№6001-23-00-6ап/1105
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 9 қаңтар Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,
судьялар – Ш.Т.Даниярова, Е.Д.Өмірəлиев
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Е[...] жауапкер «Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан əрі – Басқарма) тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен шығару əрекетін заңсыз деп тану жəне келісім шарт жасауға міндеттеу туралы əкімшілік іс бойынша қабылданған,
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2022 жылғы 1 қазандағы шешімі мен Шымкент қалалық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 наурыздағы қаулысына Басқарманың келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен əкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Онда ол халықтың əлеуметтік жағдайы төмен азаматтар тобындағы толық емес отбасы санаты бойынша тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж азаматтар есебінде тұрған. Алайда жауапкер негізсіз тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен шығарғанын көрсеткен.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2022 жылғы 21 қазандағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
Басқармасының Е[...] тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен шығару əрекеті заңсыз деп танылған.
Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Басқарма кассациялық шағымда іс бойынша соттар материалдық жəне процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, шығарылған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.
ӘРПК-ні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рəсімдік-процестік кодексінің (бұдан əрі – ӘРПК) 115 - бабының бірінші бөлігіне сай əкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Жауапкердің сот отырысына техникалық байланыс арқылы қатысуға рұқсат беру туралы өтінішхаттары қанағаттандырусыз қалдырылады, себебі сот отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында өтетіні туралы уақытылы хабарлама жолданған.
Сот алқасы кассациялық шағымның уəждерімен іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау жəне кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тəртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан əрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сəйкес келуге тиiс.
АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дəлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уəждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сəйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға əкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық жəне процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.
Іс материалдарын анықталғандай, талап қоюшы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж тізіміне «Халықтың əлеуметтiк жағынан осал» санаты бойынша 2020 жылғы 24 қарашада кезекке тұрған. Кезектік нөмері 13889.
2021 жылғы 20 желтоқсанында «Отбасы банк» акционерлік қоғамының Шымкент қаласы филиалынан (бұдан қарай - Банк) Басқармаға хаты жолданып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы, [...] келісім шартын жасау үшін тізім жолданған.
Басқарманың 2022 жылғы 30 маусымдағы хатына сəйкес талап қоюшы тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінен шығарылған, себебі талап қоюшының күнкөріс деңгейінің мөлшері 3,1 еселенген мөлшерінен асып кетуіне байланысты бөлінген үйге сатып алу-сату шарты рəсімделмейтіні, ал Банк тарапынан барлық айлық табысы тексеріліп оң нəтиже берілгені анықталған.
Бұл əрекетпен талап қоюшы келспей, сотқа жүгінген.
Жергілікті соттар, жауапкердің əрекеті заңсыз деп танып, хатта талап қоюшыны кезектен шығаруға қандай негіз орын алғаны жөнінде толық мəнжайларды нақтылап көрсетпегенін анықтаған.
Атап айтқанда, жауапкер Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 73-бабында көзделген осы Заңда белгіленген тəртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған жəне есепке қойылған толық емес отбасылар тұрғынжай алғанға дейін есептен шығарып тастауға жатпайтыны жайлы талапты сақтамаған.
Соттардың талап қоюды ішінара қанағаттандыру негіздемелері сот актілерінде толығымен көрсетілген.
Кассациялық шағым өзінің мазмұны мен мəні пікірде келтірілген дəлелдермен, уəждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.
Бұл дəлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тəртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық жəне процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.
Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дəлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша соттарда анықталған мəн-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты жəне мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.
Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.
ӘРПК-нің 169 бабын жəне АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық əкімшілік сотының 2022 жылғы 1 қазандағы шешімі мен Шымкент қалалық сотының əкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 16 наурыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
«Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Судьялар
С. Баймаханов Ш. Даниярова Е. Өмірəлиев
Көшірмесі дұрыс. Судья
Ш. Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.