы ұйғарымына кассациялық шағым бойынша келіп түскен,
дара кәсіпкер (бұдан әрі – ДК) Нұргүл Айтілеуқызы Төлегенованың, «Айым Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – ЖШС), «Айым Е» ЖШС-ның жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Департамент) аудиторлық есепті ішінара заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істі ашық сот отырысында қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшылар аудиторлық есеп ережелерінің ДК Н.А.Төлегеноваға, «Айым Б» ЖШС-ға, «Айым Е» ЖШС-ға қатысты бөлігін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Талап қоюдың негіздемесінде аудит жүргізу кезінде деректерді жинау заңнама талаптарын бұза отырып жүзеге асырылғанын көрсеткен.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 06 мамырдағы ұйғарымымен талап қою арызы әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындығына байланысты қайтарылған.
Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 04 маусымдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың 2025 жылғы 06 мамырдағы көрсетілген ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Кассациялық шағымда арыз берушілер іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс анықталмағанын, төмен тұрған соттардың процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын, соттар қорытындыларының істің мәнжайларына сәйкес келмейтінін көрсете отырып, сот актілерінің күшін жоюды, істі мәні бойынша қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберуді сұраған.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне байланысты тараптар және
іске қатысатын адамдардың оларға тиісінше хабарланған жағдайда кассациялық сатыдағы сотқа келмеуі істі мәні бойынша қарауға кедергі болып табылмайды.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес осы Кодекстің 434бабының бірінші бөлігінде көрсетілген заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер осы Кодекстің 427-бабында көзделген, заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзылуы болып табылады.
Соттар мұндай бұзушылықтарға жол бермеген.
Іс материалдары бойынша Департамент «Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты жоспардан тыс аудиторлық іс-шара өткізіп, 2025 жылғы 21 ақпандағы № 48 аудиторлық есеп жасаған. Аталған есепте «Арт-Спорт», «Даму бала» жобалары бойынша талап қоюшылардың қызметтер көрсетпегені туралы қорытынды жасалған.
Істің материалдарын зерделеп, кассациялық шағымның дәлелдерін талқылай отырып, кассациялық сатыдағы сот шағым жасалған сот актілерінің күшін жоюға не оларды өзгертуге негіздер таппады.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес 22-бабына сәйкес 22-бабына сәйкес аудиторлық есеп – мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, белгілі бір уақыт кезеңі үшін жүргізілген тиімділік аудитінің және (немесе) сәйкестік аудитінің нәтижелерін қамтитын құжат.
ӘРПК-нің 4-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес жарияқұқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын нақты тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім.
Заңдардың көрсетілген ережелерін негізге ала отырып, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар аудиторлық есеп ауыртпалық салатын әкімшілік акт болып табылмайды, соның салдарынан ол әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен дау айтуға жатпайды деген дұрыс қорытындыға келген.
Кассациялық сот аудиторлық есеп нақты тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін қозғайтын, олардың құқықтарын шектейтін немесе тоқтататын немесе оларға міндеттер жүктейтін әкімшілік акт болып табылмайды деген тұжырыммен келіседі. Іс жүзінде бұл аудиторлардың тексерілетін тұлғалар қызметінің заң нормаларына сәйкестігі туралы сараптамалық пікірі. Онда талап қоюшылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу, өзгерту немесе тоқтату түріндегі міндетті нұсқамалар қамтылмаған.
Есепте қаражатты қайтару немесе санкциялар қолдану туралы тікелей нұсқама жоқ. Нақты құқықтық салдарлар кейінгі әкімшілік акт болған
жағдайда ғана мүмкін болады. Есептегі тұжырымдар – бұл тексеруші органның бағалау пікірі, ол бұдан әрі әкімшілік акт (нұсқама, хабарлама және т.б.) қабылданбай дербес орындалуға жатпайды.
Осы себепті талап қоюшылардың «Аудиторлық қызмет туралы» Заңның аудиторлық есепке шағым жасау мүмкіндігін көздейтін 18-бабына сілтеме жасауын соттар негізді түрде назарға алмаған. Бұл жағдайда соттар ӘРПК-нің ережелерін дұрыс басшылыққа алды және есепті ӘРПК тәртібімен шағымдануға болатын әкімшілік акт ретінде емес, құқықтық салдарлар туғызбайтын сараптамалық пікір ретінде есептеген.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, бірінші сатыдағы сот талап қою арызын құқыққа сәйкес қайтарған, ал апелляциялық сот ұйғарымды негізді түрде өзгеріссіз қалдырған.
Сот актілерінің күшін жоюға негіз жоқ.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, ӘРПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Осы іс бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 06 мамырдағы ұйғарымы, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 04 маусымдағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья Д. Әбдіғалиев
Судьялар М. Қасымов
Г. Ыдырысова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.