6001-22-00-6ап/2654
Қ А У Л Ы
2023 жылғы 9 тамыз Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,
судьялар Б.Т.Нажмиденов, Г.К.Нұрбаев болып,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы К[...] жауапкер жеке сот орындаушы К[...] атқарушылық өндірісін қозғау туралы қаулыны заңсыз деп тану, атқару парағын кері қайтаруды міндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша,
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 3 қарашадағы қаулысына жауапкердің берген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі шешімімен талап қоюшының талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 3 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылып, талап қоюшы К[...] талап арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданды.
Жеке сот орындаушы (бұдан әрі – ЖСО) К[...] 2021 жылдың 16 ақпанындағы борышкер К[...] 838837 тенгені «Темірбанк» акционерлік қоғамының пайдасына өндіру туралы атқарушылық іс өндірісін қозғау туралы қаулысы заңсыз деп танылып, атқару парағын кері қайтару міндеті жүктелді.
Жауапкер кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған шығарылған апелляциялық саты сотының сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, оның күшін жоюды сұраған.
Тараптар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Іс құжаттарын зерттеп, шағым уәждерін жан-жақты талқылап, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді. ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Заңды күшіне енген Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 2010 жылғы 4 наурыздағы сырттай шешімімен борышкер К[...] «Темірбанк» акционерлік қоғамының пайдасына 838837 теңге қарыз және 25165 теңге мемлекеттік бажды төлеуге жұмсалған шығын өндірілген.
Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының 2016 жылғы 29 қарашадағы ұйғарымымен аталған сот шешімі бойынша қарыз соманы өндіріп алушы «Темірбанк» акционерлік қоғамы «БПРСД[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ауыстырылған.
2017 жылдың 27 желтоқсанында Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотымен атқару парағының телнұсқасы берілген.
2018 жылы 6 маусымда ЖСО М[...] борышкер К[...] өндіріп алушының пайдасына 864002 теңге қарыз өндіру бойынша №4942/18-51-2399 атқарушылық өндірісі қозғалған.
2020 жылы 28 шілдеде ЖСО К[...] атқарушылық құжат өндіріп алушыға қайтарылған.
2021 жылы 16 ақпанда ЖСО К[...] борышкер К[...] өндіріп алушының пайдасына 864002 теңге қарыз өндіру бойынша №837/21-79-5398 атқарушылық өндірісін қозғаған.
2022 жылы 9 тамызда талап қоюшы сотқа аталған әкімшілік талап қоюмен жүгініп, онда сот шешімі 2010 жылы 5 сәуірде заңды күшіне енгенін, талап қоюшыға атқару құжаты берілгенін, арада 7 жыл өткен соң 2017 жылы 27 желтоқсанда атқару құжатының телнұсқасы берілгенін, атқару құжатының қайталамасын беру мерзімі және аталған даулы соманы өндіріп алу мерзімі өтіп кеткенін, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 38бабының бірінші тармағының 8) тармақшасында атқарушылық құжатқа заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған сот актісінің көшірмесі қоса берілетіні жөніндегі норма сақталмағанын көрсеткен.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырғанда жауапкердің атқарушылық өндірісін қозғау туралы қаулысын заңсыз деп тануға, атқару парағын кері қайтаруды міндеттеуге негіз жоқ деген тұжырымға келген.
Апелляциялық саты соты бірінші саты сотының талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімімен келіспей, іс бойынша талап қоюшы К[...] талап арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданды.
Атқару өндірісінің құжаттарына сәйкес ЖСО К[...] 2021 жылдың 16 ақпанында атқарушылық өндірісті қозғау кезінде Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының 2010 жылғы 4 наурыздағы сырттай шешімінің және 2016 жылғы 29 қарашадағы ұйғарымының заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған көшірмелері ұсынылмағанын анқталды.
Заңның 38-бабының 2 тармағына сай атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы сот орындаушысы қаулысының көшірмесі аталған қаулы шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, барлық түскен құжаттардың қосымшасымен өндіріп алушыға, сондай-ақ атқарушылық құжатты берген сотқа немесе органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
Қайтару туралы қаулыда атқарушылық құжатты қайтарудың негіздері көрсетілуге тиіс.
Сот алқасы, апелляциялық сот алқасының ЖСО К[...] аталған Заң нормаларының талаптарын сақтамай, атқарушылық құжатқа заңды күшіне енгені туралы белгісі бар, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған сот актілерінің көшірмелері қоса берілмесе де, заңды күшіне енгені туралы белгілері жоқ сот актілерінің көшірмелері негізінде атқарушылық істі қозғаған деген тұжырымымен толық келіседі.
Осының негізінде апелляциялық сатыдағы соттың әділеттілік өлшемшарттарын басшылықа алып, әкімшілік талапты қанағаттандыру жайлы негіздемелерін толық көрсеткен.
АПК-ның 452 бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Осы Кодекстің 426 бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актісімен тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 14 сәуірдегі шешімі және Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 26 шілдедегі қаулысы өзгеріссіз, жауапкердің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Дуйсенбаев Г.Б.
Судьялар
Нажмиденов Б.Т. Нұрбаев Г.К.
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.