Ұ Й Ғ А Р Ы М
2025 жылғы 15 қазан 6003-25-00-2к/2161(111) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, алқа судьялары Д.Д.Махметова, Н.Б.Ормахановтың құрамында, Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 тамыздағы шешіміне, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы қаулысына келтірілген жауапкер М.К.Бекбауовтың кассациялық шағымы бойынша келіп түскен талап қоюшы Кулсара Аманкуловна Кадирбаеваның жауапкерлер Бекжан Керимбаевич Канлибаевқа, Мурат Касымович Бекбауовқа, нотариус Камшат Жуманалиевна Канлыбаеваға қонақ үй ғимараты мен жер учаскесін сату сатып - алу шартын жарамсыз деп тану, ортақ түрде 125 000 000 теңгені өндіру туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен осы іс бойынша бірінші және екінші сатыдағы шығарылған сот актілері өзгертілді.
Кассациялық сот қаулысының кіріспе бөлігінде қаулының шығарылған жылы - 2025 жылдың орнына «2024 жылғы» деген қате жазылу орын алған.
АПК-нің 235 бабына сай сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды түзете алады. Сот қаулыдағы қате жазуларды түзету туралы мәселені өз қалауы бойынша, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға құқылы.
Осы кодекстің 451, 452-бабтарын басшылыққа алып, сот
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың 2025 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысының кіріспе бөлігінде қаулының шығарылған жылы «2024» жылдың орнына - «2025» жыл деп түзетілсін.
Сот актісі ол жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.
Төрағалық етуші Г.С.Джаппарова Судьялар: Д.Д.Махметова Н.Б.Ормаханов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.