ВС РК - Постановление от 20.03.2023 по делу 6001-22-00-6ап/2381 (Административное)

6001-22-00-6ап/2381

Қ А У Л Ы

2023 жылғы 20 наурыз Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – Қайыпжан Н.Ү., судьялар – Ермагамбетова Ж.Б., Токмурзина Д.А.,

прокурор Д[...],

талап қоюшының өкілі М[...] қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында қашықтықтан бейне-дыбыс жазу құралдарын қолдану арқылы талап қоюшы О[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не (бұдан әрі – Басқарма) 2020 жылғы 9 қазандағы №21000037079 және 2021 жылғы 24 мамырдағы №21000057763 бұйрықтарын талап қоюдың ескіру мерзіміне сай жарамсыз деп тану және салық берешегінің үстінен қосылған қосымша үстем ақыны жарамсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 15 наурыздағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 шілдедегі қаулысына талап қоюшының берген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы О[...] сотқа Басқарманың 2020 жылғы 9 қазандағы №21000037079 және 2021 жылғы 24 мамырдағы №21000057763 бұйрықтарын талап қоюдың ескіру мерзіміне сай жарамсыз деп тану және салық берешегінің үстінен қосылған қосымша үстем ақыны жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінген.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 15 наурыздағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 шілдедегі қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық саты соттарының материалдық және процессуальдық заң нормаларын бұзуына байланасты іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талап қою арызды толығымен қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымның уәждерін қолдаған түсінігін, прокурордың сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерделеп, қассациялық сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты дау айтылған сот актілері күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Осы іс бойынша аталған заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Іс құжаттарына қарағанда, Басқарманың 2020 жылғы 9 қазандағы №21000037079 бұйрығымен О[...] бюджеттік сыныптама коды 104402 – жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы (бұдан әрі – көлік салығы) бойынша негізгі қарыз – сомасы 910 137 теңге, өсімпұл сомасы – 91 522,05 теңге, барлығы 1 001 659,05 теңге өндіру туралы шешім қабылданған.

Бұдан басқа, Басқарманың 2021 жылғы 24 мамырдағы №21000057763 бұйрығымен, О[...] көлік салығы бойынша негізгі қарыз – сомасы 941 650 теңге, өсімпұл сомасы – 212 044,28 теңге, барлығы 1 153 694,28 теңге өндіру туралы шешім қабылданған.

Шымкент қаласы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Процессингтік орталығы мемлекеттік мекемесінің мәліметтеріне сәйкес О[...] атына тіркелген 22 көлік құралдарына қатысты көлік салығы бойынша берешегі 2 536 633 теңгені құрайтыны көрсетілген, оның ішінде:

  • маркасы «TOYOTA LAND CRUISER», мемлекеттік нөмері [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 812 254 теңгені;

  • маркасы «LEXUS [...]», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 758 320 теңгені;

  • маркасы «MERCEDES-BENZ [...]», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 87 904 теңгені;

  • маркасы «LEXUS [...]», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 87 876 теңгені;

  • маркасы «LEXUS [...]», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 87 876 теңгені;

  • маркасы «MERCEDES-BENZ [...]», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 82 388 теңгені;

  • маркасы «MERCEDES-BENZ [...]», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 76 732 теңгені;

  • маркасы «TOYOTA CAMRY», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 59 480 теңгені;

  • маркасы «[...]», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 57 240 теңгені;

  • маркасы «[...]», мемлекеттік нөмірі [...], автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 55644 теңгені;

  • маркасы «[...]», мемлекеттік нөмірі [...], автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 54 944 теңгені;

  • маркасы «MAZDA L E2000», мемлекеттік нөмірі [...], автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 60 462 теңгені;

  • маркасы «OPEL OMEGA», мемлекеттік нөмірі [...], автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 38 672 теңгені;

  • маркасы «MAZDA 626», мемлекеттік нөмірі [...], автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 33 072 теңгені;

  • маркасы «[...]», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 33 072 теңгені;

  • маркасы «[...]», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 24 417 теңгені;

  • маркасы «OPEL VECTRA», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 27 472 теңгені;

  • маркасы «FIAT TIPO», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 27 472 теңгені;

  • маркасы «VOLKSWAGEN JETTA», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 27 472 теңгені;

  • маркасы «MAZDA 323», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 27 416 теңгені;

  • маркасы «DAEWOO NEXIA», мемлекеттік нөмірі [...] автокөлігі бойынша 2014-2017 жылдар аралығындағы берешегі 16 448 теңгені құраған.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 128-бабы 1-тармағына сәйкес, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтық берешегін жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады (бұдан әрі – салық бұйрығы) және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.

Салық кодексінің 128-бабы 2-тармағына сәйкес, жеке тұлға салықтық берешекті өтемеген кезде салық органы осы Кодекстің 115-бабының 1- тармағында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаға табыс етуге жататын салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін аумақтығы бойынша тиісті әділет органдарына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жібереді.

Салық кодексінің 1-бабы 58)-тармақшасына сәйкес, салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты – салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомаларын, сондай-ақ өсімпұл мен айыппұлдардың сомаларын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат болып табылады.

Анықталғандай, 2020 жылы 3 желтоқсанда төленген 2 876 039 теңге салық сомасы аталған автокөліктердің 2018, 2019, 2020 жылдарға есептелген көлік салығына жатқызылған.

Салық төлеуші О[...] электрондық жеке шотына сәйкес, 2022 жылғы ақпан айына салық берешегі 2 536 633 теңгені, өсімпұл сомасы 2 101 950,81 теңгені құрған.

Басқарма тарапынан салық төлеуші О[...] Қазақстан Республикасының Біріктірілген салықтық ақпарат жүйесі бойынша 2020 жылы 20 тамызда №20000179410, 2021 жылы 3 сәуірде №20000256844 хабарламалар жасалып, салық төлеушіге салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды нысанда жолданған және жеткізілген. Басқармамен Салық кодексінің 128-бабы 1-тармағымен көзделген мерзімде жеке тұлғадан берешегін өндіріп алу туралы 2020 жылғы 9 қазанда №21000037079 және 2021 жылы 24 мамырда №21000057763 салық бұйрықтары шығарылған. Демек, сот сатылары талап қою арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы негізді қорытындыға келген. Себебі, салық сомасы талап қоюшы О[...] көлiк құралдарына меншiк құқығында болған кезеңге есептелгені нақты анықталған.

Кассациялық шағымның талап қою мерзімі өтуіне байланысты көлік салығы 2014-2017 жылдарға заңсыз өндірілген деген уәждері негізсіз, себебі Салық кодексінің 48-бабына сай уақытылы есептелген салық сомаларына талап қою мерзімі қолданылмайды. Іс материалдарына қарағанда О[...] 2014-2017 жылдарға көлік салығы уақытында есептелген.

Істің мұндай тұрғысында, жергілікті соттардың О[...] талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы тұжырымдары негізді, дауланған сот актілерін өзгертіуге, күшін жоюға ешқандай негіздер жоқ.

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде, ӘРПК-нің 169-бабын, АПК-тің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Осы әкімшілік іс бойынша қабылданған Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 15 наурыздағы шешімі және Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 шілдедегі қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы О[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші

Н. Қайыпжан

Ж. Ермагамбетова

Судьялар

Д. Токмурзина

Көшірмесі дұрыс

Судья Н. Қайыпжан

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.