6001-23-00-6ап/3323
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 13 маусым Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – судья Г.Б. Дуйсенбаев,
судьялар – Ғ.Ө. Әлжанов, Г.К. Нұрбаев болып,
ашық сот отырысында талап қоюшы З[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Департамент) бір жолғы тұрғын үй төлемін беруден негізсіз бас тартқан шешіміне дау айту туралы талап арызы бойынша қабылданған,
Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 1 маусымдағы шешіміне және Абай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 қазандағы қаулысына жауапкер өкілінің кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы З[...] жоғарыда аталған талап арызбен сотқа жүгінген.
Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 1 маусымдағы шешімімен талап арыз қанағаттандырылған.
Департаментке талап қоюшы З[...] біржолғы тұрғын үй төлемін беру туралы баянаты тұрғын үй комиссиясында қайта қарауға және біржолғы тұрғын үй төлемін төлеу туралы қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеттелген.
Абай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкерлердің өкілі Ш[...] кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсете отырып, сот актілерінің күшін жоюды, талап қоюшының арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Сот алқасы, әкімшілік іс құжаттарын жан-жақты зерттеп, кассациялық шағымның уәждерін талқылап, келесі қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Іс материалдарына қарағанда, аға сержант З[...] Шекара қызметінде 2005 жылдың 23 қараша аыйнан 2022 жылдың 9 желтоқсанына дейінгі аралықта әскери қызмет атқарған, қызмет өтілі 18 жыл 4 күн.
Департамент басшысының 2022 жылғы 22 қарашасындағы №89 бұйрығының негізінде З[...] шекті жасқа толуына байланысты қызметінен босатылған.
Талап қоюшы 2022 жылғы 28 қазанда Департамент бастығына біржолғы тұрғын үй төлемдерін төлеуді сұраған өтініші 2022 жылдың 11 қарашада айында қаралып, қанағаттандырусыз қалдырылған.
Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдағанда, З[...] әскери қызметі кезеңінде тұрғын үйге мұқтаж деп танылғанын, тұрғын үй комиссиясының 2022 жылғы 24 қыркүйектегі шешімінің негізінде ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алғанын ескере отырып, З[...] әскери қызметке кіргенге дейін купондық тетік арқылы мемлекет қорынан жекешелендіру құқығымен Курчатов қаласында пәтер сатып алғаны ескерілуге жатпайды, себебі ол тұрғын үй әскери қызметке кіргенге дейін сатылып кеткен және тегін берілмеген деген тұжырым жасаған.
Сот алқасы жергілікті соттардың тұжырымдарымен толық келісіп, олар заңды, әрі негізді қабылданған деп санайды.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 1012-бабының 5-тармағына сәйкес әскери қызметшілер әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқартылуына байланысты, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша, өздеріне қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдері үшін:
бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдері;
бұрын Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген немесе әрбір қызмет өткеру орны бойынша меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрған кезеңдері шегеріле отырып, арнаулы мемлекеттік органдарға, Қ[...], басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қызметке кірген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үй төлемдерін алады. Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.
Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған әскери қызметшілерге әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқартылуына байланысты, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша, өздеріне қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезеңдері үшін осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың күші әскери қызметшілерге, егер олар не олардың зайыбы (жұбайы):
- тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса; Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.
Төменгі сатыдағы соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымы дұрыс айқындалған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған, процестік құқық нормалары бұзылмаған.
Жауапкер өкілінің кассациялық шағымында көрсетілген уәждері төменгі саты соттарымен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, ал тараптардың сот тұжырымдамасымен келіспеуі, сот актілерін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.
Сондықтан, сот алқасы іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жоюға, кассациялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп тапты.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 1 маусымдағы шешімі, Абай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 қазандағы қаулысы өзгеріссіз күшінде қалдырылсын.
Жауапкер өкілі Ш[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Г.Б. Дуйсенбаев
Судьялар
Ғ.Ө. Әлжанов Г.К. Нұрбаев
Көшірмесі дұрыс. Судья
Г.Б. Дуйсенбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.