6003-25-00-2к/910(3)
ҰЙҒАРЫМ
2026 жылғы 11 маусым
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К.Рустембеков,
судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева,
талап қоюшының өкілі Б[...], жауапкер Е[...] және оның өкілі К[...], аудармашы Ш[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы қаржы министірлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкер Е[...] және кәмелет жасқа толмаған 16 мамыр 2019 жылы туған И[...] заңды өкілі ретінде Е[...] пәтерден шығару, коммуналдық қызметтер төлемін және пәтерді жалдау ақысын өндіру туралы электронды азаматтық ісін қарау барысында жауапкер Е[...] сот құрамындағы судьялар Ж.К.Рустембековқа, А.О.Тогумбетоваға Л.Б.Мамырбаеваға қарсылық білдіру туралы түскен арызын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Жауапкер А.Е[...] қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 10 сәуірдегі шешіміне және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 3 маусымдағы қаулысына кассациялық шағым келтірген.
Істі қарау барысында жауапкер Е[...] сот құрамындағы судьялар Ж.К.Рустембековқа, А.О.Тогумбетоваға, Л.Б.Мамырбаеваға қарсылық білдіру туралы арызы келіп түсті.
Судьяға қарсылық білдіру негіздері Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі-АПК) 38-бабында көзделген.
Атап айтқанда, судья, егер ол: осы істі осының алдында қараған кезде медиацияны жүргізген судья, прокурор, куә, сарапшы, маман, аудармашы, консультант, тараптың немесе үшінші тұлғаның өкілі, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы ретінде қатысқан болса; іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің бірінің туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болса; істің нәтижесіне жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса не, егер оның бейтараптығына негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға және шешуге қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге (өздігінен бас тартуға) тиіс. Істі қарайтын соттың алқалы құрамына өзара туыс, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар болып табылатын судьялар кіре алмайды.
Аталған азаматтық процестік заң нормасы қеңейтілген түсіндіруге жатпайды.
Жауапкер Е[...] сот құрамындағы судьялардың бейтараптығына күмән тудыратын нақты дәлелдемелерді сотқа ұсынбады.
Сондықтан жауапкер Е[...] сот құрамындағы судьялар Ж.К.Рустембековқа, А.О.Тогумбетоваға, Л.Б.Мамырбаеваға қарсылық білдіру туралы арызы қанағаттандыруға жатпайды.
АПК-нің 41-бабын, 268-бабын басшылыққа алып, сот
ҰЙҒАРДЫ:
Жауапкер Е[...] кассациялық соттың судьялары Ж.К.Рустембековқа, А.О.Тогумбетоваға, Л.Б.Мамырбаеваға қарсылық білдіру туралы арызы қанағаттандырудан бас тартылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
А.О.Тогумбетова
Судьялар:
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.