ВС РК - Определение от 08.02.2021 по делу 6001-20-00-3Г/7073 (Гражданское)

6001-20-00-3г/7073

Ұ Й Ғ А Р Ы М

2021 жылғы 8 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Б.Р.Ералиева,

талап қоюшы «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ММ) жауапкерлер М[...], Н[...], Д[...], Х[...], У[...], Сайрам ауданының әкімдігіне, «Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-не, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - КеАҚ) Түркістан облысы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша Сайрам аудандық бөлімшесіне, нотариус А[...], нотариус А[...], дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға «Сайрам ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не Сайрам ауданы әкімдігінің қаулысын, жер учаскесіне өтеулі уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беретін сәйкестендіру актісін, жауапкерлердің арасында жасалған келісім шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2020 жылғы 5 маусымдағы шешімін, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 27 тамыздағы қаулысын қайта қарау туралы жауапкер Х[...] өкілі – Д[...] келтірген өтінішхатын алдын ала қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы :

«Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-сі сотқа талап арызбен жүгініп, онда Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 464 қаулысын, жер учаскесіне өтеулі уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беретін кадастрлық нөмірі [...] сәйкестендіру актісін, «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі мен М[...], Х[...], Н[...], Д[...] арасындағы 2015 жылғы 26 маусымдағы № 243 келісім шартын, М[...], Н[...], Д[...] пен Х[...] арасында 2015 жылғы 3 қарашада жасалған сату-сатып алу келісім шартын жарамсыз деп тануды сұраған.

Сайрам аудандық сотының 2020 жылғы 5 маусымдағы ұйғарымымен «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-нің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін кадастрлық нөмірі [...]

сәйкестендіру актісін жарамсыз деп тану туралы талап арыздың бөлігі бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Аталған соттың 2020 жылғы 5 маусымдағы шешімімен талап қою арызы ішінара қанағаттандырылған. Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 464 қаулысы жарамсыз деп танылып, «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі мен М[...], Х[...], Н[...], Д[...] арасында 2015 жылғы 26 маусымда жасалған келісім шарты және М[...], Н[...], Д[...] пен Х[...] арасында 2015 жылғы 3 қарашада жасалған сату-сатып алу шарты жарамсыз деп танылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 27 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхатта арызданушы іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, соттың тұжырымдары істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылғанына сілтеме жасап, олардың күшін жойып, талап арызды толығымен қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешімді қабылдауды сұраған.

Іс құжаттары мен өтінішхатта келтірілген мән-жайларды зерделеп, арызданушының уәждерін тексеру үшін, судья істі қосымша зерттеу қажет деп санайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 198, 268баптарын басшылыққа алып, судья

Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І :

Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2020 жылғы 5 маусымдағы шешімін, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 27 тамыздағы қаулысын қайта қарау туралы Д[...] өтінішхатының алдын ала қаралуы кейінге қалдырылсын.

Судья Б.Р.Ералиева

Көшірмесі дұрыс Судья Б.Р.Ералиева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.