Қ А У Л Ы
2025 жылғы 14 қазан 6003-25-00-2к/1148 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші С.К. Нурабай, судьялар Л.С.Алпысова, Л.Б.Мамырбаева, талап қоюшы Т[...], оның өкілі Б[...] , жауапкер Д[...], оның өкілі У[...], жауапкер К[...], нотариус Е[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Т[...] жауапкер Д[...] отбасы мүшелерімен тұрғын үйден басқа тұрғын жай берместен шығару, қарсы талап қоюшы Д[...] жауапкерлер Т[...], К[...] сатып алу-сату шарттарын және сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық істі талап қоюшы Т[...] Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының 2025 жылғы 29 қаңтардағы шешіміне, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 сәуірдегі қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Т[...] сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, оның меншік иесі ретінде құқығы бұзылғанын, жауапкер отбасымен өз еркімен үйді босатпай отырғанын көрсеткен.
Өз кезегінде, жауапкер Д[...] сотқа қарсы талап қоюмен жүгініп, оның қарыз мәмілесін 2017 жылғы 17 тамыздағы К[...] екеуінің арасындағы сатып алу-сату шартымен бүркемелегендігін көрсеткен.
Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының 2025 жылғы 29 қаңтардағы шешімімен Т[...] Д[...] тұрғын үйден отбасы мүшелерімен шығару туралы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.
Д[...] сатып алу-сату шарттарын және сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюы қанағаттандырылған. Т[...], К[...] Д[...] пайдасына үлестік тәртіпте мемлекеттік баж өндірілген.
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен аталған шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы Т[...] кассациялық шағымда істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылғанын, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңбері дұрыс анықталмағанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды, оның талап қоюын толығымен қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұрады.
Кассациялық сот шағымды қолдаған талап қоюшы Т[...], оның өкілі Б[...], жауапкер К[...], шағымға қарсылық білдірген жауапкер Д[...], оның өкілі У[...], шешімді соттың құзыретіне қалдырған нотариус Е[...] тыңдап,
шағымның уәждерін талқылап, іс-құжаттарын зерделеп, келесі қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Іс құжаттарына сәйкес 2006 жылғы 17 сәуірдегі сыйға тарту шартының негізінде Д[...] атында Түркістан облысы, [...] тұрғын үй жер учаскесімен (әрі қарай - даулы тұрғын үй) 2006 жылғы 19 сәуірде уәкілетті органда тіркелген.
2015 жылғы 21 қыркүйектегі қарыз шартына сәйкес, қарыз беруші К[...] қарыз алушы Д[...] 1 000 000 теңге ақша қаражатын 2016 жылғы 21 қыркүйекке дейін қарызға берген.
Түлкібас аудандық сотының 2017 жылғы 19 сәуірдегі ұйғарымымен осы сотының 2016 жылғы 30 қарашадағы сот бұйрығының негізінде борышкер Д[...] өндіріп алушы К[...] пайдасына 1 000 000 теңге қарыз ақша өндірілген сот бұйрығының күші жойылған.
2017 жылғы 17 тамыздағы тұрғын үйді сатып алу-сату шартына сәйкес, даулы тұрғын үйді сатушы Д[...] сатып алушы К[...] жұбайы К[...] келісімімен 1 000 000 теңгеге сатып алған, шарт уәкілетті органда тіркелген.
2023 жылғы 22 мамырдағы сыйға тарту шартына сәйкес, сыйға беруші К[...] жұбайы К[...] келісімімен сыйға алушы К[...] даулы тұрғын үйді сыйға берген, шарт уәкілетті органда тіркелген. 2023 жылғы 9 маусымда К[...] қайтыс болған.
2024 жылғы 22 тамыздағы тұрғын үйді сатып алу-сату шартына сәйкес, даулы тұрғын үйді сатушы К[...] сатып алушы Т[...] 10 000 000 теңгеге сатқан, шарт уәкілетті органда тіркелген.
Жергілікті соттар 2017 жылғы 17 тамыздағы даулы үйді жер учаскесімен сатып алу-сату шарты Д[...] К[...] алдындағы 1 000 000 теңге қарызын қайтару міндетін бүркемелеу мақсатында жасалғандықтан талап қою қанағаттандырудан бас тартылуға, ал қарсы талап қою қанағаттандыра отырып, келесі мән-жайларды негізге алған.
Д[...] азаматтық некедегі зайыбы О.А.Б[...].К[...][...] ауылындағы орталық базардан азық-түлікті қарызға алып, 1 000 000 теңге қарыз болғаны, Б[...] Ресей азаматы болғандықтан қарыз шарты Д[...] жасалғаны, одан кейін қарыз шартына сәйкес сот бұйрығы шыққаны, сот бұйрығы бұзылғаны, қарызды өтеу
үшін Д[...] К[...] тұрғын үйді сатып алу-сату шарты жасалғаны жергілікті соттармен анықталған.
Сонымен қатар, іске тіркелген заем шарты, сот бұйрығы, төлем түбіртектері, оның ішінде Д[...] даулы үйдің электр жарығына, газға өз атынан 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін төлем салықтарын төлеп келгенімен дәлелденіп, АПК-нің 63-бабына сәйкес қарсы талап қоюды қуаттайтын дәлелдемелер болып табылған.
Сондай-ақ, Д[...] даулы үйді сатуға ниеті болмағаны даулы мәмілені жасағанға дейін оны сату мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулар орналастыру, риэлторлық кеңсеге жүгіну арқылы іс-әрекеттер жасамағаны, Д[...] даулы үйде отбасы мүшелерімен 19 жылдан бері тұрақты түрде тұратындығы анықталған. 2015 жылғы 21 қыркүйектегі К[...] Д[...] арасындағы қарыз шарты 2017 жылғы 17 тамыздағы Д[...] мен К[...] арасындағы тұрғын үйді сатып алу-сату шартымен бүркемеленген.
Жергілікті соттар 2017 жылғы 17 тамыздағы Д[...] мен К[...] арасындағы тұрғын үйді сатып алу-сату шартын, осы шарт негізінде жасалған 2023 жылғы 22 мамырдағы сыйға тарту шартын және 2024 жылғы 22 тамыздағы тұрғын үйді сатып алу-сату шартын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 157, 158, 160баптарына және Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының 7 шілде 2016 жылғы №6 «Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 20, 21-тармағының талаптарына сәйкес жарамсыз деп танығаны заңды.
Т[...] талап қоюының негіздемесі ретінде берген 2024 жылғы 22 тамыздағы тұрғын үйді сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылғандықтан, Д[...] отбасы мүшелерімен тұрғын үйден басқа тұрғын жай берместен шығару туралы талап қоюды дұрыс қанағаттандырусыз қалдырған.
Талап қоюшы Т[...] 2017 жылғы 17 тамыздағы Д[...] мен К[...] арасындағы тұрғын үйді сатып алу-сату шарты бойынша АК-нің 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өтіп кетті деген уәжі негізсіз.
АК-нің 187-бабының 4-тармақшасына сәйкес талап қою егер меншiк иесiнiң немесе өзге заң иеленушiнiң өз құқығының кез келген бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмаса (осы Кодекстiң 264, 265-баптары), олардың осы құқық бұзушылықты жою туралы талабына қолданылмайды.
Д[...] иелігіндегі даулы үй оның иелiгінен айыруына байланысты болмағандықтан, талап қою мерзiмi өтпеген деп есептеледі.
Бірінші сатыдағы сот қарсы талап қою шегінен шығып кетті деген Т[...] уәжі негізсіз, өйткені 2024 жылдың 25 қарашасында Д[...] қарсы талапты нақтылап 2024 жылғы 22 тамыздағы сату сатыпалу шартын жарамсыз деп тануды сұраған (і.б. 106-107 т.1).
Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.
Сондықтан дауланып отырған сот актілері өзгеріссіз, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының 2025 жылғы 29 қаңтардағы шешімі, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 24 сәуірдегі қаулысы күшінде, талап қоюшы Т[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
С.К.Нурабай
Төрағалық етуші:
Судьялар:
Л.С.Алпысова
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.