6001-23-00-3г/5436
ҚАУЛЫ
2023 жылғы 19 желтоқсан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ш.С.Иманиязова талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің жауапкерлер Н[...], И[...], И[...], «Сайрам ауданының әкімдігі» ММге, «Шымкент қаласының әкімдігі» ММ-ге, «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-ге, үшінші тарап «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ-қа, жеке нотариус К[...], Ш[...] іске қатыстырып, мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның шешімін, сатып алу-сату шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған Қаратау аудандық сотының 2023 жылғы 10 мамырдағы шешімін және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы И[...] өкілі М[...] өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгінген. Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының 2023 жылғы 10 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Арызданушы өтінішхатында істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қаңағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттар тарапынан мұндай заң бұзушылықтарға жол берілгені туралы өтінішхат иесінің уәждері кассациялық сатының сот отырысында зерттеліп қаралуға жатады.
АПК-нің 449-бабының 2-бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесiнде өтiнiшхаттың шегiнен шығуға және шағым жасалған сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы.
Сотта анықталғандай, Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 8 мамырдағы №35995 шешімі негізінде Н[...] ОҚО, Сайрам ауданы, Қаратөбе ауылдық округі Базар-қақпа елді мекені, Сайрам су көшесінің бойынан пайдаланыстағы тұрғын үй және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, көлемі 0,2400 га жер учаскесі беріліп, кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаты рәсімделген.
Н[...] өтініші негізінде 2015 жылы «ЮгЗемПроект-kz» мекемесімен Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Базар-қақпа елді мекені Сайрам-су көшесінде орналасқан жерге Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Хамданбай көшесінің бойындағы бос аумаққа «жерге орналастыру жобасы» әзірленіп, Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімінің 2015 жылғы 25 маусымдағы бұйрығымен, кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаты рәсімделген.
2016 жылғы 5 қыркүйекте жер учаскесіне Н[...] пен И[...] арасында сатып алу-сату шарты жасалып, жер учаскесіне кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаты рәсімделген.
2019 жылғы 30 қазанда И[...] өтініші негізінде жалпы көлемі 0,24 га, кадастрлық №[...], жер учаскесі екіге бөлініп, кадастрлық №[...], көлемі 0,0973 га және кадастрлық №[...], көлемі 0,1427 га болып, сәйкестендіру құжаттары рәсімделген.
2021 жылғы 11 наурызда И[...] өтініші негізінде жалпы көлемі 0,1427 га, кадастрлық №[...], жер учаскесі екіге бөлініп, кадастрлық №[...], көлемі 0,0323 га және кадастрлық №[...], көлемі 0,1104 га, сәйкестендіру құжаттары рәсімделген.
2023 жылғы 10 мамырдағы Қаратау аудандық сотының ұйғарымымен талап қоюшының кадастрлық №[...], №[...], №22330-080-088, №[...], №[...], №[...] сәйкестендіру актілерін жарамсыз деп тану туралы талап қоюдың бөлігі бойынша іс жүргізу тоқтатылған. Сонымен қатар, Н[...] қатысты Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 12 мамырдағы шешімі қабылданып, оған ОҚО, Сайрам ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Базар қақпа ауылы, Сайрам көшесінде бұрын салынып орналасқан дүкеннің нөмірі жоқ жер учаскесі жекеменшік пайдалану құқығымен беріліп, жер учаскесіне кадастрлық №[...] сәйкестендіру құжаты табысталған.
Жергілікті соттар Н[...] жер учаскесін беру жөнінде шығарылған шешім заң талаптарына сәйкес келмейді, яғни атқарушы органдардың құқықтық актілері негізінде берілмеген, аталған даулы жер учаскесін иеленуге оның құқығы болмаған деп тұжырымдап, Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 8 мамырдағы шешімін және 2016 жылғы 5 қыркүйектегі Н[...] пен И[...] арасында жасалған жер учаскесін сатып алу-сату шарты жарамсыз деп таныған.
Арызданушының өтінішхатта келтірген уәждеріне сәйкес ОҚО, Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 8 мамырдағы № 35995 шешімі негізінде Н[...] атына кадастрлық №[...] акт берілген, бірақ ол мемлекеттік тіркеуден өтпеген.
Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 12 мамырдағы № 35995 шешімі негізінде кадастрлық №[...] акт берілген. Содан соң жер учаскесі Шымкент қаласының жеріне өтіп, кадастрлық №[...] құжатқа ауыстырылып, 2016 жылы И[...] сатылған.
Мұрағат берген жауап хатында Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 12 мамырдағы шешімінің бар болуын, алайда 2007 жылғы 8 мамырдағы шешімінің жоқ екендігін көрсеткен.
Арызданушы өтінішхатта сатып алған жер учаскесі Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 12 мамырдағы шешімі негізінде тіркелгеніне, ол туралы 2016 жылғы 5 қыркүйектегі сатып алу-сату шартта көзделгеніне, алайда бұл шешім дауланбағанына, өз күшінде қалғанына назар аударған.
Осыдан бұрын азамат Ш[...] Қаратау аудандық сотына талап қоюмен жүгініп, өзінің жер учаскесімен И[...] жер учаскесі беттескені туралы көрсеткен. Сот ұйғарымымен талап қою тоқтатылып, талап қоюшыға Шымкент қаласы әкімшілік сотына жүгіну тәртібі түсіндірілген.
Сонымен қатар, У.Ш[...] ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 8 мамырдағы шешімін заңсыз деп тануды сұрап, Шымкент қаласы әкімшілік сотына талаппен жүгінген, алайда талап қою кері қайтарылған.
Өтінішхат иесінің пікірінше соттар У.Ш[...] ауданы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның 2007 жылғы 8 мамырдағы шешімін бұрын даулағанын, бірақ талап қоюшы осы іс бойынша аталған шешімді қайта даулап, сотқа жүгінгенін, яғни мемлекеттік орган жеке тұлға Ш[...] мүддесін қорғап, оның алдыңғы соттарға берген талап қоюындағы мәтініне ұқсас талап қоюмен сотқа жүгінгенін ескермеген.
Іс құжаттарын алдын ала зерделеу, арызданушының өтінішхатта келтірген уәждері және жоғарыда көрсетілген түйіндер дау айтылған сот актілерін қайта қарау үшін кассациялық сатының сот отырысында қарауға жататын негіздер бар екенін көрсетеді.
АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қаратау аудандық сотының 2023 жылғы 10 мамырдағы шешімін және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатты іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.
Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.
Судья Ш.Иманиязова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.