ҚАУЛЫ
2024 жылғы 4 маусым 6001-24-00-6ап/853 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов,
судьялар – Ш.Т. Даниярова, Е.Ж. Өмірәлиев болып,
мүдделі тұлға «А[...]» ЖШС-нің өкілі И[...] қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «КБА[...]» ЖШС-нің жауапкерлер «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-не, «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурс бойынша қорытындылар туралы хаттамасын заңсыз, шартты жарамсыз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы шешіміне, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 25 қаңтардағы қаулысына «А[...]» ЖШС-нің кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюмен жүгінген. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.
«Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің 2023 жылғы 25 тамыздағы №10398007-ОК1 қорытындылар туралы хаттамасы заңсыз деп танылған.
«Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі мен «А[...]» ЖШС-нің арасында 2023 жылы 26 қыркүйекте түзілген құрылыспен байланысты емес жұмыстарды сатып алу туралы №522 шарт жарамсыз деп танылған.
«А[...]» ЖШС-нен мемлекеттің пайдасына 34 500 теңге мемлекеттік баж өндірілген.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 25 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған.
«А[...]» ЖШС-гі кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, талап қоюды арызын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.
Басқа іске қатысушылар сотқа келген жоқ, келмеген себептерін сотқа хабарлаған жоқ. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
ӘРПК-нің 120-бабының бірінші бөлігіне сай тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.
Істі кассациялық тәртіпте қарау барысында, тараптар дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібімен келісу туралы жасалған келісімді (бұдан әрі – медиация келісімі) жазбаша нысанда көрсетіп, оны бекітуді сұрады, атап айтқанда:
«КБА[...]» ЖШС-гі (бұдан әрі – 1-Тарап), «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-сі (бұдан әрі – 2-Тарап), «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі (бұдан әрі – 3-Тарап), «А[...]» ЖШС-гі (бұдан әрі – 4-Тарап) тараптар арасындағы дауды (жанжалды) медиациясы келісімі келесі шарттармен бекітілсін:
1-Тарап 2023 жылғы 25 тамыздағы 2-Тараппен «Шымкент қаласының Қонаев даңғылын (Түркістан көшесінен Жолайрыққа дейін) орташа жөндеу» бойынша ашық тәсілмен өткен конкурстың жеңімпазы болып №10398007ОК1 конкурстың қорытынды хаттамасымен танылған 4-Тарап екендігіне толығымен келіседі;
1-Тарап 2023 жылғы 29 қыркүйектегі 3-Тарап пен 4-Тарап арасындағы құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы №522 шартқа (бұдан әрі – 522 шарт) сәйкес бүгінгі таңда 51%-дан астам жұмысының атқарылып орындалуына байланысты «Шымкент қаласының Қонаев даңғылын (Түркістан көшесінен Жолайрыққа дейін) орташа жөндеу» бойынша жұмыстарды әрі қарай осы №522 шартты заңды күшінде қалдыра отырып, 4-Тарап жұмыстарды жүргізуіне толығымен келіседі;
1-Тарап 2023 жылғы 25 тамыздағы №10398007-ОК1 конкурстың қорытынды хаттамасын заңсыз деп тану және 2023 жылғы 29 қыркүйектегі 3- Тарап пен 4-Тарап арасындағы №522 шартты жарамсыз деп тану туралы талаптардан бас тартады және осы дау бойынша келешекте сотқа талап қоюмен жүгінбеуге, наразылық келтірмеуге, шағымданбауға міндеттеледі;
1-Тарап медиативтік келісімнің 3 шартын орындамаған жағдайда осы шартты бұзумен байланысты келтірген сәтке дейінгі материалдық шығындарды жауапкер талап қоюшыдан сот тәртібінде өндіруге құқылы.
Сот алқасы тараптар ұсынған медиация келісімінің талаптарын, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
Ұсынылған медиация келісімінің талаптары «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының талаптарына сәйкес келеді және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.
Медиация келісімін бекітуінің және осы негізде талапты қайтарудың медиация рәсіміне қатысушы адамдардың сотқа қайта жүгінуіне кедергі келтіретін салдары түсіндірілген.
Істің бұл тұрғысында, сот алқасы тараптар арасында жасалған медиациялық келісімді бекітіліп, іс бойынша қабылданған бірінші және апелляциялық сатылардың сот актілерінің күші жойылып, талап қою қайтарылуға жатады деп санайды.
АПК-нің 109-бабына сәйкес сот өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді. Кассациялық шағым беру кезінде «А[...]» ЖШС-нің 2024 жылғы 14 ақпандағы №41 түбіртегіне сай бюджетке 18 460 теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеген, ол «А[...]» ЖШС-не мемлекеттік бюджеттен қайтарылуға жатады.
ӘРПК-нің 121-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 6) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы шешімінің, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 25 қаңтардағы қаулысының күші жойылсын. «КБА[...]» ЖШС-гі, «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-сі, «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі, «А[...]» ЖШС-гі арасындағы дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібімен келісу туралы келісім келесі шарттармен бекітілсін:
1-Тарап 2023 жылғы 25 тамыздағы 2-Тараппен «Шымкент қаласының Қонаев даңғылын (Түркістан көшесінен Жолайрыққа дейін) орташа жөндеу» бойынша ашық тәсілмен өткен конкурстың жеңімпазы болып №10398007ОК1 конкурстың қорытынды хаттамасымен танылған 4-Тарап екендігіне толығымен келіседі;
1-Тарап 2023 жылғы 29 қыркүйектегі 3-Тарап пен 4-Тарап арасындағы құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы №522 шартқа сәйкес бүгінгі таңда 51%дан астам жұмысының атқарылып орындалуына байланысты «Шымкент қаласының Қонаев даңғылын (Түркістан көшесінен Жолайрыққа дейін) орташа жөндеу» бойынша жұмыстарды әрі қарай осы №522 шартты заңды күшінде қалдыра отырып, 4-Тарап жұмыстарды жүргізуіне толығымен келіседі;
1-Тарап 2023 жылғы 25 тамыздағы №10398007-ОК1 конкурстың қорытынды хаттамасын заңсыз деп тану және 2023 жылғы 29 қыркүйектегі 3- Тарап пен 4-Тарап арасындағы №522 шартты жарамсыз деп тану туралы талаптардан бас тартады және осы дау бойынша келешекте сотқа талап қоюмен жүгінбеуге, наразылық келтірмеуге, шағымданбауға міндеттеледі;
1-Тарап медиативтік келісімнің 3 шартын орындамаған жағдайда осы шартты бұзумен байланысты келтірген сол сәтке дейінгі материалдық шығындарды жауапкер талап қоюшыдан сот тәртібінде өндіруге құқылы.
Талап қоюшы «КБА[...]» ЖШС-нің жауапкерлер «Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-не, «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не, «А[...]» ЖШС-не конкурс бойынша қорытындылар туралы хаттамасын заңсыз, шартты жарамсыз деп тану туралы берілген талап қоюымен қозғалған әкімшілік іс бойынша дауды сот медиация тәртібімен келісім бекітілуіне байланысты қайтарылсын.
Тараптарға олардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіні түсіндірілсін.
«А[...]» ЖШС-нің пайдасына мемлекеттік бюджеттен 18 460 теңге төленген мемлекеттік бажы қайтарылсын.
Төрағалық етуші С. Баймаханов
Судьялар Ш. Даниярова Е. Өмірәлиев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.