ҰЙҒАРЫМ
2025 жылғы 10 желтоқсан №6003-00-25-2к/4186 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының төрағасы А.С.Смайлов талап қоюшы Аслан Манатович Зайнетовтың «Samruk Business Academy» жеке мекемесіне, «Казақойл Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ембі аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жою, бұрынғы лауазымына қайта орналастыру, медициналық куәландырудың қортындысын жарамсыз деп танып, жүргізілген тексерулерді заңсыз деп тану, бос жүрген уақытына жалақыны өндіру мен моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық ісі бойынша судья Н.Б.Ормахановтың істі қараудан өздігінен бас тарту туралы арызын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Ақтөбе қалалық сотының 2025 жылғы 2 шілдедегі шешіммен және Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен келіспей талап қоюшы кассациялық шағым келтірген.
Аталған шағым «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы кассациялық соттың судьясы Н.Б.Ормахановтың іс жүргізуіне бөлінген.
Кассациялық соттың судьясы Н.Б.Ормахановтан осы іске қатысты талап қоюшының медициналық куәландырудың қортындысын жарамсыз деп танып, жүргізілген тексерулерін заңсыз деп тану туралы талап қоюдың бөлігі бойынша Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының 2025 жылғы 20 мамырдағы ұйғарымына келтірілген жеке шағымын апелляциялық сатыда қарағандықтан істі қарауға қатыса алмайтынын көрсетіп, істі қараудан өздігінен бас тарту туралы арыз келтірді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) 37-бабының 2-бөлігіне сәйкес апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатыса алмайды.
Іс құжаттарынан анықталғандай судья Н.Б.Ормаханов осы іске қатысты талап қоюшы А.М.Зайнетовтың медициналық куәландырудың қортындысын жарамсыз деп танып, жүргізілген тексерулерін заңсыз деп тану туралы талап қоюдың бөлігі бойынша Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының 2025 жылғы 20 мамырдағы ұйғарымына келтірілген жеке шағымын апелляциялық сатыда қараған .
Мұндай жағдайда көрсетілген процестік құқық нормаларына сәйкес судья осы азаматтық іске кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатыса алмайды. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде судьяның өздігінен бас тартуы қанағаттандыруға жатады.
АПК-нің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес, судья
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы Н.Б.Ормахановтың талап қоюшы Аслан Манатович Зайнетовтың «Samruk Business Academy» жеке мекемесіне, «Казақойл Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ембі аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына бұйрықты заңсыз деп танып, күшін жою, бұрынғы лауазымына қайта орналастыру, медициналық куәландырудың қортындысын жарамсыз деп танып, жүргізілген тексерулерін заңсыз деп тану, бос жүрген уақытына жалақыны өндіру мен моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс бойынша істі қараудан өздігінен бас тартуы арызы қанағаттандырылсын, іс «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы қайта бөлуге берілсін.
Төраға А.С.Смайлов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.