6001-23-00-6ап/1863
Қ А У Л Ы
2024 жылғы 11 шілде Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,
судьялар Г.К.Нұрбаев, Е.Д.Умралиев болып,
талап қоюшының өкілі У[...] қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы Н[...] жеке сот орындаушысы Б[...] 2023 жылғы 2 наурыздағы қаулысын бұзып, әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісі бойынша,
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 19 сәуірдегі шешіміне және Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы қаулысына жауапкерлердің берген кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 19 сәуірдегі шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
ЖСО Б[...] жеке сот орындаушысының қызметіне төлем ақысын бекіту туралы 2023 жылғы 2 наурыздағы қаулысының күші жойылған. Талаптың ЖСО Б[...] әрекетін заңсыз деп тану туралы бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.
Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.
Жауапкер кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған бірінші және апелляциялық саты соттарының сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды сұраған.
Жауапкер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымға қарсы пікірін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасы (бұдан әрі – сот алқасы) төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
2022 жылғы 28 шілдедегі Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен күшінде қалған 2022 жылғы 29 сәуірдегі Атырау қалалық сотының шешімімен борышкер Н[...] өндіріп алушы Қ[...] пайдасына барлығы 24 073 354 теңге өндірілген.
2022 жылғы 9 тамыздағы жауапкер ЖСО Б[...] қаулысымен борышкер Н[...] берешек өндіру туралы №236/22-23-1561 атқару өндіріс қозғалған (бұдан әрі – №236 атқару өндіріс).
2022 жылғы 6 қыркүйектегі ЖСО Б[...] қаулысымен ЖСО Ж[...] өндірісіндегі борышкерге қатысты басқа атқару өндіріске қосылған.
Осы атқару өндіріс бойынша борышкер ЖСО Ж[...] рұқсатымен жер учаскесі 10 000 000 теңгеге сатып, оның 4 440 000 теңгесін ЖСО Б[...] есеп-шотына аударған.
ЖСО Б[...] 2022 жылғы 7 қыркүйектегі қаулысымен 4 440 000 теңге түскен соманың 355 000 теңгесі ЖСО Б[...] қызметіне төленетін ақы деп белгіленіп, қалған 4 085 000 теңге Қ[...] аударылған.
Яғни, №236 атқару өндірісі бойынша 4 440 000 теңгеге ішінара орындалғандықтан ЖСО Б[...] өз қызметіне 8 пайызын белгілеп 355 000 теңгені алған.
ЖСО тарапынан борышкердің мүліктерін анықтау мақсатында құзырлы органдарға сұраныс хаттары жолданған.
2022 жылғы 4 қазандағы жауапкер ЖСО Б[...] қаулысымен борышкерге өндірістік ғимараты, осы ғимараттағы балық тұздау цехы, тоңазытқыш және балық өңдеу, өнімдерді сақтау цехын пайдалануға, белгілі бір әрекеттер жасауға, бас тұлғаға жалға беруге тыйым салынған (бұдан әрі - 2022 жылғы 4 қазандағы қаулы).
2022 жылғы 26 қазандағы ЖСО-ның қаулысымен борышкермен аталған қаулыларға сотқа дау айту талап берілгендіктен №236 атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұрылған.
2023 жылғы 24 қаңтарда Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 2022 жылғы 4 қазандағы ЖСО Б[...] қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылған Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (әрі қарайсот) 2022 жылғы 22 қарашадағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Аталған соттың шешімі 2023 жылғы 1 наурызда күшіне енген. 2023 жылғы 1 наурызда ЖСО Б[...] қаулысы негізінде атқарушылық іс жүргізу қайта жалғастырылған. Атқарушылық іс жүргізу тоқтата тұрған кезде Атырау қалалық сотының өндірісінде талап қоюшы Қ[...] (өндіріп алушы) жауапкерлер Н[...] (борышкер), К[...] 2022 жылғы 5 қыркүйектегі жауапкерлер арасында жасалған жер учаскесін сатып алу – сату шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралған.
Аталған соттың 2023 жылғы 15 ақпандағы ұйғарымымен жоғарыдағы тараптар арасында партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім келесі шарттармен бекітілген:
жауапкер Н[...] партисипативтік келісім сотпен бекітілген күні талап қоюшы Қ[...] №236 атқару өндірісі бойынша 19 988 354 теңгенің 12 000 000 теңге сомасын қолма қол беруге міндеттенеді;
талап қоюшы Қ[...] жауапкерлер жауапкерлер Н[...], К[...] 05 қыркүйек 2022 жылғы жауапкерлер арасында жасалған жер учаскесін сатып алу – сату шартын жарамсыз деп тану туралы талабынан толығымен бас тартады;
талап қоюшы Қ[...] №2310-22-00-2/5006 санды азаматтық іс бойынша заем шарттарды жарамсыз деп тану туралы талабынан 12 000 000 (он екі миллион) теңге алғаннан кейін бас тартуға міндеттенеді;
талап қоюшы Қ[...] №236 атқару өндірісі бойынша 12 000 000 теңге алғаннан кейін осы өндіріс бойынша қалған 7 988 354 теңгені талап етпейтіні туралы арызды жазуға және оны жеке сот орындаушысы Б[...] тапсыруға міндеттенеді.
2023 жылғы 16 ақпанда өндіріп алушы Қ[...] ЖСО Б[...] өтінішін жолдап, жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша партисипативтік келісімге келіп, борышкер Н[...] қолма қол 12 000 000 теңге алғанын көрсетіп, борышкермен келісімге келу салдарынан атқарушылық өндірісті қысқартуды сұраған.
2023 жылғы 1 наурыздағы ЖСО-ның қаулысымен №236 атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған.
2023 жылғы 2 наурызда ЖСО-ның қызметіне төленетін ақысы 960 000 (12 000 000 * 8 пайыз) теңге мөлшерінде бекітілген (бұдан әрі – ақы туралы қаулы) қаулы қабылданған.
Сот алқасы, жергілікті соттардың жауапкер №236 атқару өндірісі бойынша 12 000 000 теңгені өндіру орын алмаған деген тұжырымымен толық келіседі.
2022 жылғы 26 қазан – 2023 жылғы 1 наурыз аралығында №236 атқару өндірісі тоқтатыла тұрған кезде, яғни 2023 жылғы 15 ақпанда ЖСО Б[...] қатысуынсыз азаматтық іс бойынша партисипативтік келісім сотпен бекітіліп, борышкер Н[...] мен өндіріп алушы Қ[...] 12 000 000 теңгені қолма қол берілетіне өзара келіскен. Осының негізінде төмеңгі сатыдағы соттар әділеттілік өлшемшарттарын басшылықа алып, әкімшілік талапты ішінара қанағаттандыру жайлы негіздемелерін толық көрсеткен. АПК-ның 452 бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Осы Кодекстің 426 бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мән-жайларына сәйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 19 сәуірдегі шешімі және Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 30 мамырдағы қаулысы өзгеріссіз, жауапкер жеке сот орындаушысы Б[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Дуйсенбаев Г.Б. Судьялар Нұрбаев Г.К. Умралиев Е.Д.
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.