ВС РК - Постановление от 17.04.2025 по делу 6001-25-00-6ап/556 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 17 сәуір 6001-25-00-6ап/556 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов,

судьялар – Ш.Т. Даниярова, Е.Ж. Өмірәлиев болып,

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Департамент) өкілі Д.Орманбектің,

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі (бұдан әрі – Басқарма) Ж.Үсеновтың,

мүдделі тұлғалар «Актаева Айжамал Ануарбековна» жеке кәсіпкерінің (бұдан әрі – «Актаева А.А.» ЖК) және «Махамбетова Гульшат Амангельдиевна» ЖК-нің өкілі Б.Сералиевтың қатысуларымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Нурмаханова Н» атауымен әрекет етуші ЖК Нурсулу Китабалаевна Нурмаханованың жауапкерлер Департаментке пен Басқармаға 2024 жылғы 31 шілдедегі №431010000-КпОПО-31-302720 және 2024 жылғы 2 тамыздағы №431010000-КпОПО-32-303035 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды, №2479926-ОК1, №12493309-ОК1, №12487256-ОК1 конкурс қорытындылары туралы хаттамаларды заңсыз деп танып, күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 қарашадағы шешіміне, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы қаулысына мүдделі тұлғалар «Актаева А.А.» ЖК-і мен «Махамбетова Г.А.» ЖК-нің өкілі Б.Сералиевтың кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 қарашадағы шешімімен талап қою арызы ішінара қанағаттандырылған.

Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.

Мүдделі тұлғалар «Актаева А.А.» ЖК-і мен «Махамбетова Г.А.» ЖКнің өкілі Б.Сералиев кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. 2024 жылғы 10 сәуірде Б.Сералиевтен мүдделі тұлға «Махамбетова Г.А.» ЖК-нің кассациялық шағымын кері қайтару туралы өтініш түсті.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 435-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өтiнiшхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы одан бас тартуға немесе өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы. Осыған орай, АПК-нің 442-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасының негізінде өтінішхат, оны берген тұлғаға қайтарылуға жатады.

АПК-нің 444-бабының бірінші бөлігінің 3) тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Мүдделі тұлға «Махамбетова Гульшат Амангельдиевна» жеке кәсіпкерінің өкілі Б.Сералиевтың Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 28 қазандағы шешіміне, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 28 қарашадағы қаулысына келтірген кассациялық шағымы қайтарылсын.

Іс мүдделі тұлға «Актаева А.А.» ЖК-нің өкілі Б.Сералиевтың кассациялық шағымымен қаралсын.

Төрағалық етуші Судьялар

С. Баймаханов

Ш. Даниярова Е. Өмірәлиев

Көшірмесі дұрыс

Судья С. Баймаханов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.