6001-24-00-6ап/2946 6001-24-00-6ап/2946 (2)
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 29 сәуір
Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші - алқа төрағасы А.С.Тукиев, судьялар - Ғ.Ө.Әлжанов, Ж.Б.Ермагамбетова болып, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының
Б.И. Саттыбаевтің, талап қоюшылардың өкілдері Г.Тлеубаеваның, Э.М.Айдинованың, жауапкердің өкілі А.М.Галимовтың, мүдделі тұлғаның өкілдері Е.С.Бакмановтың, Н.Кеңестің қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап коюшылар «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы, «КННК Казахстан Б.В.» компаниясы, «ИНПЕКС НОРТ КАСПИАН СИ, ЛТД.» компаниясы, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясы, «TotalEnergies EP Kazakhstan» «ТотальЭнерджиз ЭП Казахстан» компаниясы, «КМГ Кашаган Б.В.» компаниясы, «ЭксонМобил Казахстан Инк.» корпорациясы, «Shell Kazakhstan Development BV» - «Шелл Казахстан Девелопмент БВ» фирмасының жаупкер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Департамент, салық органы):
-«КННК Казахстан Б.В.» компаниясы - 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №153 тексеру нәтижелері туралы хабарламаның тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша 15 522 180 теңге сомасын қосылған құн салығы (бұдан әрі ҚҚС) қайтарудан бас тарту бөлігін,
-«ИНПЕКС НОРТ КАСПИАН СИ, ЛТД.» компаниясы - 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №151 тексеру нәтижелері туралы хабарламаның тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша 26 717 124 теңге сомасын ҚҚС қайтарудан бас тарту бөлігін,
-«Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясы - 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №150 тексеру нәтижелері туралы хабарламаның тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша 38 610 488 теңге сомасын ҚҚС қайтарудан бас тарту бөлігін, -«TotalEnergies EP Kazakhstan» «ТотальЭнерджиз ЭП Казахстан»» компаниясы - 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №147 тексеру нәтижелері туралы хабарламаның тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша 116 552 026 теңге сомасын ҚҚС қайтарудан бас тарту бөлігін,
-«КМГ Кашаган Б.В.» компаниясы - 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №152 тексеру нәтижелері туралы хабарламаның тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша 35 248 634 теңге сомасын ҚҚС қайтарудан бас тарту бөлігін,
-«ЭксонМобил Казахстан Инк.» корпорациясы - 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №148 тексеру нәтижелері туралы хабарламаның тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша 36 037787 теңге сомасын ҚҚС қайтарудан бас тарту бөлігін,
-«Shell Kazakhstan Development BV» - «Шелл Казахстан Девелопмент БВ» фирмасы - 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №149 тексеру нәтижелері туралы хабарламаның тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша 84 115 168 теңге сомасын ҚҚС қайтарудан бас тарту бөлігін заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 5 маусымдағы шешіміне , Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысына талап қоюшылары мен Департаментің келтірген кассациялық шағымдарымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшылар жауапкерге қатысты жоғарыдағы аталған талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 5 маусымдағы шешіммен әкімшілік талап қою толық қанағаттандырылған.
Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшылар кассациялық шағымында апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен келіспейтінін көрсетіп, қаулының екінші абзацтағы «әкімшілік рәсімді қайта жүргізу және аяқтау міндетін жауапкерге жүктесін» деген қорытындыны заңсыз деп танып, қаулының мәтінінен алып тастап, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Жауапкер кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, талап қоюды толығымен қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.
Сот алқасы іс бойынша тараптардың және мүдделі түлғаның өкілдерінің пікірлерін, түсініктемелерін, прокурордың қорытындысын тыңдап, кассациялық шағымдардың уәждерін тексеріп, іс құжаттарын зерделеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-ның 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.
Істің мән-жайы дауланған сот актілерінде толық көрсетілген.
Жергілікті соттар дауды шешіп, талапты қанағаттандыра отырып, Салық кодекстің (бұдан әрі - СК) 69-бабының 6-бөлігінің, 142-бабының 1-бөлігінің 6) тармағының, 145-бабы 3-бөлігі 7) тармағының, 152-бабының 10, 12 - бөліктерінің, 722-бабының 1-тармағының, ҚҚС қайтару қағидаларының 45, 46, 47, 54-тармақтарының ережелерін қолданып, даулы хабарламалардың заңсыздығы туралы дұрыс қорытындыға келді, өйткені талап қоюшының тікелей жеткізушілермен (1-деңгей) мәмілелері емес, екінші және одан кейінгі деңгейдегі жеткізушілермен барлық мәмілелеріне талдау жасау керек деген тексеру актілерінде көрсетілген Департаменттің ұстанымы заңсыз болып табылады.
Демек, қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау «Пирамида» есебінің нәтижелері бойынша анықталған салық заңнамасын бұзушылықтар ескерілмей жүргізіледі, осыған байланысты өтініш берушілердің уәждері дәлелді болып табылады.
Мұндай жағдайларда даулы хабарламалар заңдылық пен негізділік талаптарына жауап бермейді (ӘРПК-нің 79-бабы).
ӘРПК-нің 4-бабында көзделген заңдылық қағидатына байланысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдау рәсімдері бойынша сәйкес келмейтін мемлекеттік органдардың актілері мен шешімдері заңсыз және жарамсыз деп танылады және олардың күші жойылуға жатады. Салықтық әкімшілендіру сондай-ақ заңдылық қағидаттарына және салық төлеуші мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға негізделеді (СК 68-бабының 2-тармағы).
Сонымен қатар, заңдылық - бұл әкімшілік рәсімдердің принциптерінің бірі (ӘРПК-нің 7-бабы).
Жоғарыда келтірілген құқықтық ұстанымдарды талдай отырып, алқа жоғарыда аталған қағидаттарды бұзу ӘРПК-нің 6-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жалпы сомасы 352 803 407 теңгені құрайтын даулы хабарламаларды заңсыз деп тануға және олар қабылданған сәттен бастап күшін жоюға әкеп соғады деп есептейді.
ӘРПК-нің 84, 156-бабына сәйкес заңсыз ауыртпалық салатын әкімшілік акт міндетті түрде жойылуға тиіс.
Осыған байланысты, жергілікті соттардың мәлімделген талаптарды толық көлемде қанағаттандыру туралы тұжырымдарын, сот алқасы іс материалдары мен құқық нормаларына сәйкес заңды және негізделген деп есептейді.
Бұл ретте тексеру жүргізу туралы нұсқама шығару және тіркеу арқылы әкімшілік рәсімді қайта жүргізу қажеттілігін жою мақсатында қаулының қарар бөлігі түзетуге жатады.
ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 5 маусымдағы шешімі мен Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысы күшінде қалдырылсын.
Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысының қарар бөлігінің екінші абзацындағы «қайта жүргізу» деген сөздер алынып тасталсын.
Талап қоюшылар Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының, «КННК Казахстан Б.В.» компаниясының, «ИНПЕКС НОРТ КАСПИАН СИ, ЛТД.» компаниясының, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясының, «TotalEnergies EP Kazakhstan» «ТотальЭнерджиз ЭП Казахстан» компаниясының, «КМГ Кашаган Б.В.» компаниясының, «ЭксонМобил Казахстан Инк.» корпорациясының, «Shell Kazakhstan Development BV» - «Шелл Казахстан Девелопмент БВ» фирмасы мен және жауапкер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің келтірген кассациялық шағымдары - қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар Көшірмесі дұрыс
А. Тукиев Ғ. Әлжанов Ж. Ермағамбетова Ж. Ермағамбетова
Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.