6кп/34-19 Көшірмесі Қ А У Л Ы
2019 жылғы 4 шілде Нұр-Сұлтан қаласы
ҚазақстанРеспубликасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья - Г. Әлмағамбетова, судьялар Ж. Ермағамбетова, Б. Шермұхаметов,
ҚазақстанРеспубликасы Бас прокуратурасының Департамент
бөлімінің прокуроры К[...],
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында кассациялық тәртіппен аудио-бейне жазба құралдарын қолданып ашық сот отырысында Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 14 қаңтардағы қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен келіп түскен
Қ[...] Республикасының азаматы Ц[...] (САІ, JUN) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 517-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 14 қаңтардағы қаулысымен Қ[...] Республикасының азаматы Ц[...] (САІ, JUN) Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 2- бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды ұсынады.
Прокурордың сот қаулысы өзгертілсін, Ц[...] тағайындалған Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу әкімшілік жазаның орнына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 37 875 (отыз жеті мың сегіз жүз жетпіс бес) теңге айыппұл салынсын деген қорытындысын тыңдап, мамандандырылған сот алқасы келесі тұжырымға келді.
ӘҚБтК-нің 840-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот қаулысының күшiн жоюға
не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мынадай негіздер бар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; ӘҚБтК-дегі процестік нормалардың елеулi түрде бұзылуы; қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi.
Іс материалдарына сәйкес, Қ[...] Республикасының азаматы Ц[...] Қазақстан Республикасына 2018 жылғы 19 қарашада жумыс мақсатымен Урумчи - Алматы әуежолы арқылы өтіп. Маңғыстау облысы, [...] кен орнынан тіркеліп. 2018 жылғы 27 желтоқсаннан бастап Атырау қаласы, Каспий ықшам ауданы, [...] үйге [...] жылғы 23 желтоқсанға дейін есепке тіркеліп. 2019 жылғы 3 қаңтардан бастап, Жылыой ауданына келіп, өзінің мекен-жайын Жылыой ауданы, Прорва кен орнына ауыстырып. Туратын орнын ауыстырғаны жөнінде полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесіне хабарламай, нақты тіркелген мекен-жайында турмайтыны анықталып, шетел азаматының тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайда турмауынан көрінген Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бузғаны анықталған.
Осы факт бойынша оған қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабының 2- бөлігімен әкімшілік қүқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа қарау үшін жолданған.
Бірінші сатыдағы сот қуқық бұзушы Ц[...] кінәсі өзінің мойындау жауабынан басқа, 2018 жылғы 11 қаңтардағы әкімшілік қүқық бұзушылық туралы хаттамасымен. Полиция инспекторының мәлімдемесімен, жазбаша берілген түсініктемелерімен. Төлқүжатқа көшіқон карточкасымен және басқа да іс қүжаттарымен толықтай дәлелденген деген түжырымға келіп. Оның жеке басын, қүқық бұзушылық касағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, жасаған қүқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып. Жіберген заң бұзушылықтарын бұдан былай болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жөніндегі жазаны тағайындаған.
Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы негізгі, сол сияқты қосымша жаза ретінде ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінде көзделген шекте қолданылады.
ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігінің санкциясында Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу әкімшілік жазасы көзделген. Алайда, бүл баптың санкциясы баламалы болып табылады, себебі аталған жазадан басқа айыппүл да бар. Сондықтан сот Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу немесе айыппүл жазасын қолдануға қүқылы. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған Ц[...] мамандығы бойынша бұрғылау инженер, «СБИБК[...]» ЖШС-нің шақырушы тарапы үшін құнды маман болып табылады. Себебі бұрғылау саласында мол тәжірибесі мен сирек біліктілігі бар. Оның міндеттеріне нәтижелерді болжаудың және бұрғылау процестерінің күрделі міндеттері. Кен орнындағы арнайы жабдықтар мен қызметкерлердің жүмыстарын үйлестіру, жақын орналасқан ұңғымалар бойынша деректерді талдау, үңғымаларды нығайту бойынша есеп айырысуды жүргізу, ұңғымалардың соқтығысу қаупін есептеу және тағы басқалар кіреді.
Істі қарау барысында бірінші сатыдағы сот аталған мән-жәйларға және заң талаптарына қажетті назар аудармаған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабының 1 және 4 мен 5- бөліктерінің 3) тармағын басшылыққа ала отырып, мамандандырылған сот алқасы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 2-бөлігі бойынша Қ[...] Республикасының азаматы Ц[...] (САІ, JUN) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 14 қаңтардағы қаулысы қаулысының күші жойылсын, іс қайта қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа өзге құрамда жолдансын.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші Г. Әлмағамбетова Судьялар Ж. Ермағамбетова
Б. Шермұхаметов
Көшірмесі дұрыс. Судья
Б. Шермұхаметов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.