ВС РК - Постановление от 19.10.2023 по делу 6001-23-00-3Г/4341 (Гражданское)

№ 6001-23-00-3г/4341

ҚАУЛЫ

2023 жылғы 19 қазан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы М.Т. Балкен талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан обылысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Жер ресурстарын басқару департаменті) жауапкерлер «Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Әкім аппараты), «Бөкей ордасы ауданы жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Жер қатынастары бөлімі), «Г[...]» З[...] шаруа қожалығына, «ГН[...]» «Г[...]» Нұржан З[...] шаруа қожалығына жер учаскелерін жалға беру туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2023 жылғы 10 мамырдағы қаулысын қайта қарау туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан обылысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің өтінішхатын алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, жергілікті атқарушы органның тарапынан жер учаскесі сауда-саттықсыз берілгенімен негіздеген.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2023 жылғы 10 мамырдағы қаулысымен заңды күшіне енген Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 23 ақпандағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Өтінішхат иесі сот актілерімен келіспейтіндігін, соттың тұжырымдары істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, аталған сот актілерінің күшін жойып, талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттар тарапынан мұндай заң бұзушылықтарға жол берілгені туралы өтінішхат иесінің уәждері кассациялық сатының сот отырысында зерттеліп қаралуға негіз бар.

Іс құжаттарынан, 2017 жылғы 14 тамыздағы Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының қаулысымен «ГН[...]» - «Г[...]» Нуржан Зейнуллиновичке шаруа қожалығына Б[...] ордасы ауданы, Саралжын ауылдық округінен көлемі 1200 гектар, соның ішінде жайылым - 1198 гектар, басқа жер - 2 гектар жер учаскесі шаруа қожалығын жүргізу үшін өтеулі жер пайдалану құқығымен 49 жыл мерзімге жалға берілгені анықталған.

Осы қаулының негізінде 2017 жылы 28 тамызда Жер қаныстары бөлімі және «ГН[...]» шаруа қожалығы арасында жер учаскесін жалға алу шарты жасалған.

Дегенмен, 2021 жылы 12 қазанда «ГН[...]» шаруа қожалығының басшысы «Г[...]» Нұржан Зейнуллаұлының денсаулық жағдайына байланысты өзінің ұлы З[...] тағайындап, 2021 жылғы 4 қарашадағы Әкім аппаратының қаулысымен жоғарыда аталған қаулыға шаруа қожалығының басшысы З[...] деп өзгеріс енгізілген.

Осы өзгертілген қаулының негізінде 2021 жылы 17 қарашада Жер қаныстары бөлімі және «Г[...]» шаруа қожалығының басшысы З[...] арасында жер учаскесін жалға алу шарты жасалған.

Алайда, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасымен тексеру жүргізіліп, аталған жер учаскесінің сауда-саттықсыз берілгені анықталған, нәтижесінде 2022 жылдың 19 қыркүйегінде Жер ресурстарын басқару департаментіне жіберілген заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жолданған. Жер ресурстарын басқару департаментінің 2022 жылғы 10 қазандағы актісінің негізінде жүргізілген тексерудің нәтижесінде аталған жер учаскесінің сауда-саттықсыз беріліп, Қазақстан республикасы Жер кодексінің 48-бабының талаптары бұзылғаны анықталған. Бұл туралы 2022 жылы 10 қазанда ұйғарым шығарылып, Әкім аппаратына орындауға жолданған. Бірақ, ұйғарымда аталған бұзушылықтар жойылмаған.

Талап қоюшының сотқа жер учаскесін жалға беру шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінуіне аталған ұйғарымның орындалмауы себеп болған.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде, жер учаскесінің сауда-саттықсыз берілгенін және аталған шарттың 2017 жылы жасалғанын біле тұра, талап қоюмен тек 2022 жылдың желтоқсан айында ғана жүгініп, талап қою мерзімінің өткенімен негіздеген.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың бұл тұжырымдарымен келісе отырып, талап қоюшы өзінің өкілеттігі шегінде жер заңнамасындағы жіберілген бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, талап қою арқылы бұзушылықтарды жоймағанымен түйіндеген. Өтінішхат иесі жергілікті соттардың мұндай тұжырымдарымен келіспей, олардың істі бір жақты қарағанын уәждеп, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы, 3-тармағының 3) тармақшасына сілтеме жасай отырып, мемлекеттік мекемелер немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері түскен жағдайда, яғни тексеру негіз болған кезде ғана бақылау амалдарын жүзеге асыратынын көрсеткен.

Сондықтан, осы заңның талаптарына сәйкес прокуратураның 2022 жылғы ұсынымы негізінде тексеріс жүргізіліп, заң бұзышылықтарды сол кезде ғана анықтағанымен уәждеген.

Сонымен бірге, арызданушы өтінішхатта жүргізілген тексерістің нәтижесінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының талаптарының бұзылғаны анықталуына байланысты, сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгінгенін көрсеткен.

Жоғарыда аталған мән-жайлар сот отырысы барысында зерттеліп, толығымен дәлелденгенін және жоғарыда аталған заң талаптарын негізге ала отырып, бірақ оны дұрыс қолданбағанын өтінішхатта келтірілген. Іс материалдарын алдын ала зерделеу, арызданушының өтінішхатында келтірген уәждері және жоғарыда көрсетілген түйіндер дау айтылған сот актісін қайта қарау үшін кассациялық сатының сот мәжілісінде қарауға жататын негіздер бар екенін көрсетеді.

АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2023 жылғы 10 мамырдағы қаулысын қайта қарау туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан обылысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің өтінішхаты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын. Судья М.Т.Балкен Көшірмесі дұрыс Судья М.Т.Балкен

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.