6кп-16-24
Қ А У Л Ы
2024 жылғы 12 наурыз Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы (бұдан әрі – сот алқасы) құрамында: төрағалық етуші - судья Б.Б. Шермұхаметов, судьялар Е.М. Маукен, Н.К. Құрманғалиев прокурор К[...], әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға И[...],
қатысуларымен,
бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен И[...] (ISMONALIEV UKTAMBEK KHOLMAMATOVICH) қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 5 қазандағы қаулысымен И[...] (ISMONALIEV UKTAMBEK KHOLMAMATOVICH) ӘҚБтК-нің 517бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 86250 теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалган.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот қаулысын қайта қарау көрсетілген.
Істі мәні бойынша қарамастан бұрын ұсыну кері шақыртылды.
Осыған орай істі әрі қарай кассациялық тәртіпте қараудың негіздері
жоқ.
Жоғарыдағылардың негізінде және ӘҚБтК-нің 848, 851-баптарын басшылыққа алып, сот алқасы,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен
әкімшілік жауаптылыққа тартылған И[...] (ISMONALIEV UKTAMBEK KHOLMAMATOVICH) қатысты Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 5 қазандағы қаулысын кассациялық тәртіпте қайта қарау үшін келтірілген ұсынуы кері шақыртылуына байланысты қараусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Б. Шермұхаметов
Судьялар: Е. Маукен
Н. Құрманғалиев
Көшірмесі дұрыс Судья Н. Құрманғалиев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.