Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Определение от 19.05.2026 по делу 6003-25-00-2к/5656 (Гражданское)

6003-25-00-2к/5656

ҰЙҒАРЫМ

2026 жылғы 19 мамыр

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева, прокурор К[...], талап қоюшының өкілі А[...], жауапкердің өкілі Б[...], даудың нысанасына талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар: Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі Б[...], Қазақстан Республикасындағы «СҚЖДҚК[...]» өкілі Р[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкер «КN[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы электрондық форматтағы азаматтық ісін қарау барысында жауапкер «КN[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Б[...] сот құрамындағы судьялар Ж.К.Рустембековқа, Л.Б.Мамырбаеваға қарсылық білдіру туралы түскен арызын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Жауапкердің өкілі Б[...] Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 3 қазандағы шешіміне және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы қаулысына кассациялық шағым келтірген.

Істі қарау барысында жауапкер өкілі Б[...] сот құрамындағы судьялар Ж.К. Рустембековқа, Л.Б.Мамырбаеваға қарсылық білдіру туралы арызы келіп түсті.

Судьяға қарсылық білдіру негіздері Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) 38-бабында көзделген.

Атап айтқанда, судья, егер ол: осы істі осының алдында қараған кезде медиацияны жүргізген судья, прокурор, куә, сарапшы, маман, аудармашы, консультант, тараптың немесе үшінші тұлғаның өкілі, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы ретінде қатысқан болса; іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің бірінің туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болса; істің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса не, егер оның бейтараптығына негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға және шешуге қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге (өздігінен бас тартуға) тиіс. Істі қарайтын соттың алқалы құрамына өзара туыс, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар болып табылатын судьялар кіре алмайды.

Аталған азаматтық процестік заң нормасы қеңейтілген түсіндіруге жатпайды.

АПК-нің 38-бабында көрсетілген істі қарауға және шешуге қатыса алмайтын негіздер іс бойынша жоқ.

Істің мұндай тұрғысында, жауапкер өкілі Б[...] осы тараптардың арасында осы тектес іс бойынша судьялар Ж.К. Рустембеков, Л.Б.Мамырбаева қатысып, өз бағаларын берген деген уәжі негізсіз.

Сондықтан жауапкер өкілі Б[...] сот құрамындағы судьялар Ж.К. Рустембековқа, Л.Б.Мамырбаеваға қарсылық білдіру туралы арызы қанағаттандыруға жатпайды.

АПК-нің 41-бабын, 268-бабын басшылыққа алып, сот

ҰЙҒАРДЫ:

Жауапкер «КN[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Б[...] сот құрамындағы судьялар Ж.К.Рустембековқа, Л.Б.Мамырбаеваға қарсылық білдіру туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков

Судьялар: А.О.Тогумбетова Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.