6003-25-00-3к/172
2025 жылғы 28 тамыз Астана
қаласы
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші- судья Қ.А .Мусетов, судьялар М.К.Сатыбалдин, Г.Б.Даулетова, Қазақстан Республикасының Бас прокур орының аға көмекшісі А.Төремұратұлының,
өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргіз іліп жатқан тұлға М.М.Бақытт ың , оның қорғаушысы М.Б.Наметовтың, жәбірленуші Б.Бахытжанұлының өкілі - адвокат Д.Б.Әуелбековтың қатысуларымен, кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы, Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 маусымдағы қаулыларына Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты т өрағасының ұсынуымен келіп түскен Маханбет Манарбекұлы Бақытқ а қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, А Н Ы Қ Т А Д Ы:
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы қаулысымен Маханбет Манарбекұлы Бақыт ӘҚБтКтің 610-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 78 640 теңге айыппұл салынған.
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот қаулысы өзгеріссіз қалдырылған. Қылмыстық істер жөніндегі к ассациялық соты т өрағасының ұсынуында құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот қаулыларын қайта қарауды сұраған.
Ұсынуды қолдаған прокурор А. Төремұратұлының, М.М.Бақыттың, оның қорғаушысы М.Б.Наметовтың пікірлерін, жәбірленуші Б.Бахытжанұлының өкілі - адвокат Д.Б.Әуелбековтың пікірін тыңдап, іс материалдарын зерделеп, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот келесі тұжырымға келді.
ӘҚБтК-нің 822-бабы 2-бөлігі бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңды және негізделген болуға тиiс.
ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға: қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын; қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын; қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.
Аталған Кодекстің 766-бабының 1)-3)-тармақтарында көзделгендей, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасы және осы Кодексте көзделген оның құрамының белгілері; осы Кодексте әкімшілік жауаптылық көзделген, құқыққа қарсы іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) жасаған тұлға; жеке тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлілігі, сондай-ақ істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.
Сот қаулыларына сай, М.М.Бақыт 05 сәуір 2025 жылы сағат 15:30 шамасында өзінің басқаруындағы «MERCEDES-BENZ 230» маркалы, мемлекеттік белгісі 550NCC11 автокөлігімен Қызылорда қаласы Ергешбаев көшесімен басқарып келіп, Есетов көшесі қиылысында қарсы бағытқа шығып автокөліктерден басып озу кезінде «ГАЗ 322131 95» мемлекеттік белгісі 511 GSA 11 автокөлігіне соқтығысып, нәтижесінде көлік құралдарының, мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген.
М.М.Бақыт сот отырысында әрекетін мойындамай, 2025 жылғы 5 сәуірде сағат 15.30 шамасында басқаруындағы «MERCEDES-BENZ 230» маркалы, мемлекеттік белгісі 550NCC11 автокөлігімен Қызылорда қаласы Ергешбаев көшесімен басқарып келіп, Есетов көшесінің қиылысында, алдында қозғалыс жасап келген
Б.Бахытжанұлының басқаруындағы «ГАЗ 322131 95» мемлекеттік белгісі 511 GSA 11 автокөлігі кенеттен ескерту шамын жақпай, солға бұрылыс жасап шығып қалып, автокөлігінің тежегішін басқанымен соқтығыс орын алғанын көрсетті. Бірінші сатыдағы сот М.М.Бақыт жол жүрісі Ережесінің 11.78; 10.72 тармақтарын сақтамай, автокөлігін Ергешбаев көшесімен басқарып келіп, Есетов көшесінің қиылысында, алдында бағыттас қозғалыс жасап келіп, солға бұрылыс жасап жатқан Б.Бахытжанұлының басқаруындағы автокөлікті сол жағынан басып озып соқтығысып, жол көлік оқиғасының орын алуына себепкер болған деген қорытындыға келген. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 30 маусым 2023 жылы №534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі Ережесінің 47тармағына сәйкес маневрді бастамас бұрын жүргізуші тиісті жарық индикаторларымен, ал егер олар жоқ немесе ақаулы болса, қолымен сигнал береді.Бұл жағдайда маневр қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады және жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі жасамайды.
Алайда, жол-көлік оқиғасы сызбасын зерттеу барысында жолкөлік оқиғасы біржақты жүру қозғалыстағы жол болып табылатынын, «MERCEDES-BENZ 230» маркалы автокөлігінің жүргізушісі өз жолағымен келе жатқаны, ал «ГАЗ 322131 95» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Ережесінің 47-тармағын бұзып, кенеттен ескерту шамын жақпай, солға бұрылыс жасап шығып қалып, нәтижесінде соқтығыс орын алғаны көрінеді.
Бірінші сатыдағы сотпен тараптар ұсынған жол-көлік оқиғасы орын алғаннан кейінгі фотосуретпен бейнежазбаны зерделеу барысында, жол-көлік оқиғасында «MERCEDES-BENZ 230» маркалы автокөлігінің алдыңғы оң жақ бұрышы, оң жақ қапталы бөлігі, ал «ГАЗ 322131 95» маркалы автокөлігінің cол жақ алдыңғы жүргізуші есігі бөлігі зақымдалғаны айқындалған. Сонымен қатар, әкімшілік істі қарау барысында бірінші сатыдағы сотпен жол-көлік жағдаятары бойынша сараптама тағайындалып, 28 мамыр 2025 жылғы №755 сараптама «MERCEDESBENZ 230» маркалы автокөлігінің жүргізушісінде «Газ 322131» маркалы автокөлігі солға бұрыла бастаған сәтінен бастап, автокөлікті шұғыл тежеу арқылы онымен соқтығысты болдырмауға техникалық мүмкіндігі болмаған деген қорытындысы берілген. Жергілікті соттар жол-көлік оқиғасы сызбасында «MERCEDESBENZ 230» маркалы көлік құралының тежегішінің іздері
көрсетілмегенін негізге алып, аталған сараптама қорытындысын есепке алмаған.
Алайда көлік құралының тежегішінің іздерін сызбада көрсетілмегені тежегіш қолданылмағанның дәлелі бола алмайды, себебі оқиға орнына анықтаушы бармағаны көрінеді. Мұндай жағдайда, жергілікті соттардың орын алған жолкөлік оқиғасы бойынша М.М.Бақыт кінәлі деген тұжырымы қате, себебі іс бойынша жинақталған материалдардан жол-көлік оқиғасының орын алуына Б.Бахытжанұлының басқаруындағы «ГАЗ 322131 95» мемлекеттік белгісі 511 GSA 11 автокөлігі кенеттен ескерту шамын жақпай, солға бұрылыс жасап шығып қалып, М.М.Бақыттың басқаруындағы маркасы «MERCEDES-BENZ 230», мемлекеттік белгісі 550 NCC 11 көлік құралына соқтығыс жасағаны, яғни жол жүрісі Ережесінің 47-тармағының талаптарын бұзғаны анықталды.
Жергілікті соттармен М.М.Бақыттың шағымын қарау барысында көрсетілген істің мән-жайы жан-жақты зерттелмеген, жол жүрісі Ережесінің талаптарына дұрыс баға берілмеген. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар М.М.Бақыттың әрекетінде ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың құрамының жоқтығын айғақтайды.
Істің жоғарыда көрсетілген мән-жайларды назарға ала отырып, соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында біркелкіліктің бұзылуына байланысты ӘҚБтК-нің 851-бабының тәртібімен іс бойынша шығарылған сот қаулыларының күші жойылуға жатады.
ӘҚБтК-тің 741-бабының нормалары негізінде М.М.Бақытқа қатысты қозғалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қабылданған сот қаулыларының күші жойылып, оның іс-әрекеттерінде ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылуға жатады. Қылмыстық істер жөніндегі к ассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандыруға жатады.
ӘҚБтК-нің 851-бабын басшылыққа ала отырып, Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот,
ҚАУЛЫ ЕТТІ :
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша Маханбет Манарбекұлы Бақытқа қатысты Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы және Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот
алқасының 2025 жылғы 19 маусымдағы қаулыларының күші жойылсын.
ӘҚБтК-нің 741-бабының негізінде Маханбет Манарбекұлы Бақытты оның іс-әрекеттерінде ӘҚБтК-нің 610-бабының 1- бөлігінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылсын. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші
Қ.А.Мусетов
М.К.Сатыбалдин
Судьялар
Г.Б.Даулетова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.