6кг-4-21
Қ А У Л Ы
2021 жылғы 22 сәуір Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші - алқа төрағасы Қ[...],
судьялар Ж.Б. Ермағамбетова, А.Д. Рахметулин,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент бөлімінің прокуроры Т[...],
Түркістан облысының полиция департаментінің өкілі А[...],
әкімшілік жауаптылықтан босатылған тұлға – Е[...] және оның қорғаушысы А[...] қатысуларымен,
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында бейнеконференц байланыс арқылы,
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысына Қазақстан Республикасы Бас Прокурор орынбасарының кассациялық наразылығымен келіп түскен,
Е[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 592-бабының 1,2,3-бөліктері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының Е[...] қатысты 30 қазан 2019 жылғы №581237 санды, 29 қазан 2019 жылғы №575477 санды,29 қазан 2019 жылғы №575484 санды, 29 қазан 2019 жылғы №575052 санды, 29 қазан 2019 жылғы №575169 санды,30 қазан 2020 жылғы №581881 санды,30 қазан 2019 жылғы №583024 санды,30 қазан 2019 жылғы №579823 санды,31 қазан 2019 жылғы №586030 санды,31 қазан 2019 жылғы №586619 санды,31 қазан 2019 жылғы №586994 санды,31 қазан 2019 жылғы №587155 санды, 1 қараша 2019 жылғы №589850 санды,1 қараша 2019 жылғы №591091 санды,1 қараша 2019 жылғы №591115 санды,11 қараша 2019 жылғы №603546 санды көлік басқару кезінде шекті жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл 517 625 теңге төлеу жөнінде ұйғарымдар шығарылған.
Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2020 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен, ұйғарымдар өзгеріссіз, Е[...] шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Түркістан облыстық сотының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот актісі бұзылып, Е[...] қатысты жалпы сомасы 517 625 теңгені құрайтын 16 ұйғарымның күші жойылып, әкімшілік іс жүргізу тоқтатылып, оның шағымы қанағаттандырылған.
Бас Прокурордың орынбасары наразылықта Түркістан облыстық сотының қаулысының күшін жойып, Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысын өзгеріссіз қалдыруды сұрайды.
Алқа, наразылықты қолдаған прокурордың, наразылыққа қарсы болған уәкілетті органның өкілі, жауаптан босатылған тұлғаның және оның қорғаушысының пікірлерін тыңдап, іс құжаттарды зерттеп,наразылықтың уәждерін талқылап, сот қаулыларының күші жойылуға жатады деп есептейді.
Іс материалдар бойынша Е[...] қатысты Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметкерлерімен Түркістан қаласы, Батыс Қытай-Батыс Европа тас жолының бойында «ШНОС» айналма жолында орналастырылған көлік құралдарының жылдамдығын өлшейтін «Трафиксканер» маркалы СМ-000395 автоматты түрде жұмыс атқаратын құралы арқылы оның атына тиесілі «Toyota Camry» маркалы мемлекеттік тіркеу белгісі [...] көлігіне 30 қазан 2019 жылғы №581237 санды, 29 қазан 2019 жылғы №575477 санды,29 қазан 2019 жылғы №575484 санды, 29 қазан 2019 жылғы №575052 санды, 29 қазан 2019 жылғы №575169 санды,30 қазан 2020 жылғы №581881 санды,30 қазан 2019 жылғы №583024 санды,30 қазан 2019 жылғы №579823 санды,31 қазан 2019 жылғы №586030 санды,31 қазан 2019 жылғы №586619 санды,31 қазан 2019 жылғы №586994 санды,31 қазан 2019 жылғы №587155 санды, 1 қараша 2019 жылғы №589850 санды, 1 қараша 2019 жылғы №591091 санды,1 қараша 2019 жылғы №591115 санды,11 қараша 2019 жылғы №603546 санды көлік басқару кезінде шекті жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төлеу жөнінде ұйғарымдар шығарылған.
ӘҚБтК-нің 31-бабының 1-бөлігі бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кезде, жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi тартылады.
Осы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде Е[...] қатысты уәкілетті органның инспекторы шығарған қаулылары бойынша ұйғарымдарының күші жойылып,іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылданған. Бірақ, Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2020 жылғы 13 қазандағы қаулысымен Түркістан облыстық прокурордың наразылықтары бойынша осы уәкілетті органың қаулыларының күштері жойылып, Е[...] қатысты айыппұл төлеу қажеттігі туралы ұйғарымдар күшінде қалдырылған, сот қаулысы заңды күшіне енген, ешкіммен ол даулы болмаған. 2020 жылғы 13 қазанда істі қарау кезінде сот Е[...] қатысты ұйғарымдарды тексеріп, мән-жайларды зерттеп, оларға құқықтық баға беріп, дұрыстығы мен заңдылығы анықтап, заңға сәйкес қауылды шығарған.
Сондықтан, бірінші сатыдағы сот осы іс бойынша Е[...] шағымын 2020 жылғы 16 қарашада қайта қарамауы қажет еді, себебі Е[...] соттың бірінші қаулысың апелляциялық сот сатысына шағымдануы құқық еді. Осылайша, бір іс жөнінде екі бір-біріне қарама қайшы сот актілері қабылданған.
Мұндай жағдайда ӘҚБтК-нің 769-бабының 2-бөлігінің талаптарын сақтамай, әкiмшiлiк iс бойынша күшіне енген соттың қаулысымен анықталған мән-жайлар, сол бір тұлғаға қатысатын iстердi қарау кезінде дәлелдеудi қажет етпейтіндігі туралы жергілікті соттардың назарынан тыс қалған.
Сонымен бірге, ӘҚБтК-нің 741-бабының 1-бөлігінің 6) тармағына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаға қатысты нақ сол факт боыйнша судьяның, органның (лауазымды адамның) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысының не әкімшілік құқық бұзушылық туралы күші жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ сол факт бойынша тұлғаны күдікті деп тану туралы қаулының болуы кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс тоқтатылуға жатады деп көрсетілген.
Көрсетілген заң талаптарын орындамай, соттар істі қайта жанадан қарап, заңсыз қаулыларды шығарған.
Сондықтан, ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде көзделген негіздер бойынша жергілікті соттардың қабылданған қаулыларының күші жойылуға жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзады. Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығы ішінара қанағаттандыруға жатады, себебі бірінші сатыдағы сотының қаулысы да заңсыз болғаны анықталды.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 840-бабының 3) тармақшасын, 851-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы,
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 592-бабының 1,2,3-бөліктері бойынша Е[...] қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2020 жылғы 16 қарашадағы және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы қаулыларының күшін жойып, іс жүргізуді тоқтатылсын.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры орынбасарының наразылығы ішінара қанағаттандырылсын.
Қ[...]
Төрағалық етуші
Ж. Ермағамбетова
Судьялар
А. Рахметулин
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.