№6001-23-00-6ап/1721 №6001-23-00-6ап/1721 (2)
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 11 сәуір Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы Ғ.Ө.Әлжанов,
судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшылар Ж[...] мен С[...] жауапкерлер «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы және лауазымды тұлғалары Н[...], Д[...] және Ж[...] ісәрекеттерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылдың 17 сәуірдегі ұйғарымы мен Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 23 мамырдағы ұйғарымына талап қоюшылардың келтірген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшылар жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 17 сәуірдегі ұйғарымымен талап қою кері қайтарылған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 23 мамырдағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшылар кассациялық шағымдарда іс бойынша соттар материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, шығарылған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
ӘРПК-ні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігіне сай әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Сот алқасы кассациялық шағымның уәждерімен іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.
Іс материалдарын анықталғандай, талап қоюшылардың өтініштері бойынша жергілікті атқарушы органмен жер комиссиясының хаттамалық шешімдерінің негізінде жер учаскелерін беруден бас тарту туралы қаулылар қабылданған.
Талап қоюда Ж[...] жер комиссия отырысының өтетін уақытын тиісті түрде хабарламау және талап қоюшының өкілін жер комиссия отырысына тікелей қатыстырмау әрекетін заңсыз деп тануды, С[...] хаттамалық шешімін ұсынбау әрекетін, мемлекеттік мекеменің бөлім басшысы Д[...] жер комиссия отырысында комиссия мүшелеріне «ұсыныс айту» әрекетін және мемлекеттік мекеменің басшысы Н[...] жер комиссия отырысына тікелей қатыстырмау, мәлімдеме жіберу іс-әрекеттерін заңсыз деп тануды сұраған.
Жергілікті соттар талап қоюды кері қайтарып, талап қоюшылармен қойылған талаптар жер комиссия отырысының хаттамалық шешімдерімен, әкім қаулылары – әкімшілік акт ретінде дауланған жағдайда, сотпен іс қарау барысында құқықтық баға берілетіні болады, яғни бөлек талап қою ретінде қаралуға жатпайды.
Бұл жағдайда талап қоюшылардың талаптары әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.
Соттардың бұл тұжырымдары іс материалдарымен негізделген.
ӘРПК-нің 138 бабы екінші тармағы 11) тармақшасына сәйкес іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса сот талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
Кассациялық шағымдар өзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.
Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған. Бұндай жағдайда, кассациялық шағымдарда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша соттарда анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.
Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.
ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылдың 17 сәуірдегі ұйғарымы мен Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 23 мамырдағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшылар Ж[...] мен С[...] кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
Ғ. Әлжанов Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова
Көшірмесі дұрыс. Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.