Қ А У Л Ы
2025 жылғы 24 желтоқсан №6003-25-00-2к/3492 Астана қаласы Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар Даненова А.А., Токсанбаев А.Б., талап қоюшының өкілі Т.Сайткалиев, жауапкер Самбаева Д.А., оның өкілі К.Мамметкалыев, жауапкер Мұнайлы ауданының әкімдігінің өкілі Ж.Имамуратов, үшінші тұлға Самбаева С.,
бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Метирбаев Жанабай Аманжоловичтің жауапкерлер Самбаева Дамегул Изгалыевнаға, «Мұнайлы ауданының әкімдігі» мемлекеттік мекемесіне берген кепіл шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық сотының 2025 жылғы 20 наурыздағы шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 мамырдағы қаулысына талап қоюшының өкілінің келтірген кассациялық шағымдарымен қарап,
АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық сотының 2025 жылғы 20 наурыздағы шешімі және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 28 мамырдағы қаулысы күшінде, талап қоюшының өкілінің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья
Судьялар
Ғ.Бастаубаев А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.