Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 18.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/33(2) (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 18 желтоқсан №6003-25-00-2к/33(2) Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында

төрағалық етуші судья К.Р.Айтжанов, судьялар Н.А.Жумагулова, Н.О.Косанов,

талап қоюшылар өкілі А[...], жауапкерлер өкілдері Е[...] және К[...] бейнебайланыс арқылы қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшылар А[...], А[...], А[...], А[...], А[...], Б[...], Д[...], Д[...], Е[...], Е[...], Ә[...], Ж[...], И[...], К[...], К[...], К[...], К[...], К[...], Д[...], К[...], К[...], Қ[...], М[...], М[...], Ж[...], Н[...], С[...], Сегизбай Ермекович Сарсенгалов, Туганай Досмуратовна Сисенбаева, Сайра Бердибаевна Тажибаева, Гулназ К[...] Темирова, Гулнара К[...] Темирова, А[...] Мукитовна Тлегенова, Канила Хыдыровна Тлепова, Азамат Б[...], Ч[...] (бұдан әрі - талап қоюшылар)

жауапкерлер Н[...], Ч[...], Я[...], Т[...], И[...], И[...], М[...], А[...], Ч[...], С[...], Т[...], Б[...], К[...], С[...], Е[...], С[...] (бұдан әрі - жауапкерлер)

мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы электрондық форматтағы азаматтық істі жауапкер С[...] Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы шешімі (бұдан әрі - сот шешімі) мен Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 наурыздағы қаулысына (бұдан әрі - алқа қаулысы) берген кассациялық шағымымен қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Талап қоюшылар аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, оны жауапкерлер заңсыз мәмілелер жасағанымен негіздеген.

Алқа қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған сот шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып:

  • Ч[...], Н[...] пен Т[...] араларында 2023 жылғы 27 мамырда жасалған Ақтау қаласы, Самал шағын ауданы, №[...] үйді;

  • Ч[...], Н[...] пен М[...], А[...] араларында 2023 жылғы 21 мамырда жасалған Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, №[...] үй, №[...] пәтерді;

  • Н[...] пен Ч[...] араларында 2023 жылғы 20 наурызда жасалған «LEXUS [...]» үлгісіндегі автокөлігін;

  • Ч[...] пен С[...] араларында 2023 жылғы 22 мамырда жасалған «LEXUS [...]» үлгісіндегі автокөлігін;

  • С[...] пен Т[...] араларында 2023 жылғы 23 мамырда жасалған «LEXUS [...]» үлгісіндегі автокөлігін;

  • Н[...] пен Б[...] араларында 2023 жылғы 12 мамырда жасалған «MERSEDES BENZ S» үлгісіндегі автокөлігін;

  • Б[...] пен К[...] араларында 2023 жылғы 2 маусымда жасалған «MERSEDES BENZ S» үлгісіндегі автокөлігін;

  • Н[...] пен Е[...] араларында 2023 жылғы 12 мамырда жасалған «LEXUS [...]» үлгісіндегі автокөлігін;

  • Е[...] пен С[...] араларында 2023 жылғы 8 маусымда жасалған «LEXUS [...]» үлгісіндегі автокөлігін сатып алу-сату туралы шарттары жарамсыз деп танылған. Сот шығыстары шешілген. Талаптың:

  • М[...], А[...] мен И[...], И[...] араларында 2023 жылғы 26 маусымда жасалған Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, №[...] үй, №[...] пәтерді;

  • К[...] пен С[...] араларында 2023 жылғы 23 маусымда жасалған «MERSEDES BENZ S» үлгісіндегі автокөлігін сатып алусату шарттарын (бұдан әрі - Даулы шарттар) жарамсыз деп тану бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.

Жауапкер С[...] кассациялық шағымында соттармен материалдық және процестік құқық нормалары бұзылғанын көрсетіп, аталған сот актілерінің өзіне қатысты бөлігінің күшін жоюды, талапты қанағаттандырудан бас тарту жөнінде жаңа шешім шығаруды сұраған.

Кассациялық сот істегі дәлелдемелерді зерттеп, іске қатысушылардың жауаптарын тыңдап, кассациялық шағым уәждерін талқылап, төмендегі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы,

заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Мұндай бұзушылықтар іс бойынша орын алмаған.

АПК-тің 449-бабының 1-бөлігінің негізінде кассациялық сот істі шағым беруші жауапкер С[...] шағымының дәлелдері шегінде қарады.

Жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін нақты және дұрыс айқындаған, осы дау бойынша қолдануға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып, тараптардың уәждері мен қарсылықтарын тексеруге заңмен көзделген барлық шараларды жасаған.

Анықталғаны, талап қоюшылар жауапкерлер Н[...], Ч[...], Я[...] қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен қаралған қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер болып танылған.

Аталған жауапкерлер құрылған қылмыстық жоспарға сәйкес өздерін үлкен сомадағы мемлекеттік тендерлерге қатысы бар іскер тұлғалар ретінде көрсетіп, сенімді теріс пайдалану жолымен жәбірленушілерді алдап, олардың үлкен қомақты сомадағы ақшаларын иемденіп алған (барлығы 89 эпизод).

Соттың 2024 жылғы 26 маусымдағы үкімімен жауапкерлер Н[...], Ч[...], Я[...] тағылған айып бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру жазаларына сотты болған және: - сотталған Я[...] тіркелген Маңғыстау облысы, [...] мен Ақтау қаласы, 17 шағын ауданы, №[...] үй, №[...] пәтер мемлекет кірісіне айналдырылған; - сотталған Ч[...] тіркелген Ақтау қаласы, Самал шағын ауданы, №[...] үй мен Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, №[...] үй, №[...] пәтер мемлекет кірісіне айналдырылған;

  • Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен сотталған Я[...] тиесілі Маңғыстау облысы, [...] мен Бейнеу ауылы, Қашаған көшесі, №[...] үй, №[...] пәтерге салынған тыйымның үкім заңды күшіне енгеннен кейін күшін жою белгіленген;

  • Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен сотталған Ч[...] тиесілі Маңғыстау облысы, [...] мен Ақтау қаласы, 7 шағын ауданы, №[...] үй, №[...] пәтерге салынған тыйымның үкім заңды күшіне енгеннен кейін күшін жою белгіленген;

  • Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен сотталған Н[...] тиесілі «LEXUS [...]», «MERSEDES BENZ S», «LEXUS [...]» үлгісіндегі автокөліктерге салынған тыйымның үкім заңды күшіне енгеннен кейін күшін жою, автокөліктерді меншік иелерінде қалдыру белгіленген;

  • жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы талап арыздары толық қанағаттандырылған.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 23 тамыздағы қаулысымен аталған үкімнің жоғарыда көрсетілген тәркіленген және тыйымнан босатылған мүліктерге қатысты бөлігі өзгертіліп, тергеу сотының қаулыларымен салынған тыйымдар күшінде қалдырылған, үкімнің азаматтық талапкерлердің талаптарына қатысты бөлігі сотталғандардың жоғарыда көрсетілген мүліктерінен өндіру арқылы орындау белгіленген.

Өз кезегінде, жауапкерлер арасында жоғарыда аталған мүліктерге қатысты Даулы мәмілелер жасалған.

Талап қоюшылар сотқа жүгінген талап қоюларында үкімнің өздерінің азаматтық талаптарына қатысты бөлігін орындау үшін Даулы мәмілелерді жарамсыз деп тануды сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 158бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мазмұны заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәміле, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, дауланатын мәміле болып табылады және сот оны жарамсыз деп тануы мүмкін. Қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленген мәміле маңызсыз болады.

Жергілікті соттарда жауап берген жауапкер Е[...] сотталған Ч[...] мен Н[...] туыстары болып келетінін, келіні Ч[...] 5 400 000 теңге ақша беріп, алданып қалғанын, полицияға арыз жазбай осы ақшаның есебінен «LEXUS [...]» үлгісіндегі автокөлікті алып қалуға өзара келіскендерін көрсеткен.

Сол сияқты жауапкер С[...] аталған тулғалармен туыстық қатынасы жоқ екенін, сотталушы Ч[...] 7 400 000 теңге беріп алданғанын, полицияға арыз жазбай сотталушыдан ақшасын қайтару мақсатында «LEXUS [...]» үлгісіндегі автокөлікті бағасын 27 000 000 теңгеге келісіп, жауапкер Е[...] сатып алғанын, жауапкер Е[...] 5 400 000 теңге және оның қызы Асемайға 10 000 000 теңге бергенін, Асемайға 4 240 000 ақшаны әлі қайтармағанын және онымен араларында ақша беру туралы жазбаша мәміле жасалмағанын көрсеткен.

Демек, жауапкерлер Е[...] пен С[...] жауапкерлер Ч[...] мен Н[...] өздерінен басқа да тұлғалардың оларға мүліктік талаптары бар екенін біле тұра, өзара көлікті алып қалу мақсатында мәміле жасаған, жауапкер С[...] сотталушы Ч[...] берген ақшасын қайтару мақсатында жауапкер Е[...] даулы автокөлікті 27 000 000 теңгеге бағалап мәміле жасап, іс жүзінде көліктің бағасын нақты

төлемей, сотталушы Ч[...] жауапкер Е[...] пен оның қызының алдындағы борышын қайтаруды жүзеге асырған.

Бұл жағдайда жергілікті соттар жауапкерлердің әрекеттеріне дұрыс құқықтық бағасын берген, себебі жауапкерлер Е[...] пен С[...] адал алушы деп тануға негіз жоқ, адал алушы - бұл мүлiкті сатқан адамның оны иелiктен шығаруға құқығы жоқ екенін өтеулі мәміле бойынша ол берілгенге дейін мұны бiлмеген және бiлуге тиiс болмаған адам (АК-нің 261-бабының 1-тармағы), олар құқықтарын теріс пайдалануына байланысты бұл құқықтары қорғалуға жатпайды (АК-тің 8-бабының 7- тармағы).

Аталған тұжырым «Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі №6 нормативтік қаулысының 13-тармағымен сәйкес келеді.

Істің мұндай тұрғысында, яғни жауапкер құқықтарын теріс пайдаланғанын ескере отырып, жауапкер С[...] қатысты талап қоюдың бөлігі қанағаттандырылуға жатады деген жергілікті соттардың тұжырымы заңды әрі негізді болып табылады.

Кассациялық шағым уәждері соттардың тұжырымдарын теріске шығармайды, істің мән-жайлары жан жақты зерттеліп, оларға құқықтық бағасы берілген, қосымша тексеруді қажет ететін фактілер көрсетілмеген, шағымдалған сот актілерінің күштерінің жойылуына немесе өзгертілуіне әкеліп соғатын құқық нормаларының бұзылу деректері анықталған жоқ.

Сол себепті, сот шешімі мен алқа қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы шешімі мен Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 наурыздағы қаулысы күшінде, жауапкер С[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші К.Айтжанов

Судьялар Н.Жумагулова

Н.Косанов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.