№ 6кп-12-19
Қ А У Л Ы
2019 жылғы 5 сәуір Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья А.Қыдырбаева,
судьялар М.Балкен, Б.Шермұхаметов,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Департаменті бөлімінің прокуроры Т[...],
әкімшілік тәртіпке тартылған жеке тұлға М[...] өкілі М[...] қатысуымен,
жәбірленуші Б[...],
кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының 2018 жылғы 28 ақпандағы және Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 26 наурыздағы қаулыларына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынуымен келіп түскен М[...] қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
М[...] 10.01.2018 жылы сағат 15.30 шамасында Түлкібас ауданы, Р[...] ауылы, Қ[...] көшесінің бойында мемлекеттік белгісі [...], маркасы «Toyota Highlander» автокөлігін жүргізіп келе жатып, Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы қағидасының 10-бөлігінің 1-тармағының талабын сақтамастан, жаяу жүргінші жасы кәмелетке толмаған Б[...] сол аяғын басып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Осы жол көлік оқиғасының салдарынан жәбірленуші Б[...] денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келген.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының 2018 жылғы 28 ақпандағы қаулысымен М[...] Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 610-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 67 340 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылған.
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 26 наурыздағы қаулысымен аталған сот актісі өзгеріссіз қалдырылған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынуда соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды ұсынады.
Ұсынудың дәлелдерін қолдаған әкімшілік тәртіпке тартылған жеке тұлға М[...] қорғаушысы М[...], жәбірленуші Б[...] білдірген қарсылықтарын, бірінші және апелляциялық саты қаулыларының күшін жойып, істі қайта қарауға жолдау туралы прокурордың қорытындысын тыңдап, мамандандырылған сот алқасы келесі тұжырымға келді.
ӘҚБтК-нің 840-бабы 1-бөлігіне сәйкес сот қаулысының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мынадай негіздер бар: судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi; әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы; ӘҚБтК-дегі процестік нормалардың елеулi түрде бұзылуы; қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi.
ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға:
қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын;
қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын;
қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.
Ұсыныс мазмұнының дәлелдерін зерделеу ұсынысты қанағаттандыру үшін негіздердің жоқ екенін көрсетеді.
Іс құжаттарынан тіркелген Түлкібас аудандық орталық ауруханасы МКҚК-нің хатына сай, 10.01.2018 жылы сағат 15.45-те Б[...] травматолог А[...] қаралып рентгенге жолдама алған, рентгенге түсіп, сағат 16:40-та кезекші оташы дәрігер М[...], Б[...] «сол жақ аяғының 5-ші саусағы жабық түрде сынғаны» туралы диагноз қойған.
Сот-медициналық сараптамасының 19.01.2018 жылғы № 15 санды қорытындысына сай, жәбірленуші Б[...] денсаулығына «жеңіл» дәрежелі зиян келтірген деп бағаланады.
М[...] іс-әрекеті әкімшілік іске тіркелген құжаттармен, атап айтқанда 13.02.2018 жылы түзілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, 19.01.2018 жылғы №15 санды сот-медициналық куәландыру туралы сот сараптамалық қорытындысымен, жәбірленуші жасөспірім Б[...], жәбірленушінің заңды өкілі К[...] ішкі істер бөліміне жазған арызымен және түсініктерімен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, сызбасымен, іске тіркелген басқа да құжаттармен
өз дәлелін табады.
Басты сот талқылауында М[...] өз кінәсін мойындамаған, алайда алқа сот отырысында берген жауабын әкімшілік жауапкершіліктен құтылу мақсатында айтылған деп есептейді.
Сонымен қатар, ұсынуда жәбірленуші Б[...] өзінің түсініктемелерінде оның аяғын басып кеткеннен кейін ешкімді көмекке шақырмаған, жаяу жүргіншілерден, автокөлікпен өтіп бара жатқан жүргізушілерден көмек сұрамаған, дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне оқиға болғаннан кейін жүгінбеген деген және М[...] оқиға болғаннан кейін сағат 15:50 шамасында жәбірленуші Б[...] базарда еш жарақатсыз жүргені туралы бейнежазбаны сотқа ұсынғаны, онда Б[...] ақсаңдап жүргені байқалмайтыны туралы келтірілген уәждері негізсіз, өйткені сот отырысында сұралған дәрігер
А[...] өз түсінігінде «бірінші күні білінбеген белгілер екінші күні байқалуы мүмкін екенін», сонымен бірге ота дәрігері М[...] «алғашқы сәттерде ет қызуымен адамның жүре беретінін», сарапшы маман Х[...] түскен жарақат, адамның жағдайына байланысты, бір күнен кейін де көгереді» деген түсініктеріне жете баға береді.
Сонымен бірге, ұсынуда сотта сұралған дәрігер А[...] оқиға болған күні сағат 16:30 шамасында Б[...] анасымен бірге ауруханаға келгенін, аяғын қарағанда ешқандай белгілер болмағанын көрсеткен.
Алайда сотта А[...] бұған қоса бала (Б[...]) жылағандықтан рентгенге жібергенін, ертеңіне рентген қорытындысын алып қайтадан көргенде онда ісік және саусақтарында сынық болғаны туралы айтқан.
Ұсынуда жол-көлік оқиғасы бойынша автокөлік және жаяу жүргінші бір бағытта кетіп бара жатқаны, егер де автокөлік жәбірленушінің аяғын басқан жағдайда оның денесіне автокөліктің басқа бөлшектері, нақтырақ айтқанда жанындағы айнасы, бамперы тиетіні мүмкін болу жағдайына тиісті баға берілмегені және сарапталмағаны туралы уәждерін алқа тек болжам ретінде саралайды.
Бірінші және апелляциядағы соттарда М[...] өзіне қатысты әкімшілік істі тоқтатуға негіз болатын, жәбірленушінің дәлелдерін және сараптама қортындыларын жоққа шығаратын және іс бойынша оның кінәсіздігін дәлелдейтін құжаттар мен дәлелдемелер келтірген жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 610-бабында көлік құралын жүргізген адамның жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзуы салдарынан көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және басқа құрылыстары немесе өзге де мүлікке зақым, материалдық залал не зардап шегушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірсе, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
Сот М[...] әкімшілік жаза қолдану кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 56бабының 5, 8-бөлігінің талаптарына сай, жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлі адамның жеке бас мінез құлықтары, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе он төрт жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабының 1 және 4 - бөлігін, 5 - бөлігінің 3) тармағын басшылыққа ала отырып,
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігі бойынша М[...] қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының 2018 жылғы 28 ақпандағы және Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі
сот алқасының 2018 жылғы 26 наурыздағы қаулылары өзгеріссіз, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы қанағаттандыруысыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші А. Қыдырбаева Судьялар М. Балкен
Б. Шермұхаметов
Көшірмесі дұрыс. Судья Б. Шермұхаметов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.