№6001-23-00-6ап/1681
ҰЙҒАРЫМ
2024 жылғы 6 маусым Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы Б[...],
судьялар – Е.Д.Өмірәлиев, Ш.Т.Даниярова,
талап қоюшы «Бейғазиев и Компания» толық серіктестігінің жауапкер Сарыағаш қаласының әкіміне 2019 жылғы 6 маусымдағы №172 А[...] жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шешімін заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша мүдделі тұлға А[...] өкілі А[...] сот алқасының құрамына қарсылық білдіру туралы өтінішін қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Түркістан облысының Сарыағаш аудандық сотының 2023 жылғы 20 қазандағы шешімімен талап қоюы қанағаттандырылған.
Сарыағаш қаласы әкімінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 172 А[...] Түркістан облысы, [...]нің бойынан жалпы алаңы 1000 шаршы метр жер учаскесін жеке меншікке беру туралы шешімі заңсыз деп танылып күші жойылған.
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 12 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешімінің күші жойылып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған.
Кассациялық шағымды қарау барысында мүдделі тұлға А[...] өкілі А[...] сот алқасының құрамына қарсылық білдірді.
Қарсылық Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының объективтілігіне күмәндануымен негізделген.
Сот алқасы А[...] қарсылық білдіру туралы өтінішін талқылап, келесі негіздер бойынша қанағаттандыруға жатпайды деген тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 1- бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) ережелері қолданылады.
АПК-нің 38-бабына сәйкес судьяға қарсылық білдіру үшін негіздердің тізбесі айқындалған, және ол кеңейткіш түсіндіруге жатпайды.
Сот алқасы А[...] алқа құрамына қарсылық білдіру туралы өтінішхатын қанағаттандыру үшін негіздердің жоқ екендігін анықтап, қарсылық білдіруге қойылған негіздер АПК-нің 38, 40-баптарының талаптарына жатпайды деп санайды.
Сот алқасының судьялары істің нәтижесіне тікелей немесе жанама түрде мүдделі деп айтуға негіз жоқ, сондай-ақ олардың бейтараптығына негізделген күмән тудыратын басқа жағдайлар жоқ.
Мұндай жағдайларда А[...] өтініші қанағаттандыруға жатпайды.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 38, 40, 41-баптарын басшылыққа алып, сот алқасы
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
А[...] өкілі А[...] сот алқасының құрамына жарияланған қарсылығы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Ұйғарым жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді, шағымдануға және наразылық келтірілуге жатпайды.
Төрағалық етуші
Б[...]
Е. Өмірәлиев
Судьялар
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.