Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Чаcтное определение от 13.05.2026 по делу 6003-25-00-2к/5411 (Гражданское)

№6003-25-00-2к/5411

ЖЕКЕ ҰЙҒАРЫМ

2026 жылғы 13мамыр

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков, судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева, прокурор А К[...],

талап қоюшының өкілі С[...], жауапкер С[...] және оның өкілі Т[...] қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Тараз қаласының әкімінің жауапкер жеке кәсіпкер С[...] жер учаскесінің өтемақы көлемін белгілеп, мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы электрондық форматтағы азаматтық істі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарының Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 19 қазандағы шешіміне берген наразылығы бойынша қарап

АНЫҚТАДЫ:

Тараз қаласының әкімі жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 19 қазандағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Тараз қаласы, Амангелді өндірістік кооперативіндегі орналасқан, көлемі 10 га (кадастрлық нөмірі [...]) жер учаскесі мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығарылып, жер учаскесінің нарықтық құны 44 554 000 теңге мөлшерінде белгіленген. Тараз қаласы, Казарма 3498 км көшесі №1458 жайдағы, көлемі 11 га (кадастрлық нөмірі [...]) жер учаскесі мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығарылып, жер учаскесінің нарықтық құны 43 529 000 теңге мөлшерінде белгіленген. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы ұйғарымымен осы соттың 19 қазан 2023 жылғы шешімінде жіберілген қателер, яғни «Тараз қаласы, Амангелді өндірістік кооперативіндегі орналасқан, көлемі 10 га (кадастрлық нөмірі [...]) жер учаскесі мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын. Жер учаскесінің нарықтық құны 43 454 000 теңге мөлшерінде белгіленсін» орнына «Тараз қаласы, Амангелді өндірістік кооперативіндегі орналасқан, көлемі 10 га (кадастрлық нөмірі [...]) жер учаскесі мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын. Жер учаскесінің нарықтық құны 44 554 000 теңге мөлшерінде белгіленсін» деп түзетілген.

Апелляциялық тəртіпте іс қайта қаралмаған.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың 2026 жылғы 13 мамырдағы қаулысымен Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 19 қазандағы шешімінің күші жойылып, талап қоюшы Тараз қаласының әкімінің жер учаскесінің өтемақы көлемін белгілеп, мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюы қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылды.

Іс құжаттарына қарағанда, Жамбыл облысы, [...] əкімдігінің 2002 жылғы 5 сəуірдегі жəне 2006 жылғы 3 қазандағы қаулыларымен С[...] шаруа қожалығын жүргізу үшін 49 жыл мерзімге тиісінше ауданы 10 га (кадастрлық нөмірі [...]) жəне 11 га (кадастрлық нөмірі [...]) жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілген.

Жамбыл облысы Тараз қаласы əкімдігінің 2023 жылғы 6 сəуірдегі №1126 қаулысына сəйкес, аталған жер учаскелері Тараз қаласының бас жоспарына сəйкес, халықтың жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға жатады.

Өз кезегінде «Жамбыл облысы əкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ мəліметтері бойынша даулы жер учаскелеріне қатысты жер пайдалану құқығы С[...] сатып алынбаған.

Алайда бірінші сатыдағы сот, жоғарыда көрсетілген мəн-жайларға қарамастан, Заңның 67-бабы 2-тармағын басшылыққа алып, «AC[...]» ЖШС-нің 2023 жылғы 19 мамырдағы бағалау туралы есептері негізінде өтемақы тағайындаған.

Аталған нормаға сəйкес, пайдалануға берілген жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мəжбүрлеп иелiктен шығару, егер жер пайдаланушы берiлген құқықты мемлекеттен сатып алған болса, жер пайдалану құқығын сатып алғаны үшін төлемақы құны жер пайдаланушыға өтеле отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ оның қалауы бойынша басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.

Егер жер пайдаланушы берілген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, оған осы Кодекске жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес орнына басқа жер учаскесі берілуі мүмкін.

Жоғарыда көрсетілгендей даулы жер учаскелеріне қатысты жер пайдалану құқығы С[...] сатып алынбаған, бұндай жағдайда жер учаскелерін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығарудың Жер кодексінің талаптары бойынша өзге рәсімі көзделген.

Аталған заң бұзушылық фактілері Тараз қаласының әкімінің тарапынан жер заңнамасының талаптары сақтамалғанын көрсетеді.

АПК-нің 270-бабының 1-бөлігіне сәйкес заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны жіберуге құқылы, ал егер бұзушылыққа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілсе, сот жеке ұйғарым шығарады және оны басқару функцияларын атқаратын тиісті ұйымдарға, лауазымды немесе өзге де тұлғаларға жібереді, олар өздері қолданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

Осыған орай аталған азаматтық іс бойынша мемлекеттік мекеменің өкілдерінің ұқыптылығын арттыру үшін және заң бұзушылық фактісі бойынша шара қабылдау үшін Жамбыл облысының прокурорына жіберілуге жатады.

АПК-нің 268, 269, 270, 430-баптарын басшылыққа алып, сот

ҰЙҒАРДЫ:

Талап қоюшы Тараз қаласының әкімінің жауапкер жеке кәсіпкер С[...] жер учаскесінің өтемақы көлемін белгілеп, мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюы жөніндегі азаматтық істі қарау кезінде Тараз қаласының әкімінің тарапынан жол берілген заң бұзушылықтар туралы Жамбыл облысының прокурорының назарына жеткізілсін.

Қолданған шаралар туралы 1 ай мерзімде Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотына хабарлансын.

Төрағалық етуші, судья: Ж.К. Рустембеков

Судьялар: А.О.Тогумбетова

Л.Б.Мамырбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.