Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 03.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/4878 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 3 желтоқсан Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі Кассациялық сотының судьясы А.К.Есдаулетов, жауапкер «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кассациялық шағымын қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 2025 жылғы 20 қаңтардағы шешімімен Т[...] тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күшін жою және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы ішінара қанағаттандырылған.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2025 жылғы 27 мамырдағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз, жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Жауапкермен аталған сот актілеріне кассациялық шағым берілген. Кассациялық шағым төмендегі негіздерге байланысты қайта қайтарылуға жатады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әріАПК) 431-бабына сәйкес апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.

АПК-нің 436-бабының 1-бөлігінің талабы бойынша апелляциялық сатыдағы соттың қаулыларына заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде кассациялық шағым берілуі мүмкін.

Апелляциялық саты сотының қаулысы 2025 жылғы 27 мамырда заңды күшіне енген, сәйкесінше оған кассациялық шағым 2025 жылғы 28 қарашаға дейін берілуі тиіс болған, бірақ шағым 2025 жылғы 1 желтоқсанда берілген. Бұған дейін жауапкерге кассациялық шағым беру мерзімі өткізіп алынған жағдайда, өткізіп алудың дәлелді себептерін көрсете отырып, оны қалпына келтіру туралы өтініш беру құқығы түсіндірілген.

Дегенмен, шағымға процестік мерзімді қалпына келтіру жайлы өтініш тіркелмеген.

Осыған орай, кассациялық шағым АПК-нің 442-бабының 1-бөлігінің 3) тармағының талабына сәйкес келмегендіктен, оны қабылдауға процестік мүмкіндік жоқ.

Кассациялық шағымды қайтаруға негiз болған кемшiлiктер жойылған кезде ол жалпы негiздер бойынша қайтадан берілуі мүмкін. АПК-нің 441,442-баптарын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Жауапкер «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының 2025 жылғы 20 қаңтардағы шешіміне және Алматы қалалық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2025 жылғы 27 мамырдағы қаулысына берген кассациялық шағымы қайтарылсын.

Судья А.Есдаулетов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.