2024 жылғы 25 қараша Астана қаласы
6001-24-00-3г/5650
Қ А У Л Ы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ж.М. Қашқынбаева
талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан əрі - Мекеме) жауапкерлер «Торговая компания-Asset» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан əрі - ЖШС), «KMG Rompetrol S.R.L.(КМГ Ромпетрол С.Р.Л.)» компаниясына, «ITI Capital Qazaqstan Limited» жеке компаниясына, «Оператор РОП» ЖШС-не, «Mustang tyres» ЖШС-не, даудың нысанасына дербес талап мəлімдемейтін жауапкер жағындағы үшінші тұлға «Modern office Furniture» ЖШС-не мəмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 29 қаңтардағы шешімін, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 4 сəуірдегі қаулысын қайта қарау туралы Мекеменің келтірген өтінішхатын электрондық істі сұратумен алдын ала қарап,
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Мекеме сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгінген.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 29 қаңтардағы шешімімен Мекеменің жауапкер «Торговая компания-Asset» ЖШС-нің жəне жауапкер «KMG Rompetrol S.R.L.(КМГ Ромпетрол С.Р.Л.)» компаниясы арасындағы электронды шот-фактураларымен (бұдан əрі - ЭШФ), дəлелденетін айналым сомасы 4 900 000 теңге, қосылған құн салығы (бұдан əрі - ҚҚС), 0 теңгеге жасалынған 2020 жылдың 8 қазанындағы №39 шартын, жауапкер «ITI Capital Qazaqstan Limited» жеке компаниясымен арасындағы айналым сомасы 3 148 917 теңге, ҚҚС - 0 теңгеге жасалынған 2020 жылдың 5 тамызындағы ESF-110340010337-20200805-51643179 ЭШФ-мен дəлелденетін мəмілесін, жауапкер «Оператор РОП» ЖШС-мен арасындағы ЭШФ-мен дəлелденетін айналым сомасы 1 741 444 теңге, ҚҚС - 0 теңгеге жасалынған 2020 жылдың 18 тамызындағы №124/2020 шартын, жауапкер «Mustang tyres» ЖШС-мен арасындағы ЭШФ-мен дəлелденетін айналым сомасы 1 235 000 теңге, ҚҚС - 0 теңгеге жасалынған 2020 жылдың 4 наурызындағы №26 шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылған.
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 4 сəуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Өтінішхатта Мекеме іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың істі қарау барысында материалдық жəне процестік құқық нормаларын бұзғанын көрсетіп, дауланған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.
Электрондық іс құжаттарын жəне өтінішхат уəждерін зерделеп, судья төмендегі негіздерге байланысты кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін өтінішхатты беру керек деген тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (əрі қарай - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сəйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға əкеп соққан, материалдық жəне процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.
Мекеме мəмілелерді жалған деп тану туралы талабын «Торговая компания-Asseт» ЖШС-нің тəуекел дəрежесі жоғары, қандай да бір қызметтер көрсетуге мүмкіншілігі жоқ, жұмысшылары мен жабдықтаушылары жоқ, бюджетке төленетін төлемдері мен жəне салық жүктемесі төмен деген тұжырымдарымен негіздеген. Электрондық іс құжаттарынан анықталғандай, тұтынушы «КМГ Ромпетрол С.Р.Л.» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі Астана қаласының Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында(бұдан əрі-МКБ) тіркелген. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, №10 үй, Блок А, 28 қабат. Негізгі қызмет түрі: «Коммерциялық қызмет жəне басқару мəселелері бойынша кеңес беру». Тəуекел дəрежесі-төмен. Басшысы: Нуралинов Алдияр Джумагелдыевич. Бақылау кассалық-машинасы тіркелмеген. 2020 жылғы ЭШФ мəліметіне сəйкес ҚҚС-сыз айналым сомасы 4 900 000 теңгеге тəуекел дəрежесі жоғары, қандай да бір қызметтер көрсетуге мүмкіншілігі жоқ жабдықтаушы болып табылатын «Торговая компания - Asset» ЖШС-нен «Кабинет руководителя «PRIZMA» и кресло руководителя» тауарларын алып, өз шығынына қойып отырғандығы анықталған.
Тұтынушы «ITI Capital Qazaqstan Limited» жеке компаниясы Астана қаласы Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы: Астана қаласы, Мəңгілік Ел даңғылы, №55/20 үй, 337-338 пəтер. Негізгі қызмет түрі: «Сақтандыру жəне зейнетақымен қамтамасыз етуден басқа, қаржылық қызметтерді ұсыну
бойынша басқа қосалқы қызмет». Тəуекел дəрежесі-төмен. Басшысы: Мухтаров Рахат Оспанович. Бақылау кассалық-машинасы тіркелмеген.
2020 жылғы ЭШФ мəліметіне сəйкес ҚҚС-сыз айналым сомасы 1 065 179 теңгеге (ҚҚС - 127 821 тенге) тəуекел дəрежесі жоғары, қандай да бір қызметтер көрсетуге мүмкіншілігі жоқ жабдықтаушы болып табылатын «Торговая компания - Asset» ЖШС-нен «əр түрлі кеңсе жиһаздары» тауарларын алып, өз шығынына қойып отырғандығы анықталған.
Тұтынушы «Оператор РОП» ЖШС Астана қаласының Нұра ауданы бойынша МКБ-на тіркелген. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы, №11/5 үй, 6 пəтер.
Негізгі қызмет түрі: «Басқа санаттарға енгізілмеген басқа да кəсіби, ғылыми жəне техникалық қызмет». Тəуекел дəрежесі-орташа. Басшысы: Сарсенкулов Улан Жансеитович. Бақылау кассалық-машинасы тіркелмеген.
2020 жылғы ЭШФ мəліметіне сəйкес ҚҚС-сыз айналым сомасы 4 900 000 теңгеге (ҚҚС - 0 тенге) тəуекел дəрежесі жоғары, қандай да бір қызметтер көрсетуге мүмкіншілігі жоқ жабдықтаушы болып табылатын «Торговая компания - Asset» ЖШС-нен «Кабинет руководителя «PRIZMA» и кресло руководителя» тауарларын алып, өз шығынына қойып отырғандығы анықталған.
Тұтынушы «Mustang tyres» ЖШС-не Атырау қаласы бойынша МКБ-на тіркелген. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы: Атырау қаласы, Атырау2 м/а, №1 көше, 32 үй.
Негізгі қызмет түрі: «Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату». Тəуекел дəрежесі-орташа. Басшысы: Е.Ж. Жумакулов. 2019 жылы 18 қазан «Аппаратно-программный комплекс Webkassa 2.0» маркалы бақылау кассалық-машинасы тіркелген.
2020 жылғы ЭШФ мəліметіне сəйкес ҚҚС-сыз айналым сомасы 1 235 000 теңгеге (ҚҚС - 0 тенге) тəуекел дəрежесі жоғары, қандай да бір қызметтер көрсетуге мүмкіншілігі жоқ жабдықтаушы болып табылатын «Торговая компания - Asset» ЖШС-нен «кеңсе жиһаздары» секілді тауарларын алып, өз шығынына қойып отырғандығы анықталған.
Жабдықтаушы «Торговая компания - Asset» ЖШС заңды тұлға ретінде 2011 жылы 15 наурызда №413 бұйрығымен Әділет департаментіне тіркеліп, 2011 жылы 25 наурызда Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, 2016 жылы 29 қарашада Астана қаласының Сарыарқа ауданы бойынша МКБ-на тіркеуін ауыстырып, 2021 жылы 17 ақпанда Астана қаласының Есіл ауданы бойынша МКБ-на ауысып, 2021 жылы 22 желтоқсанда Алматы қаласының Алмалы ауданына ауысып, 2023 жылы 5 сəуірде Қызылорда қаласы бойынша МКБ-на қайта тіркеуін ауыстырған.
Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Саулет м/а, А.Ибраев кешесi, № 2 үй.
Алғаш рет ҚҚС төлеушi ретiнде 2020 жылы 25 қарашада тiркелiп, 2021 жылы 12 тамызда салықтық зерттеп-зерделеу нəтижесiмен тiркелген мекен-жайында болмауына байланысты ҚҚС төлеушісінің тіркеуінен шығарылған.
Айналысатын негізгі қызмет түрі: «Қандайда да бір нақтылаусыз тауарлардың кең ассортиментін көтерме саудада сату».
Серіктестік тіркелгеннен бастап оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінде қызмет атқарады.
Басшысы əрі құрылтайшысы-Б.Е.Ерденова.
Жергілікті соттар, жауапкер «Торговая компания-Asseт» ЖШС-нің жауапкерлер «KMG Rompetrol S.R.L.(КМГ Ромпетрол С.Р.Л.)» компаниясына, ITI Capital Qazaqstan Limited» жеке компаниясына, «Оператор РОП» ЖШС-не жəне «Mustang tyres» ЖШС-не жиһаздарды жəне басқа да тауарларды сатып, оларға толық жеткізіп, жеткізілген жиһаздарға жəне басқа да тауарларға төлем жасағандығы толық дəлелденеді, жауапкер «Торговая компания-Asseт» ЖШС-нің салық есептеліктерін тапсырмауы, салық төлемдерін төлемеуі, бухгалтерлік есеп құжаттарын тиісінше жүргізбеуі, тəуекел дəрежесінің жоғары болуы шынайы түрде, нақты атқарылған жұмыстарды жоққа шығаруға жəне іс жүзінде жасалып, орындалған мəмілені жарамсыз деп тануға негіз болмайды, сондықтан жауапкерлер арасындағы даулы болып отырған мəмілелерді олар құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасаған деуге болмайды деген тұжырымға келген.
Соттардың тұжырымдарын өтінішхат иесі заңсыз деп есептейді. Өтінішхатта келесідей уəждер келтірілген.
Біріншіден, «Торговая компания - Asset» ЖШС-не тəуекелдерді басқару жүйесімен ЭШФ бойынша 6 ұшырылыммен 2021 жылы 28 мамырда № 62056H000005 хабарлау қалыптастырылып, Серіктестіктің активтерінің болмауы, жалдамалы жұмысшыларының жоқтығы, жабдықтаушыларының қызметтер көрсетуге мүмкіндігінің жоқтығы, яғни қандай да бір қызметтерді көрсетуге, атқаруға мүмкіншілігінің жоқтығы себебінен «Тəуекел дəрежесі расталды» мəртебесі қойылып, қорытынды шығарылған.
Хабарлау қорытындысымен Серіктестікке 2021 жылы 15 маусымда №62056H600003 хабарлама қалыптастырылып, хабарлама орындалмау себебінен Серіктестіктің банктік шоттарының шығыс операциялары тоқтатылып жəне 2021 жылы 24 маусымда ЭШФ жазу мүмкіндігі шектелген. Қазіргі таңда салық төлеуші хабарламаны орындамаған.
Екіншіден, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы «Салық заңнамасын қолданудың кейбір мəселелері туралы» нормативтік қаулының 6-тармағына сай сот тарапынан дау айтылған мəміленің негізгі мақсаты салықтарды төлемеу немесе толық төлемеу болып табылатын анықталған жағдайда мəміле жарамсыз деп тануға жатады деп көрсетілген. «Торговая компания - Asset» ЖШС 2020 жылдан бастап
2023 жылдың 30 маусымына дейін бюджетке 1 065 000 теңгеге төлем жүргізген. Серіктестіктің 910.00 СЕН сəйкес 2020 жылға табысы (жылдық жиынтық табыс) 142 934 421 теңге жəне жалдамалы жұмысшы саны көрсетілмеген (1 жж.-50 218 551 теңге, 2 жж.-92 715 870 теңге), 2021 жылға табысы 2 864 361 теңге жəне 1 ғана адам көрсетілген (1жж.-2 864 361 теңге, 2 жж.- 0 теңге), ал 2022 жылға нөлдік көрсеткішпен тапсырылған.
Сонымен қатар, 4 тоқсанында 2020 жылдың 13 465 545 теңге айналым болғанымен 300.00 нысанды ҚҚС декларациясында 4 тоқсан 2020 жылға 0-дік көрсеткішпен көрсетілген. Яғни 13 465 545 теңгеден Салық кодексінің 422-бабының 1-тармағына сəйкес 12 % мөлшерде салық есептелуі тиіс еді (есептелуі тиіс ҚҚС 1 615 865 теңге), сондай-ақ осындай жағдай 1 тоқсан 2021 жылы айналым сомасы ҚҚС-сыз 1 936 510 теңге (есептелуі тиіс ҚҚС 232 381 теңге) бола тұра, 0 дік көрсеткішпен, 2 тоқсан 2021 жылы ҚҚС-сыз айналым сомасы 209 821 теңге (есептелуі тиіс ҚҚС 25 178 теңге) бола тұра мүлдем табысталмаған, 3 тоқсан 2021 жылға да ҚҚС бойынша салық есептілігі табысталмаған.
Осыған сəйкес, Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан ҚҚС бойынша анықталған ауытқушылықтарға 2021 жылы 19 тамызда №62059ZA00105, 2021 жылдың 29 қыркүйегінде №62059ZJ00131 хабарлаулар қалыптастырылып, жолданған.
Серіктестіктің ЭШФ мəліметіне сəйкес сатып алу жəне сату бойынша мəліметтер (талап қою ұсынғанға дейінгі мəліметтер): сату, өткізу бойынша ҚҚС қоспағанда айналымы 2020 жылы - 133 499 186 теңге, 2021 жылы - 2 146 332 теңге, 2022 жылы - 0 теңге, 2023 жылы - 0 теңге, ҚҚС сомасы: 2020 жылы - 1 671 231 теңге, 2021 жылы - 257 560 теңге, 2022-2023 жылдары - 0 теңге. Сатып алу бойынша ҚҚС қоспағанда айналымы 2020 жылы - 14 640 теңге, 2021 жылы - 16 073 571 теңге, 2022-2023 жылдары - 0 теңге, ҚҚС сомасы: 2020 жылы - 1 757 теңге, 2021 жылы - 1 928 829 теңге, 2022-2023 жылдары - 0 теңге.
ЭШФ мəліметіне сəйкес 2020-2021 жылдар аралығында сату, өткізу бойынша ҚҚС-сыз айналымы 135 645 518 теңге, ҚҚС 1 928 791 теңгеге 52 салық төлеуші контрагенттеріне кеңсе жиһаздары бойынша тауарларды өткізгені анықталған. ЭШФ мəліметіне сəйкес 2020-2021 жылдар аралығында сатып алу ҚҚС-сыз айналымы 16 088 214 теңге, ҚҚС 1 930 586 теңгеге 2 жабдықтаушылардан қызметтер мен тауарлар алғаны анықталды. «Торговая компания - Asset» ЖШС салыққа төлем жүргізбеген.
Үшіншіден, «Торговая компания - Asset» ЖШС 2021 жылдың 18 ақпанынан бастап айналысатын негізгі қызмет түрі - «46909 Қандай да бір нақтылаусыз тауарлардың кең ассортиментін көтерме саудада сату» (11.12.2013-17.02.2021 жылдар аралығында айналысқан қызмет түрі - «49410 Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау»).
2020 жылы «Торговая компания - Asset» ЖШС-нің айналысатын қызмет түрі, жасалған мəмілелер бойынша сəйкес келмейтіндігі анықталған.
Төртіншіден, жауапкер тарапынан өткізілген тауарларды жеткізу үшін қандай да бір техниканы қажет етеді. Алайда, «Торговая компания - Asset» ЖШС 700.00, 700.01 үлгідегі салық есептіліктерін 2020-2021 жылдар үшін тапсырмағандықтан, активтерінің жоқ екендігін көрсетеді.
Жауапкерлер тарапынан тауарларды қалай жеткізілгенді жөнінде растайтын қандай да бір құжаттар ұсынылмаған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан əрі - АК) 689-бабының 2-тармағына жəне «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30, 32-баптарына сəйкес тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыра отырып, тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжаты болуға, оларға жəне жол парағына автокөлік құралының келу жəне кету уақыты туралы белгі соғуға міндетті.
Инвестициялар жəне даму министрінің 2015 жылғы 30 сəуірдегі №546 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларының» 42, 45-тармақтарына сəйкес нысандары қағиданың 1 жəне 9-қосымшаларымен бекітілген тиісті рəсімделген тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парағын жүргізушіге тапсырғаннан кейін тиеу жəне түсіру аяқталды деп есептеледі.
Жүк алушы қол қойған тауар-көлік жүкқұжаты тауардың алынғанын куаландырады жəне оны кіріске алуға негіз болып табылады.
Яғни, тауарды сатып алу жəне тасымалдау заңмен белгіленген дəлелдемелердің жиынтығымен расталуы керек: жол парақтары жəне тауарлық-көліктік жүк құжаттары.
Жауапкерлермен АПК-нің 72-бабының негізінде, жол парақтары мен тиісінше рəсімделген, тасымалдауларды жасауды, көлік құралдарының жұмысын, тауар алуды куəландыратын тауар-көлік жүкқұжаттары, сондай-ақ жүк тасымалдау үшін өзге де қажетті құжаттар сотқа тапсырылмаған.
Бесіншіден, «Торговая компания - Asset» ЖШС-нің тұтынушы «КМГ Ромпетрол С.Р.Л.» Қазақстан Республикасының өкілділігі арасында 2020 жылы 8 қазандағы №39 сатып алу-сату шарты жасалған. Алайда айналым сомасы ҚҚС-сыз 4 900 000 теңгеге жазылған күні 2020 жылғы 25 қазан, мəміле жасалған күні 2020 жылғы 12 қазан ESF-11034001033720201025-49328285 ЭШФ-ның 27.2 тармағында шарт нөмірі, күні жазылмай келісім шартсыз деп көрсетілгендігі анықталды.
«Торговая компания - Asset» ЖШС пен тұтынушы «Mustang tyres» ЖШС арасында ҚҚС-сыз айналым 285 000 теңгені құрайтын (ҚҚС 0 теңге) ESF-110340010337-20200722-36392415, ҚҚС-сыз айналым 950 000 теңгені құрайтын (ҚҚС 0 теңге) 27.08.2020 жылғы ESF-110340010337-2020082741295260 ЭШФ негізінде тауарлар алғандығын көрсеткен. ЭШФ-да төлем қолма-қолсыз деп көрсетілген, төлем туралы мəліметтер ұсынылмаған. ЭШФ-ның 27.2-тармағында шарт нөмірі, күні жазылмай шартсыз деп
көрсетілгендігі анықталды. Алайда 2020 жылғы 4 наурыздағы №26 тауарларды жеткізу бойынша шартты ұсынған.
«Торговая компания - Asset» ЖШС пен тұтынушы «Оператор РОП» ЖШС арасында 2020 жылғы 18 тамыздағы №124/2022 тауарларды жеткізу шарты жасалған. Шарттың жалпы сомасы 1 741 444 теңгені құраған. Алайда айналым сомасы ҚҚС-сыз 1 741 444 теңгеге жазылған күні 2020 жылғы 21 қыркүйек, мəміле жасалған күні 2020 жыл 9 қыркүйек ESF-11034001033720200921-36109653 ЭШФ-ның 27.2-тармағында шарт нөмірі, күні жазылмай шартсыз деп көрсетілгендігі анықталды. ЭШФ-да төлем қолма-қолсыз деп көрсетілген, төлем туралы мəліметтер ұсынылмаған.
ЭШФ-дың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидалары бұзылған.
«Торговая компания - Asset» ЖШС пен «ITI Capital Qazaqstan Limited» жеке компаниясы арасында 2020 жылдың шілде айында офистік жихаздарды, тауарларды жеткізу бойынша екі жақты шарт жасалған. Екі жақты шартқа сəйкес жалпы сомасы 3 148 917 теңгені құраған.
АК-нің 152-бабына сəйкес мəмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз айлық есептік көрсеткіш жоғары сомаға болған жағдайда мəміле жазбаша түрінде жасалуы тиіс. 2021 жылға 1 айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгені құраған. Демек, бір мəміле 291 700 теңге жəне ол сомадан асқан жағдай да мəміле жазбаша түрінде жасалуға жатады.
Сонымен қатар, «Mustang tyres» ЖШС салық есептіліктерін талдау барысында серіктестік 2020 жылға 100.00 корпоративтік табыс салығы декларациясына қосымша салық есептілігін 2023 жылдың 28 желтоқсанында табыстаған. Осыған сəйкес Салық кодексінің 48-бабының 9-тармағының 1) тармақшасына сəйкес салықтарды жəне бюджетке төленетін төлемдерді есепке жазу жəне (немесе) олардың есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпей өтетін кезеңдегі қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда - күнтізбелік бір жылға ұзартылуына байланысты мəмілелер жарамсыз деп танылған жағдайда хабарлама қалыптастыруға мүмкіндік бар.
Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры, яғни оның ел мүдделеріне қайшы пайдаланылуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге əкеп соғуы мүмкін стратегиялық ресурс (Бюджет кодексінің 3-бабының 1-тармағының 12) тармақшасы).
Өтінішхат иесінің пікірі бойынша соттар ұсынылған дəлелдемелерге біржақты баға берген, материалдық жəне процестік құқықтың нормалар бұзылған, іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңбері дұрыс анықталмаған жəне шешілмеген, сот актілерінде көрсетілген дəлелдер істің мəн-жайына сəйкес келмейді.
Өтінішхатта көрсетілген жəне басқа да уəждер дау айтылған сот актілері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында анықталуға жататын негіздер болып табылады.
АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 29 қаңтардағы шешіміне, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 4 сəуірдегі қаулысына келтірілген өтінішхат электрондық іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.
Ж.Қашқынбаева
Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.