№6003-26-00-2к/1332(2) іс
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 16 маусым Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, судьялар А.К.Есдаулетов, Д.Д.Махметова болып, талап қоюшы Д[...],
жауапкер өкілі М[...] қатысуларымен, бейне-байланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында, Талдықорған қалалық сотының 2025 жылғы 27 тамыздағы шешімі мен Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 қарашадағы қаулысына жауапкердің кассациялық шағымымен түскен,
талап қоюшы Д[...] жауапкер А[...] моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
Д[...] талап қоюында, А[...] бауыры Д[...] қасақана өлтіруінің салдарынан келтірілген 10 000 000 теңге моральдық зиянның өтемақысын өндіруді сұраған. Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 қарашадағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, Талдықорған қалалық сотының 2025 жылғы 27 тамыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Сот шығындары бөлінген.
Оған соттардың жауапкердің келтірілген зиянды өтеуге міндеттілігі туралы тұжырымға келуі негіз болған. Өтемақы мөлшерін айқындауда ақылға сыйымдылық пен әділдік өлшемшарттары ескерілген.
Кассациялық шағымда, материалдық, денсаулық және отбасылық жағдайын ескеріп, өндірілген моральдық зиянның мөлшерін 2 000 000 теңгеге дейін азайту сұралған.
Кассациялық сот істегі бар дәлелдемелерді зерттеп, сотқа қатысушылардың түсініктерін тыңдап, кассациялық шағымның дәлелдерi шегiнде соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексерiп, шағым уәждерін талқылап, төмендегідей тұжырымға келді. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Іс бойынша соттармен мұндай бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-АК) 917бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен
(әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.
АК-тің 951-бабының талабы бойынша моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесiлi жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарын құқыққа қайшы бұзу, кемсiту немесе олардан айыру салдарынан басынан кешірген жан азабын немесе тән азабын түсiну қажет.
Тараптар арасында даудың туындауына негіз болған істің мән-жайлары шағым берілген сот актілерінде толық баяндалғандықтан, олар осы қаулыда қайталап көрсетуді қажет етпейді.
Іс құжаттарына қарағанда, соттың 2025 жылғы 16 сәуірдегі үкімімен жауапкер А[...] Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотты болған.
Сот үкімімен жауапкер А[...] талап қоюшы Д[...] інісі Д[...] дененің әр-жерінен жалпы саны 113-рет тесіп өткен, түйрелген-кесілген жарақаттарын салып қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылған.
АПК-нің 76-бабы 3-бөлігіне сәйкес аталған мән-жайлар осы істі қарауда қайта дәлелденуге жатпайды.
Істі қарауда А[...] келтірілген зиянды өтеуден босатуға негіз болып табылатын мән-жайлар анықталмаған.
Сондықтан соңғы келтірілген зиянға жауап беруге тиіс болған.
Сотпен талап қоюшының заңмен тікелей көзделген бұл даусыз құқығы ескеріліп, моральдық зиянның өтемақысы АК-тің 951, 952 - баптарының талаптарына сай оның жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуының нақты мән-жайлары, келтірілген зардаптардың ауырлығы ескеріле отырып айқындалған.
АПК-нің 6-бабының 5-бөлігінде егер заңда немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып шешуге міндеттілігі көзделген.
Бұл тұрғыда, өтемақы мөлшерімен келіспеу жөніндегі шағым уәждері, оның мөлшерін анықтауда құқық нормаларының бұзылуы анықталмағандықтан негізсіз, себебі бұл мәселені шешу соттың жеке субъективті пікірі болып табылады және жоғарыда аталған материалдық құқық нормаларында көзделген.
Жалпы, кассациялық шағымда келтірілген уәждер соттардың қарау нысаны болып, даулы сот актілерінде оларға қатысты тиісті құқықтық баға берілген.
Осыған орай, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот
Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотының 2025 жылғы 27 тамыздағы шешімі мен Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 қарашадағы қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Г.Джаппарова
Судьялар Д.Махметова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.