ВС РК - Постановление от 17.10.2024 по делу 6001-24-00-6ап/527 (Административное)

6001-24-00-6ап/527

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 17 қазан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья Г.Б. Дуйсенбаев,

судьялар – Г.К. Нұрбаев, Е.Ж. Өмірәлиев болып,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Алиби Амангелдинович Амангелдиннің жауапкер жеке сот сорындаушы Куспангалиева Алия Наурусбаевнаның 2023 жылғы 6 қарашадағы қаулысның күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы ұйғарымына, Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 23 қаңтардағы ұйғарымына талап қоюшының кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы А.А.Амангелдин жоғарыда көрсетілген талап арызбен сотқа жүгініп, негіздемесінде сот орындаушысы Н.А.Куспангалиеваның 6 қараша 2023 жылғы алимент берешегін анықтаған қаулысымен келіспейтінін көрсеткен.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы ұйғарымымен өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылып, талап арыз кері қайтарылған.

Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 қаңтардағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшінде қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін, талап арыз негіссіз кері қайтарылғанын көрсете, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуді сұраған.

Сотқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді, сотқа келмеу себептерін хабарламады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды. Сот алқасы іс құжаттарын зерттеп, кассациялық шағым уәждерін талқылап, төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Істің мән-жайларына қарағанда, жеке сот орындаушы А.Куспангалиева, мүдделі тұлға Б.Амангелдинаның 2023 жылғы 30 қарашадағы өтініші негізінде борышкер А.Амангелдиннің кәмелетке толмаған бір баласы үшін алимент берешегін есептеп, 2023 жылғы 6 қарашадағы берешекті анықтау туралы қаулы қабылдаған.

Аталған қаулымен А.Амангелдин 2023 жылғы 7 қарашасында танысып, оның күшін жоюды сұрап, 2023 жылдың 7 желтоқсанында сотқа жүгінген.

Соттар талап қоюшының келтірген дәлелдері негізсіз деген тұжырымға келіп, сот орындаушысының іс-әрекетіне немесе актісіне дер кезінде шағымдануға нақты мүмкіндігі болған деп тұжырымдаған.

Яғни, ол ӘРПК-нің 136-бабының жетінші бөлігіне сәйкес, дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беруге арналған мерзімді сот АПК-нің қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін. Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.

ӘРПК-нің 136-бабының сегізінші бөлігі бойынша талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Сондықтан жергілікті соттардың талап қоюшыға сотқа талап арыз

берудің он күндік мерзімін қолдануы негізді болып табылады.

Істің мұндай тұрғысында жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мәнжайлар ауқымын дұрыс айқындаған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған деп санайды.

Талап қоюшының кассациялық шағымында көрсетілген уәждері төменгі саты соттарымен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, ал тараптардың сот тұжырымдамасымен келіспеуі сот актілерін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.

Сондықтан, сот алқасы талапкердің кассациялық шағымын қанағаттандыруға негіздер жоқ деп тапты. ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы ұйғарымы, Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 23 қаңтардағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы Алиби Амангелдинович Амангелдиннің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Г. Дуйсенбаев

Г. Нұрбаев

Судьялар

Е. Өмірәлиев

Көшірмесі дұрыс

Г.Б. Дуйсенбаев

Судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.